Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бiлiм беруге бөлiнетiн 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 ақпандағы N 126 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  19-бабын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бiлiм беруге бөлiнетiн 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекiтiлген сомаларын аударуды;
      2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану мониторингiн қамтамасыз етсiн.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
      2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне 25 ақпанға дейiнгi мерзiмде осы қаулымен бекiтiлген Ереженiң 5-тармағында көзделген ақпаратты ұсынуды;
      3) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                            2007 жылғы 20 ақпандағы
                                                N 126 қаулысымен
                                                     бекiтiлген

  Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бiлiм беруге бөлiнетiн 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi

      1. Осы Ереже республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi мынадай республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша пайдалану тәртiбiн айқындайды:
      015 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердегi физика, химия, биология кабинеттерiн оқу жабдығымен жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      026 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне арнайы (түзету) бiлiм беру ұйымдарын арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң үлгiлiк штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      029 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан пайдалануға берiлетiн бiлiм беру объектiлерiн ұстауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      033 "Облыстық бюджеттерге балалардың тестiлеу пункттерiне жеткiзудi, онда тамақтандыруды және онда тұруын ұйымдастыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      034 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердi Интернетке қосуға және трафигiне ақы төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      035 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне орта бiлiм беретiн мемлекеттiк ұйымдардың кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуға және жеткiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" (оның iшiнде кiшi бағдарламалар бойынша):
      100 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуға және жеткiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      101 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк орта бiлiм беру ұйымдарының кiтапхана қорларын жаңарту үшiн мемлекеттiк тiлдi зерделеу жөнiндегi оқу, анықтама және электронды әдебиет сатып алуға және жеткiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      036 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      037 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарының педагог қызметкерлерiн қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      039 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      076 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007.07.30.  N 644  Қаулысымен. 

      2. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарында бекiтiлген бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелердiң сандық көрсеткiштерiне сәйкес 25 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
      1) техникалық ерекшелiктерiн көрсете отырып, арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарының;
      2) оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердiң;
      3) мемлекеттiк тiлдi зерделеу жөнiндегi оқу, электронды және анықтама әдебиетiн;
      4) бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған жабдықтардың;
      5) облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған жабдықтардың;
      6) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi жүргiзу пункттерiнiң;
      7) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау курстары тақырыптарының тiзбесiн айқындайды.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға лингафондық және мультимедиалық кабинеттердi, физика, химия, биология кабинеттерiнiң оқу жабдықтарын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды бiрыңғай ұйымдастырушы болады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007.07.30.  N 644  Қаулысымен. 

      5. Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi (басқармалары), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бiлiм бөлiмдерi 25 ақпанға дейiнгi мерзiмде лингафондық және мультимедиалық кабинеттердiң, физика, химия, биология кабинеттерiнiң оқу жабдықтарының соңғы алушыларын айқындайды және оларды пайдалану мониторингiн жүзеге асырады.

      6. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi (басқармалары) тоқсан сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiлеген нысан бойынша лингафондық және мультимедиалық кабинеттердi, физика, химия, биология кабинеттерiнiң оқу жабдықтарын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептердi ұсынады.

      7. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:
      1) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi және мемлекеттiк орта бiлiм беру ұйымдарының кiтапхана қорларын жаңарту үшiн мемлекеттiк тiлдi зерделеу жөнiндегi оқу, анықтама және электронды әдебиет сатып алуға және жеткiзуге, ұлттық бiрыңғай тестiлеудi жүргiзуге, педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, лингафондық және мультимедиалық кабинеттердi құруға, физика, химия, биология кабинеттерiн оқу жабдықтарымен жарақтандыруға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың негізінде жүзеге асырылады;
      2) үлгi штаттарға сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын жинақтау әкiмдiктердiң бiлiм беру ұйымдарын жете жинақтау туралы қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады;
      3) Интернет желiсiне қосу әкiмдiктердiң Интернет желiсiне қосуға жататын мектептердiң тiзбелерiн бекiту туралы қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады;
      4) жаңадан iске қосылатын бiлiм беру объектiлерiн ұстау әкiмдiктiң қаулысымен бекiтiлген пайдалануға берiлген бiлiм беру объектiлерiн iске қосу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделi сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан iске қосылатын бiлiм беру объектiлерiн ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға бөлiнедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады