Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 571 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертуі. Бұл Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысында :

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 133-2, 133-3, 183-1, 195-1, 195-2-жолдармен толықтырылсын:

"133-2   Кемелерге арналған бұрамалар, олардың   8485 10 100 0-ден
         қоладан жасалған қалақтары*

133-3    Кемелерге арналған басқа да бұрамалар   8485 10 900 0-ден
         және олардың қалақтары*

183-1    Фитингті платформалар, контрейлерлік    8606 99 000 0-ден
         платформалар*

195-1    Терминалдар мен порттарда контейнерлерді
         жылдамдықпен ауыстыруға арналған
         тіркеме-платформалары бар арнайы        8709 11 900 0-ден
         тартқыш тракторлар, электрлі*

195-2    Терминалдар мен порттарда контейнерлерді
         жылдамдықпен ауыстыруға арналған
         тіркеме-платформалары бар арнайы
         тартқыш тракторлар, өзге де*           8709 19 900 0-ден";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен;

      3) Ескерту. 3) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. .

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады