Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 702 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет
дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21
қазандағы N 1577  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2000 ж., N 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық
салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан
Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға
байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде:
      6-тармақтағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және
ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "бірақ жылына", ", ақпарат және спорт" деген
сөздер тиісінше "бірақ екі жылда", "және ақпарат" деген сөздермен
ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
 
         Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады