"Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша) жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 қыркүйектегі
N 330 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және
нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға
арналған жоспары
Р/ с N |
Іс-шара | Аяқталу нысаны |
Орындалу- ына жауапты |
Оры- нда- лу мер- зімі |
Жо- рамал шы- ғыс- тар (мың тең- ге) |
Қар- жы- лан- дыру көзі |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Мемлекеттік |
Іс-шара- |
Мемлекеттік |
2008 |
Талап |
|
2 |
Мемлекеттік |
БАҚ-тағы |
МАМ, |
Тұ- |
2008- |
Рес- |
3 |
Мемлекеттік |
Дәрістер |
МҚА |
Жыл |
Талап |
|
4 |
Мемлекеттік |
Үкіметке |
ТСМ |
Жыл |
Талап |
|
5 |
Мемлекеттік |
Веб-бө- |
АБА, |
2008 |
Талап |
|
6 |
Білім беру |
Кездесу- |
МҚА, |
Жыл |
Талап |
|
7 |
"Ең үздік |
Үкіметке |
Әділетмині |
Жыл |
Талап |
|
8 |
Мемлекеттік |
Жарлықтың |
МҚА |
2009 |
Талап |
|
9 |
"Болашақ" |
Кездесу |
БҒМ, МҚА |
Жыл |
Талап |
Ескертпе:
* 2008-2010 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша шығыстардың сомалары болжамды болып табылады және оларды 2008-2010 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес айқындайтын болады.
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
МБА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясы
БАҚ - Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдары