Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 643 Қаулысы

      "Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338  Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат)  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда:
      "Маңғыстау" деген жолдағы "1223" деген сандар "1285" деген сандармен ауыстырылсын;

      "ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "47424" деген сандар "47486" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Маңғыстау облысының әкімі:
      1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады