Маңызды стратегиялық мәні бар қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 шілдедегі N 590 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қор) акциялар пакетінің (қатысу үлестерінің) жүз пайызы қорға тиісті заңды тұлғаларға (бұдан әрі - еншілес ұйымдар) сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар Астана қаласы, Алматы ауданы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, N 35 көше, N 6 үй, 10-бөлік (бұдан әрі - ғимарат) мекен-жайында орналасқан ғимаратта офистік үй-жайларды жалға беру жөнінде қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.

      2. Еншілес ұйымдар (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қормен ғимараттағы офистік үй-жайларды жалға алу жөніндегі 2007 жылға арналған қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады