Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 185-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мыналарға:
1) 2024 жылға дейін қоса алғанда өтеу мерзімін өзгерте отырып, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 8 маусымдағы N 3725 Қарыз туралы келісіммен анықталған көлемде Қазақстан Республикасы қалалық көлігіне арналған қарыз шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан облысы арасындағы 2000 жылғы 7 тамыздағы келісімге сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысына;
2) 2009 жылға дейін қоса алғанда өтеу мерзімін өзгерте отырып, Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 6 мамырдағы келісіммен анықталған көлемде»"Қоғамдық жолаушы көлігіне арналған автобустар" қарыз шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Павлодар облысының әкімі арасындағы 1995 жылғы 27 қарашадағы келісімге сәйкес Павлодар облысына берілген бюджеттік кредиттер қайта құрылымдалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдері осы қаулыға сәйкес 1-тармақта көрсетілген келісімдерге қосымша келісімдер жасасуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі