"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 маусымдағы N 501 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі
N 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Бүркітбаев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Серік Мінуарұлы               көмекшісі

Тәжин                       - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Марат Мұханбетқазыұлы         істер министрі

Оразбақов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы              және сауда министрі

Питер Тильс                 - "Дойче Банк Франкфурт" басқарушы
                              директоры, Орталық және Шығыс Еуропа
                              бойынша бас атқарушы директоры

Фаузи Кириакос-Саад         - "Кредит Свис Групп", Ресей, ТМД
                              елдері және Орталық Азия бойынша бас
                              атқарушы директоры
      мына:

"Мәсімов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы             Министрінің орынбасары"

"Мусин                      - Қазақстан Республикасының Экономика
Аслан Есболайұлы              және бюджеттік жоспарлау министрі"

"Школьник                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич            және сауда министрі"

"Алберс Марк                - "Эксон Мобил Продакшн" компаниясының
                               президенті"

"Джордж Киркланд            - "ШевронТексако" корпорациясының барлау
                              және өндіру жөніндегі атқарушы
                              вице-президенті"

"Машкевич                   - Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығының
Александр Антонович           президенті"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Мәсімов                    - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы             Министрі"

"Мусин                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Аслан Есболайұлы              Министрінің орынбасары - Экономика
                              және бюджеттік жоспарлау министрі"

"Школьник                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Владимир Сергеевич            Әкімшілігі Басшысының орынбасары"

"Алберс Марк                - "Эксон Мобил Девелопмент"
                              компаниясының президенті"

"Джордж Киркланд            - "Шеврон" корпорациясының барлау және
                              өндіру жөніндегі атқарушы
                              вице-президенті"

"Машкевич                   - "Eurasian Natural Resources
Александр Антонович           Corporation PLS" компаниясы
                              Директорлар кеңесінің төрағасы"

      көрсетілген Кеңесінің құрамынан: Даниал Кенжетайұлы Ахметов, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев, Тесен фон Хайдебрек, Освальд Грюбель шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады