Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 ақпандағы N 104 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1272 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1272 Қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.27.  N 739 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi болып тағайындалсын.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.20. N  564 , өзгерту енгізілді - 2007.02.08.  N 90 , 2007.08.27.  N 739 қаулыларымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 40  қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы N 561  қаулысы .

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады