Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы
N 392 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 201-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлыққа N 8 қосымшада:
"Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (мемлекеттік өртке қарсы қызмет мәселелерін басқаратын) - ішкі қызмет генерал-майоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы - ішкі қызмет генерал-майоры".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті