Маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы N 499 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы"»Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қазғарыш" ұлттық компаниясы»акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігінің "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2007 жылға "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы 1513 Жарлығымен бекітілген "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 712660000 (жеті жүз он екі миллион алты жүз алпыс мың) теңге сомасына сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалу қағидатын сақтауды, сондай-ақ«"Мемлекеттік сатып алу туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 14 маусымдағы
N 499 қаулысына  
қосымша      

"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі

"Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      1. Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық
бюросын құру.
      2. Төменгі жер маңындағы және геостационарлық орбитада ғарыш аппаратының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін әмбебап ғарыш тұғырнамасын құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу.
      3. Ұлттық ғарыш жүйесінің Жерді қашықтықтан зондтайтын ғарыш аппаратының нобайлық жобасын әзірлеу.
      4. Ғылыми мақсаттағы ғарыш аппаратын құру жөнінде жобалық материалдар әзірлеу.
      5.«"Сарышаған" полигонының оптикалық және радиотехникалық құралдары базасында Қазақстан Республикасының командалық-өлшеу кешенін құру.
      6. Старт алатын зымыран тасығыштар туралы ұшу ақпаратын көрсету орталығын құру.

"Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      7. Ғарыш кеңістігі радиациялық мониторингінің халықаралық жүйесін құруға қатысу.
      8. Дағдарысты элементтердің жергілікті экрандары (қорғаныш корпустар) есебінен аппаратураның арнайы тізімділігін және ғарыш сәулесінің әсеріне қорғаныш экрандарының ресурстық сынақтарын жүргізуді қамтамасыз ету.
      9. Арнайы төзімді және экстратемператураға төзімді электронды құрамдас бөлігінің базасын әзірлеу және енгізу әрі ғарыш сәулесінің әсеріне ресурстық сынақтар жүргізу.
      10. Алматы қаласындағы "Ғарыш станциясы" эксперименталдық базасын жаңғырту.
      11. Микрогравитация жағдайында металдардың сұйық және қатты күйіндегі термодиффузиясын зерделеу жөнінде зерттеулер жүргізу.
      12. Жоғары атмосферадағы оптикалық құбылыстарды зерделеу жөнінде кешенді зерттеулер жүргізу.
      13. Жоғары организмдер геніне ғарыштық ұшу факторлары әсерінің молекулярлық-биологиялық тетіктерін зерделеу жөнінде зерттеулер жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы орнықты желілерін құру.
      14. Микрогравитация мен артық күш түсуі жағдайында адамды қорғаудың химиялық, биохимиялық және психофизикалық әдістерін әзірлеу.
      15. Ғарышкерлер организмінің мүмкіндігін арттыратын мамандандырылған өнімдер мен биологиялық белсенді қоспалар әзірлеу және оларды ХҒС бортына жеткізуді ұйымдастыру.
      16. Аэроғарыш бағыты бойынша мамандарды қашықтықтан оқыту технологиясын әзірлеу және енгізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады