Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 59-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны "Астана қаласында коньки тебу стадионын салу" деген сөздерден кейін ", оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге оның төлеген аванс сомасының сөзсіз қайтарылуын қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі