Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы заңымен ратификацияланған 2003 жылғы 4 қарашадағы Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны (одан әрі - Конвенция) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында Конвенция ережелерін орындауды үйлестіруші ұлттық орган болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Конвенцияның Хатшылығын белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі