Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 545 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1511 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30.  № 1714 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесі;
      2) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30.  № 1714 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерлік қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 38, 365-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 206-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 және 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1347 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 46, 463-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 545 қаулысымен  
бекiтiлген     

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1714 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Ветеринария саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары

      1. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
      1) заңды тұлғаның штатында (кемінде бір ветеринар дәрігер немесе фельдшер) «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (бірінші басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген тегі, аты, әкесінің атын қамтитын жиынтық кесте);
      2) жеке тұлғада «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімінің және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімінің;
      3) жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік үй-жайлардың (өндірістік үй-жайға құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу шартының салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшірмелері) болуын қамтиды.
      2. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде қосымша:
      1) ветеринариялық препараттарды өндіруді және бақылауды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттамалардың (ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі нұсқаулық, өндірушінің басшысымен бекітілген, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен тіркеуден өткізілген, өндірілетін немесе сатылатын ветеринариялық препараттарға арналған техникалық шарттар, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі басшылық, микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штаммаларының паспорты);
      2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, өндірілетін ветеринариялық препараттардың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық препараттар өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы талап етеді.
      3. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шиізаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау жөніндегі ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде қосымша сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттардың (стандарттар, әдістемелік нұсқаулар), сондай-ақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізуге арналған өлшеу, сынау жабдықтарының болуы талап етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады