"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар Астана қаласы, Алматы ауданы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, N 35 көше, N 6 үй, 10-бөлік мекен-жайында орналасқан ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.
2. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі 2007 жылға арналған қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі