Маңызды стратегиялық мәні бар қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 644 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2007 жылы мемлекеттік орта білім беру жүйесінде интерактивті оқыту жүйесін енгізу үшін 1042043000 (бір миллиард қырық екі миллион қырық үш мың) теңге сомасында сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды; 
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшалай қаражатты ұтымды және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабы 3 және 4-тармақтарының орындалуын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 ақпандағы N 126  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 4, 58-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "076 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      4-тармақта "министрлігі" деген сөзден кейін "білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                           2007 жылғы 30 шілдедегі
                                              N 644 қаулысына
                                                  қосымша

        2007 жылы мемлекеттік орта білім беру жүйесінде
    интерактивті оқыту жүйесін енгізу үшін сатып алудың
     маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстар
                 мен қызметтерді жеткізушілер
                            тізбесі

Р/с N Жеткізу-шінің атауы Жеткізу-шінің орналас қан жері Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы Бағдар-лама бойынша шығын-
дар (теңге)

Интерактив-ті оқыту желісі

Хабар тарату желісі

Бейнекон-
еренц-
байланыс
желісі


1

2

3

4

5

6

7

1

"Қазақ- стан" АҚ

Астана қаласы

307 мектеп үшін 50% жеңілдікпен АDSL-желі- сіне(512кб/ сек)қосылу, "Қазақтеле-ком" АҚ алаңында серверді орналасты- ру, қызмет-
тер үшін абоненттік ақы

"Қазақте-
леком" АҚ
алаңында
серверді
орналасты-
ру, бейне-
конференц- байланыс
жүргізу
үшін VPN
желісін
құру

Бейнекон-ференц- байланыс желісін ұйымдас-
тыру

79 784
000

2

"Nurecom
LTD" ЖШС

Астана қаласы

307 мектеп үшін ADSL технология-сы бойынша қосу қажет жабдықтар және бағ-
дарламалық қамтамасыз ету (интер-
активті тақта, пульт, планшетка, мультипро- ектор, компьютер, бағдармалық қамтамасыз ету), модем
сатып алу, педагогтар- ды оқыту, айналы сервер сатып алу және орнату

Сервер сатып алу және орнату

MCU жабдықта-рын+бейнетерминал (Астана қаласы), бейнетер-минал (өңірлер бойынша) сатып алу және орнату

96225900
0


Жиыны                                          1 042043000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады