"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 шілдедегі N 587 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская Правда" газеттерінде жарияланған "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-бапта:
      тақырыбындағы "Мұрағаттарды" деген сөз "Құжаттарды, мұрағаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "Мұрағаттарды" деген сөз "Құжаттарды, мұрағаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жүргізіледі" деген сөз алып тасталып, "негізінде" деген сөзден кейін "мынадай өлшемдер бойынша жүргізіледі:
      құжаттың шығу тегі;
      құжаттың мазмұны;
      құжаттың сыртқы ерекшеліктері." деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптауды, уәкілетті орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді.";
      3-тармақтың 2) тармақшасында "мұрағаттарды" деген сөздің алдынан "құжаттарды," деген сөзбен толықтырылсын;
      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "келісімінсіз жоюға рұқсат етілмейді." деген сөздер "келісімінсіз;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жеке меншіктегі құжаттарды уәкілетті органның немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға рұқсат етілмейді.";
      2) 18-бапта:
      1-тармақта:
      14) тармақшадағы "сақтауды ұйымдастыру мәселелеріне" деген сөздер "сақтауға" деген сөзбен ауыстырылып,»"басшылық жасау" деген сөздерден кейін "және олардың жай-күйін бақылау" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелерін бекіту;
      18) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын, сақтау мерзімдері көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесін бекіту;
      19) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту."
      2-тармақта:
      8) тармақшадағы "ұйымдарында" деген сөзден кейін "іс жүргізудің және" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақшадағы "ұйымдастыру жатады" деген сөздер "ұйымдастыру" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту жатады."
      3) 18-1-бапта:
      3-тармақтағы "он бес" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 1-құжат, 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар
      1. Электрондық құжат электрондық құралдармен құрылуы, жіберілуі, сақталуы және берілуі мүмкін. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
      2. Электрондық құжат ақпараттық-қатынас желісі арқылы берілген сәтінен бастап жіберілген болып есептеледі.
      3. Ұйымға кірген электрондық құжат адресаттың ақпараттық жүйесінде белгіленгеннен кейін түскен болып есептеледі.
      4. Алынғаны туралы хабарламада электрондық құжат қабылдау уақыты мен дерегі және жөнелтуші туралы мәліметтер болуға тиіс. Авторға оның алынғаны туралы хабарлама келмеген жағдайда, адресат құжатты алмаған болып есептеледі.
      5. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер бар электрондық құжаттарды қолдану, қорғау, тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленеді.".
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады