Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 2007 жылғы қазанда Астана қаласында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылдануының 10 жылдығына арналған халықаралық конференцияны дайындауға және өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 217839698 (екі жүз он жеті миллион сегіз жүз отыз тоғыз мың алты жүз тоқсан сегіз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.26.
N 1300
Қаулысымен.
2.«Қазақстандық инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) бір апта мерзімде осы қаулының 1-тармағында көзделген қаражат шегінде осы қаулының 2-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі