Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі N 832 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

       1. Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету үшін осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды берушілер мен қызметтерді көрсетушілер болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шегінде осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты ұтымды және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2007 жылғы 25 қыркүйектегі
N 832 қаулысына  
қосымша       

         Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін
  қамтамасыз ету үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні
    бар тауарларды, жұмыстарды, берушілер мен қызметтері
                    көрсетушілердің тізбесі

Р/с
N
Берушінің аты Орналас-
қан жері
Тауарлар мен қызмет-
тердің атауы
1 2 3 4

1

"Феликс - Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутат-
тары үшін жиһаз сатып алу

2

"Анес" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы-
ның Парламенті комитетте-
рінің төрағалары үшін
жиһаз сатып алу

3

"Қазақстан Республика-
сының Парламенті Шаруашылық басқармасы-
ның Әкімшілік ғимарат-
тар дирекциясы"
республикалық мемлекет-
тік қазыналық кәсіпорны

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы
Парламентінің ғимаратта-
рын ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі
қызметтерді сатып алу

4

"Қазақстан Республика-
сының Парламенті
Шаруашылық басқармасы-
ның Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы"
республикалық мемлекет-
тік қазыналық кәсіпорны

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы-
ның Парламенті депутатта-
рының қызметтік тұрғын
үйлерін ұстау және оларға
қызмет көрсету жөніндегі
қызметтерді сатып алу

5

"Алси" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі

Астана
қаласы

Жергілікті желі мен
кәбілдік теледидар үшін
жабдықтар сатып алу

6

"Қазақстан Республика-
сының Парламенті Шаруа-
шылық басқармасының
Инженерлік орталығы"
республикалық мемлекет-
тік кәсіпорны

Астана
қаласы

Жергілікті желіні, кәбіл-
дік теледидар жүйелерін, конгресс және конференц
жүйелерді пайдалану және
олардың жұмыс істеуін
қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтерді сатып алу 

7

"Қазақстан Республика-
сының Президенті Іс
басқармасының Әкімшілік
ғимараттар дирекциясы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Астана
қаласы

Телефон байланысын ұсыну
жөніндегі қызметтер

8

"Айт Улусларарасы
Туризм Ишлетме Иншаат
ве Тиджарет" акционер-
лік қоғамы

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасының
Парламенті депуттарының
уақытша қонақ үйде тұруы жөніндегі қызметтерді
сатып алу

9

"Сарыарқа" кешенді даму
орталығы" мемлекеттік
қоры 

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы-
ның Парламенті депутатта-
рының жалға алынған жиһаз қойылған пәтерлерде
уақытша тұруы жөніндегі қызметтерді сатып алу

10

"Логиком" акционерлік
қоғамы

Астана
қаласы

Компьютерлік техника
және ноутбуктер сатып алу

11

"Екі дін" жауапкершілі-
гі шектеулі серіктесті-
гі

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы
Парламентінің объектіле-
рін қайта жаңарту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды сатып алу

12

"Алматы кілем"
акционерлік қоғамы

Астана
қаласы

Кілем бұйымдарын сатып алу

13

"ТТО SARA & Co" жауап-
кершілігі шектеулі
серіктестігі

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы
Парламентінің асханасы
үшін жабдықтар сатып алу

14

"Office Smart" жауап-
кершілігі шектеулі
серіктестігі

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутат-
тары үшін креслолар
сатып алу

15

"COLOMBO" жауап-
кершілігі шектеулі
серіктестігі

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасының
Парламенті депутат-
тарының көмекшілері үшін
креслолар сатып алу

16

"Шынар-2002" жауап-
кершілігі шектеулі
серіктестігі

Астана
қаласы

Перде тігу үшін маталар
сатып алу

17

"CSI-Kazakhstan" жауап-
кершілігі шектеулі
серіктестігі

Астана
қаласы

Конгресс және конференц
жүйелер үшін жабдықтар сатып алу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады