2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       51,   52,   53,   54,   55,   56,   57,   58,   59,   60,   61,   62,   63,    64-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына        
51-ҚОСЫМША       

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Туризм және спорт саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" 
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 748078 мың теңге (жеті жүз қырық сегіз миллион жетпіс сегіз мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052 Қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы  Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 "Қазақстан Республикасында "электронды үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы туралы"  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында "электронды үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1286  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 329  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : стратегиялық саясатты жүргiзу, туризм және спорт саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : дене шынықтыруды, жоғары жетiстiктер спортын және салауатты өмiр салтын насихаттауды және дамытуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Спортқа және туристік индустрияға инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау. Өзiнің қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкес кәсiптiк қызмет саласында бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдi, iскерлiктi және кәсiби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001


Туризм және спорт саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету




2


001

Орталық органның аппараты

Туризм және спорт саласының құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негiздерiн жасау.
Мемлекеттік салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру, туризм және спорт салаларының дамуына талдау жүргізу, туризм және спорт индустриясының әлемдiк тәжiрибесiн, оның iшiнде кластерлiк бастамалар шеңберiнде зерделеу және қорытындылау.
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету, салалардың даму жай-күйiне мониторинг жүргізу және жаңа технологиялар әзiрлеу.
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсетулерге рұқсатнама берудi, дене шынықтыру және спорт бойынша қызмет ететін республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеудi бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы туристiк қызмет саласындағы заңнамасының орындауын бақылау.
Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Дене шынықтыру және спорт мәселелерi, туристiк саланың индустриалдық-инновациялық дамуы мәселелерi бойынша семинарлар, тренингтер өткiзу.
Ақпараттық-талдау материалдарын дайындау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

3


007

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру

Мемлекеттiк қызметшiлердің бiлiктiлiгiн арттыруға байланысты  келесi тақырыптар бойынша қызметтердi сатып алу: 
1) Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздiктi және мемлекеттiк құпияларды қорғау;
2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк кадр саясаты: жай-күйi және болашағы;
3) стратегиялық жоспарлау және бюджеттік бағдарламалау.
Мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн үйрету.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi 

4


009

Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру 

Орталық аппарат пен оның комитеттерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi

5


017

Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Техникалық, технологиялық, базалық бағдарламалық  және спорт пен туризмнің ақпараттық жүйесiн жүзеге асыру.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: туризм және спорт саласындағы нормативтiк қызметтi;
туризм және спорт саласындағы актiлермен қамтамасыз ету ұйымдардың қызметiне жәрдемдесу;
мемлекеттiк тiлдi кемiнде 55 адамға, ағылшын тiлiн кемiнде 9 адамға үйрету;
мемлекеттiк қызметшiлердің кемiнде 3 адамның бiлiктiлiгiн арттыру;
туризм және спорт мәселелерi бойынша кемiнде 6 семинар мен тренинг өткізу;
кемiнде 15 ұйымды аккредиттеу.
Түпкi нәтиже: туризм индустриясы мен спорттың одан әрi өсуiне қажеттi жағдай жасау;
туристiк кластердi дамыту үшiн iрi инвесторларды тарту;
әлемдiк спорт аренасында республика беделiн арттыруды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың 1 мемлекеттiк қызметшiсiн қаржыландырудың орташа шығыны 2931 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметшiнің бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 84,7 мың теңгеден астам емес;
бiр мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілдi үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 27,2 мың теңгеден астам емес;
бiр мемлекеттiк қызметшiге ағылшын тiлiн үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 27,2 мың теңгеден астам емес.
Уақтылығы: жоспарланған iс-шараларды белгiленген мерзiмде және жасалған шарттарға сәйкес орындау.
Сапасы: мемлекеттiк қызметшілердiң қызметiн кәсiби деңгейiн арттыру арқылы жетілдiру; қазiргi экономикалық жағдайларға байланысты кәсiптiк мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң кәсіби дайындығын арттыру.
Мемлекеттiк тілдi үйрету курсынан өткеннен кейiн iс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 14,6 пайыз;
ағылшын тiлiн үйрету курсынан өткеннен кейiн ағылшын тіліндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 22,2 пайыз;
бiлiктiлiктi арттыру курсын өткеннен кейiн жоғары қызметке сайланатын мемлекеттiк қызметшілердің үлесi - 33,3 пайыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
52-ҚОСЫМША        

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Спорт бойынша бiлiм беру объектiлерiн салу және реконструкциялау"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1 226 491 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма алты миллион төрт жүз тоқсан бір мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізі : Қазақстан Республикасы Президентiнің "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы" 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3002  өкiмi .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасында спортты дамыту, халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : дарынды балалардың таңдаған спорт түрімен шұғылдануы үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002


Спорт бойынша бiлiм беру объектiлерiн салу және реконструкциялау 

Алматы қаласындағы "Шаңырақ" ықшам ауданында спортта  дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың құрылысын салу жөнiндегі бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес бюджеттiк инвестициялық жобаны жүзеге асыру (2005 жылғы 27 мамырдағы N 7-178-1/05 жұмыс жобасы бойынша Мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы).

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Алматы қаласындағы "Шаңырақ" ықшам ауданында 400 орындық республикалық мектеп-интернаттың құрылысын аяқтау.
Түпкi нәтиже: Объектiлердi пайдалануға беру және спортта дарынды балаларға спортпен шұғылдануға және жаттығуға жағдай туғызу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаны iске асыру тиімдiлiгiн талдау нәтижелерi бойынша.
Уақтылығы: жасалған шарттар бойынша жұмыс орындау жоспарына сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерiнің талаптарына сәйкес.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
53-ҚОСЫМША       

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1050937 мың теңге (бiр миллиард елу миллион тоғыз жүз отыз жетi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының  18 және   24-баптары ; "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының  16 және   17-баптары ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласын қайта атау туралы" 2002 жылғы 28 маусымдағы N 900  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Президентiнің "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы" Өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1125  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнің "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 19 маусымдағы N 673  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігiнің кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 30 маусымдағы  N 629 .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : спортта дарынды балалардың жеке қабiлетiн дамыту және халықаралық деңгейдегi жоғары бiлiктiлiгi жоғары спортшыларды, олимпиадалық спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына үмiткерлердi және мүшелерiн даярлау.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : оқушылардың таңдаған спорт түрлерiмен шұғылдануы үшiн қолайлы жағдайлар жасау, сапалы оқу-жаттығу процесi мен жаттығу сабақтарын ұйымдастыру, жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты жетiлуге бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру, олимпиадалық спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын спортшылармен қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003


Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу




2


100

Спортта  дарындылық көрсеткен балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттар 

Мемлекеттiк жалпыға бiрдей бiлім беру стандарттарына сәйкес оқу процесiн өткiзу және дарынды балалармен таңдаған спорт түрлері бойынша жыл бойы толық көлемде оқу-жаттығу сабақтарын өткізу. 
Спорт резервi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау.
Спорттық іс-шараларға қатысу.
Негізгi құралдарды сатып алу.
Mемлекеттік сараптама қорытындысы мен жобалық-сметалық құжат негiзiнде күрделi жөндеу жүргiзу (Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 14 маусымдағы N 7-302/06 қорытындысы).

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің Спорт комитеті
Қ.Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат
Қ.Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған  республикалық мектеп-интернат
Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған
республикалық мектеп-интернат
Спортта дарынды балаларға  арналған "Шаңырақ" ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернат

3


101

Олимпиадалық резерв және жоғары спорттық шеберлiк мектептерiнiң жұмыс iстеуiн  қамтамасыз ету 

Дарынды балалармен таңдаған спорт түрлерi бойынша жыл бойы толық көлемде оқу-жаттығу  сабақтарын өткізу. Спорт резервi мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау.
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша республика құрама командаларына үмiткерлер мен мүшелерін даярлауды ұйымдастыру; оқу-жаттығу сабақтарын өткізу; республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысу. Қысқы бұқаралық спорт түрлерi бойынша, су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi  мектебiне жабдықтар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң Спорт комитеті 

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Қ.Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингентi - 260 адамды, Қ.Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингентi - 385 адамды, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингентi - 150 адамды, Спортта дарынды балаларға арналған "Шаңырақ" ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқыту - 400 адамды құрайды.
Қ.Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшiн жабдықтар сатып алу: жиhаз, тұрмыстық техника, автобус 1 бiрлік, спорттық құрал-жабдық - кемiнде 14 дана, асхана жабдығы - кемiнде 7 дана, медициналық жабдық - кемiнде 2 дана, сервер - 1 дана, жиынтық компьютер - кемiнде 14 бiрлiк.
К.Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшiн жабдықтар сатып алу: автокөлiк (автомобиль, автобус) спорттық құрал-жабдық - кемiнде 18 дана, кiр жуғыш машина - 1 дана, мотор насостары - 2 дана, кабинеттерге арналған жабдықтар - кемiнде 14 дана. К.Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының ғимаратына күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу.
Риддер қаласындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшiн жабдықтар сатып алу: автобус, медициналық жабдық - кемiнде 6 дана, сынып кабинеттерiне арналған жабдық - кемiнде 3 дана, тұрмыстық жабдық - кемiнде 5 дана, асхана жабдығы - кемiнде 3 дана, спорттық құрал-жабдық - кемiнде 25 дана.
Спортта дарынды "балаларға арналған "Шаңырақ" ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернаты үшiн Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгінің Спорт комитетi төрағасының бұйрығымен бекiтілген тiзбеге сәйкес, кемiнде 35 бiрлік, негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алу.
Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебiне жабдықтар сатып алу: қазiргi бессайыс бөлiмiне 3 спорт аты, жүк тасушы, спорт құрал-жабдығы - кемiнде 12 дана.
Бұқаралық және қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебiне кемiнде 3 жиынтық компьютер, шағын автобус - 1 дана.
Кемінде 80 оқу-жаттығу жиындарын өткізу, олимпиадалық спорт түрлері бойынша кемінде 75 республикалық және кемінде 45 халықаралық жарысқа қатысу.
Түпкі нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі бiлiктi спортшылармен толықтыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бiр оқушыны оқытуға кететiн шығынның құны - 589,08 мың теңге және олимпиада резервi мектептерiнде бiр спортшының даярлығына кететiн шығынның құны - 221,2 мың теңгенi құрайды.
Уақтылығы: халықаралық дәрежеде кемiнде 182 спортшы даярлау және республика құрама командаларына келешегi бар үмiткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткiзу, спорттық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына сәйкес спорттық iс-шараларға қатысу.
Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жүлделi орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабiлеттi спортшыларды даярлау.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
54-ҚОСЫМША       

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Орта кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 139195 мың теңге (бip жүз отыз тоғыз миллион бiр жүз тоқсан бес мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының  8 ,   24,   43 және   44-баптары ; "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының  4 және   28-баптары ; "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнің мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1264  қаулысы ; "Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180  қаулысы ; "Республикалық бюджеттен қаражат алатын бiлiм беру ұйымдарында кәсіптік орта бiлiмдi, кәсіптiк жоғары бiлiмдi, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптік білiмдi мамандар даярлауға 2006/2007 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы N 485  қаулысы , "Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк білiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2005 жылғы 18 шiлдедегi N 736  қаулысы .
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : қоғамның дене шынықтыру және спорт саласында орта кәсiптік білiмi бар бiлiкті мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтiк-экономикалық қажеттілiктерiн қанағаттандыру. 
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлау үшiн оқу процесін ұйымдастыруға қажеттi жағдайлар жасау, насихатталатын олимпиадалық спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жоғары білікті спортшылармен қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004


Орта кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау 

Білім берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттарына сәйкес оқу процесiн өткізу.
Оқу, әдiстемелік, мәдени ағарту, дене шынықтыру және спортты жұмысты бiріктірген білім беру қызметiн жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Yкiметінің қаулысымен бекітілген білiм берудiң мемлекеттiк тапсырысына сәйкес жыл сайын орта кәсiптік бiлiмi бар мамандар даярлау үшін оқушылар қабылдау.
Республикалық спорт колледжiне мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы бойынша оқитындарға қысқы және жазғы демалыс кезiнде жеңiлдікпен жол жүруiне ақшалай өтемақы төлеу үшiн Республикалық спорт колледжiне трансферттер аудару. Республикалық спорт колледжiне негізгі құралдар сатып алу үшiн күрделi трансферттер аудару. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің Спорт комитеті

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тікелей нәтиже: кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжiнде жылдық орташа контингентi - 238 адамды оқыту.
Республикалық спорт колледжiне мамандарды дайындау жағдайын қамтамасыз ету үшін негiзгi құрал-жабдықтарын сатып алу: компьютер жиынтығы кемiнде 13 дана және жатақхана үшiн төсек кемiнде 100 дана.
Түпкi нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесi - 60 пайызды, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесi - 40 пайызды құрайды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр оқушыны оқытуға кететiн шығынның орташа құны - 528,9 мың теңге.
Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптiк бiлiмi бар кем дегенде 76 бiлiктi маман даярлап шығару.
Сапасы: бiлiктілігi жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
55-ҚОСЫМША         

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Спорт объектiлерiн салу және реконструкциялау"
деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 12315166 мың теңге (он екі миллиард үш жүз он бес миллион бір жүз алпыс алты мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052 Қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Президентiнің "Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2006 жылғы 4 мамырдағы N 111  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : салауатты өмiр салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзу, халықаралық спорт аренасында Қазақстанның беделiн арттыру, спортшыларды даярлауға жағдайлар туғызу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Алматыны және бүкiл Қазақстанды азия өңiрiнің спорт көшбасшыларына айналдыратын жоғары дәрежелi спортшылар даярлау үшiн қажеттi базаны, әлемдiк стандарттағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының кең желiсiн салу. Спорт ғимараттарының жағдайын жақсарту және халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға бейiмдеу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005


Спорт объектiлерiн салу және реконструкциялау

Келесi объектілердің құрылысы бойынша бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес бюджеттiк инвестициялық жобаларды іске асыру және техникалық қадағалау жүргізу:
1) Алматы облысында республикалық олимпиадалық даярлық базасын салу (24.03.2005 ж. N 7-140/05 жобасы бойынша Мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы);
2) Шучье қаласында республикалық шаңғы базасын салу (14.12.2005 ж. N 2-880/05 ТЭН жобасы бойынша Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы);
3) Астана қаласында республикалық велотрек салу (11.07.2005 ж. N 2-426/05 ТЭН бойынша Мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы);
4) Ақмола, Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында туризм инфраструктура объектілерiнің жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау;
5) 15 мың орынға арналған әмбебап спорт сарайын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу, "Медеу" биік таулы спорт кешенін, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын қайта жаңарту және шаңғы трамплині (К-90, К-120) кешенінің құрылысын бастау. 

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Астана қаласында күнiне 290 адамды қабылдау қабiлетi бар Республикалық велотректің және Алматы облысында күніне 487 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық олимпиадалық дайындық базасының құрылысы; Шучье қаласында күнiне 380 адамды қабылдау қабiлетi бар Республикалық шаңғы базасын салу. Туризм индустриясы объектiлерiнің құрылысына дайындықты қамтамасыз ету.
Түпкi нәтиже: Республикалық спорт объектiлерiн салу велосипед спортынан жоғары дәрежелi спортшылардың, олимпиадалық спорт түрлерi бойынша және шаңғы спорты бойынша халықаралық дәрежедегi спортшылардың даярлығы үшiн, халықтың қыс мезгiлiнде белсендi демалуы үшiн қолайлы жағдай жасауға мүмкiндiк бередi. Ақмола, Алматы, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында жоғары рентабельдi индустрия құру. 15 мың орынға арналған әмбебап спорт сарайын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу, "Медеу" биік таулы спорт кешенін, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын қайта жаңарту және шаңғы трамплині (К-90, К-120) кешенінің құрылысын бастау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: инвестициялық жобаларды iске асырудың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзудің негiзiнде анықталатын болады.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес орындалған жұмыс кесiмiне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерiнің талаптарына сәйкес.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
56-ҚОСЫМША          

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерiн дамытуды қолдау"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 81866 мың теңге (сексен бiр миллион ceгіз жүз алпыс алты мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының  2-бабы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық  бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамыту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : халық арасында ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiнiң және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамытуды бағдарламалық және әдiстемелiк қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006


Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен күнтізбелік спорттық іс-шараларға қатысу және өткізу ("Ақ бидай" ауыл ойындары, ТМД мемлекеттерінің халықаралық спорт ойындары, Параолимпиадалық ойындар).
Қазақстан Республикасы Президентiнің жүлдесiне арналған халық спорты ойындарын өткiзу.
Ел iшiнде және шет елдерде ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын насихаттау.
Ұлттық спорт түрлерi бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды спорттық құрал-жабдықпен және киіммен қамтамасыз ету. 

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің Спорт комитеті

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: ұлттық және бұқаралық спорт түрлерi бойынша кемiнде 10 оқу-жаттығу жиынын, 42 республикалық жарыс өткiзу және 20 халықаралық жарысқа қатысу.
Түпкi нәтиже: халықтың әртүрлi жiктерiн ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарымен шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмiр салтын енгiзу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға жұмсалатын шығынның орташа құны - 1137 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелiк жоспарына сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлерi бойынша iс-шаралар өткiзу.
Сапасы: ұлттық спорт түрлерiн дамыту және халық арасында оны кеңiнен таныту арқылы Қазақстан Республикасының беделiн арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
57-ҚОСЫМША       

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 110 000 мың теңге (бір жүз он миллион теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының  20-бабы ; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi  Заңы ; Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 286  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны-қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткiзу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Тамақтанумен, медико-биологиялық және қалпына келтiру дәрi-дәрмектерімен қамтамасыз ету жөнiндегi ғылыми-әдiстемелер ұсынымдар әзiрлеу, жаттықтырудың жаңаша әдiстерi арқылы спортшылар ағзасының функционалдық мүмкіндігін арттыру. Ғылыми негізде жаттықтыру және жарыс жүктемелерiнің, демалудың, тамақтанудың, сондай-ақ қалыпқа келтiру, жұмысқа қабілеттiлiктi арттыру және спортшылар ағзасының функционалдық резервiн жұмылдыру құралдарының қатаң балансталған жүйесiн жасау.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

007


Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер 

Спорт саласында 4 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу:
1) орта тау, биiк тау және жасанды гипоксия жағдайларында спортшыларды дайындаудың тиiмдi әдiстемесiнің әзiрлемесi;
2) Қазақстан Республикасы құрамаларының кейбiр мамандандырылған спортшыларының тамақтануын ұтымдандырудың және олардың тамағына биологиялық белсендi қоспаларды пайдаланудың негіздемесi;
3) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына элиталық спортшыларды психологиялық дайындау;
4) Қазақстан Республикасының жоғары бiлiктi спортшыларының спорт жарақатының және ауыруының алдын алу мен төмендету;
5) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ықтимал үміткер-спортшылар даярлығының қорытынды кезеңінің моделін әзірлеу (педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық аспектілер). 

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің Спорт комитеті

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 қаулысымен.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: 5 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу:
1) "Орта тау, биiк тау және жасанды гипоксия жағдайларында спортшыларды дайындаудың тиiмдi әдiстемесiн әзiрлеудің негiздемесi" орта тау, биiк тау және жасанды гипоксия жағдайларында оқу-жаттығу жиындарын өткiзу, спорт жүктемесiн жоспарлау бойынша әдiстемелiк ұсынымдар әзiрленетiн болады;
2) "Қазақстан Республикасы құрамаларының кейбiр мамандандырылған спортшыларының тамақтануын ұтымдандырудың және олардың тамағына биологиялық белсендi қоспаларды пайдаланудың негiздемесi" аталған топ спортшыларына арналған тамақтану нормалары және функционалдық тамақтану өнiмдерi мен тамаққа арнайы биологиялық белсендi қоспаларды қолдану жөнiнде ұсынымдар әзiрленетiн болады;
3) "Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына элиталық спортшыларды психологиялық дайындау" спортшылардың психо-эмоционалдық және дене жай-күйін, олардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi ұсынымдар әзiрленетiн болады;
4) "Қазақстан Республикасының жоғары бiліктi спортшыларының спорт жарақатының және ауыруының алдын алу мен төмендету" - жоғары бiлiктi спортшылардың спорт жарақаты мен ауыруының алдын-алу және олардың денсаулығын сақтау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар әзiрленетін болады;
5) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарын қатысуға ықтимал үміткер-спортшылар даярлығының қорытынды кезеңінің моделін әзірлеу (педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық аспектілер) - спортшылар даярлығының қорытынды кезеңіндегі оқу-жаттығу процесі бойынша медициналық-биологиялық, фармакологиялық және қалпына келтіру препараттарын пайдалана отырып, жеке адам ағзасының ерекшеліктерін, психо-эмоционалдық жүктемені және алдағы олимпиаданың ақтық жарыстарының басталуына спорт түрлерінің айрықша талаптарын ескере отырып, әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады.
Түпкi нәтиже: спорт саласында қызмет көрсетумен қамтамасыз етудің тұрақты дамитын жүйесi қалыптастырылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр ғылыми жобаны iске асыруға қажет шығынның орташа құны 27 500 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми жобалардың уақтылы әзiрленуiн қамтамасыз ету.  Жоспарланған iс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: жоғары бiлiктi спортшыларды дайындау.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
58-ҚОСЫМША      

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк сыйлықтар"
деген 008 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 169 мың теңге (бiр жүз алпыс тоғыз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Жазушы Сейдахмет Бердiқұловты мәңгiлiк есте қалдыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы N 1363  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : спорт және дене шынықтыру туралы үздiк жарияланымдары үшiн журналистерді ынталандыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : спорт және дене шынықтыру туралы үздiк жарияланымдары үшiн журналистерге мемлекеттiк сыйлық төлеудi қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

008


Мемлекеттік сыйлықтар

Yш сыйлықты тапсыру үшiн дипломдар әзiрлеу, сондай-ақ байқауды ұйымдастыру және спорт пен дене шынықтыру туралы үздiк жарияланымдары үшін үздiк журналистерге сыйлықтар төлеу. 

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің Спорт комитеті

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: дене шынықтыру туралы жарияланымдары үшiн үздiк журналистерге арналған 3 мемлекеттiк сыйлықтарды төлеу. 
Түпкi нәтиже: жарияланған ең үздiк еңбектерi үшiн журналистердi, Қазақстан Республикасының спорт саласындағы көрнектi өкiлдердi ынталандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 мемлекеттiк сыйлыққа төленетін орташа шығынның құны - 56,3 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған мемлекеттiк сыйлықтарды төлеудi қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерiне мемлекеттiк қолдауды күшейту.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына        
59-ҚОСЫМША        

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi      

2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне спорт объектiлерiн дамытуға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi"
деген 009 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 3 618 903 мың теңге (үш миллиард алты жүз он сегіз миллион тоғыз жүз үш мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Президентiнің "Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2006 жылғы 4 мамырдағы N 111  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : халықтың салауатты өмiр салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : спорттың инфрақұрылымын дамыту.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

009


Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне спорт объектiлерiн дамытуға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi

Тiзбе бойынша және "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң соманың  шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтілген смета-жобалау құжаттамаларына сәйкес мына іс-шараларға дене шынықтыру және спорт объектілерiн дамытуға облыстық бюджеттер, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерiне арналған нысаналы трансферттердi аудару:
1) Астана қаласында теннис кортын салу;
2) Алматы облысы Талдықорған қаласы Жансүгiров көшесiнде орналасқан спорт сарайын салу (24.11.06ж. N 7-637/06 Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы);
3) Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешенiн салу (30.01.2006 ж. N 13-14/06 ТЭН бойынша Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы);
4) Астана қаласында коньки тебу стадионын салу, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге оның төлеген аванс сомасының сөзсіз қайтарылуын қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару. 

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi, Астана қаласының, Алматы және Қызылорда облысының әкімдері

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 , 2007.09.25.  N 835 қаулыларымен.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Астана қаласында теннис кортын, Алматы облысы Талдықорған қаласында мұзды сарайын, Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешенін салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау, Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және Астана қаласында коньки тебу стадионының құрылысын бастау.
Түпкi нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін спорт объектілерін іске қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаларды iске асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жұмыс өнiмдiлiгiнiң кестесiне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
60-ҚОСЫМША        

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Қазақстанның туристiк имиджiн қалыптастыру"
деген 011 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 536068 мың теңге (бес жүз отыз алты миллион алпыс сегіз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының  4 ,   9 ,   10,   11,    14,16-баптары .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : тартымды туристтік объект ретінде Қазақстанның беделiн арттыру және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрияны құруға байланысты туристiк кластердi дамыту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : туризм индустриясын дамыту үшiн қолайлы инвестициялық климат тудыру; ұлттық турөнiмдi қалыптастыру және оның сапасының әлемдік деңгейге сай болуын қамтамасыз ету; туризм индустриясына жаңаша технологиялар мен ғылыми әзiрлемелердi енгізу; Қазақстанның халықаралық туристік беделiн нығайту мақсатында iрi халықаралық ic-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011


Қазақстанның туристiк имиджін қалыптастыру

Туристік саланы дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу;
туризмді дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдар әзірлеу және басып шығару;
Қазақстан Республикасында шетелдік жетекші туристік операторлар мен БАҚ өкiлдерi үшiн ақпараттық турлар өткізу;
Қазақстанның туристік болашағы туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды шетелдiк БАҚ-та өндiру және шығару;
Iле-Балқаш регатасын өткізу;
"Сарқылмас саяхат" қазақстандық туристiк жәрмеңкесiн (жылжымалы) өткiзу;
Еуропаға арналған Халықаралық туристiк комиссияның кезекті отырысына Қазақстанның қатысуы;
Халықаралық туристік ұйымның Бас Ассамблеясының ХVII сессиясына Қазақстанның қатысуы;
Берлин қаласындағы (Германия) "IТВ", Лондон қаласындағы  (Англия) "WTM", Токио қаласындағы (Жапония) "JATA", Сеул (Оңтүстiк Корея) қаласындағы "КОТҒА" халықаралық туристiк көрмелерiне қатысу. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің Туризм индустриясы комитеті

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
1) республиканың туристiк болашағын таныту мақсатында бес халықаралық туристiк көрмеге қатысуды қамтамасыз ету;
2) iшкi туризмдi дамытуға және шетелдiк туристердi тартуға жәрдемдесу мақсатында үш iшкi туристiк iс-шара өткiзу;
3) Қазақстан туризмi туралы ақпараттық вакуумды жою мақсатында туристiк мүмкiндiктер туралы жарнамалық және ақпараттық-анықтамалық өнiмдердi 88 000 данада басып шығару, туристiк әлеует туралы бейнематериалдарды әлемдiк арналарда жылына 299 рет эфирге шығару;
4) Еуропаға арналған Халықаралық туристiк комиссияның кезектi отырысына және Халықаралық туристiк ұйымның Бас Ассамблеясының XYII сессиясына Қазақстанның қатысуы;
5) туристiк саланы дамыту мәселелерi бойынша кемiнде 2 семинар-кеңес өткiзу.
Tүпкі нәтиже:
1) туристiк қызмет көрсетулердің халықаралық нарығында бәсекеге қабiлеттi ұлттық туристтiк өнiмдi жетiлдiру және iске асыру;
2) әлеуеттi туристердің Қазақстанның мүмкiндiктерi туралы хабардарлығын арттыру;
3) жергiлiктi халық пен шетелдiк азаматтардың арасында туристiк мүмкiндiктердi таныту;
4) Қазақстанның оң туристiк беделiн қалыптастыру;
5) семинар-кеңестер кезiнде туризм саласындағы мамандарды оқыту және тәжiрибе алмасу;
6) экономикалық өсiмге және халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшiн елдің туристiк кешенiн одан әрi дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Қазақстанның халықаралық туристiк көрмелерге қатысуын қамтамасыз етуге кететiн орташа шығыс - 43041 мың теңге;
2) бiр iшкi туристiк iс-шараны өткiзуге кететiн орташа шығыс - 6801 мың теңге;
3) туризмді дамыту мәселелері бойынша бір ақпараттық-анықтамалық материалды әзірлеуге және басып шығаруға кететін орташа шығыс - 0,4 мың теңге;
4) Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық-ақпараттық материалды шетелдік БАҚ-та бір рет эфирге шығаруға кететін орташа шығыс - 544 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: аталмыш бюджет бағдарламасы шеңберінде 2007 жылы іс-шараларды іске асыру Қазақстанның халықаралық туристік оқиғаларға қатысуға байланысты жұмысын жалғастыруға және күшейтуге, өзіндік іс-шаралар өткізуге және туризм саласына инвестициялар мен жеке капиталды тарту үшін жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді.
Сапасы: туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
61-ҚОСЫМША        

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Жоғары жетiстiктер спортын дамыту"
деген 012 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 4 667 503 мың теңге (төрт миллиард алты жүз алпыс жеті миллион бес жүз үш мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының  2 ,   4 ,   8 ,   15,   18,   25,   30-баптары ; "Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесi даярлығының Президенттік сынамалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 24 маусымдағы N 774  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 наурыздағы N 286  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық  бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзу және халықаралық спорт аренасындағы Қазақстан Республикасының беделiн нығайту.
       5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi : Спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие беру, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

012


Жоғары жетістіктер спортын дамыту

Спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі спортшылар мен спорт резервін даярлау, спорттың түрлері бойынша республикалық жарыстар, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және халықаралық жарыстарға қатысу (Азия, Еуропа, Әлем чемпионаттары және Әлем кубоктары, VI қысқы Азия ойындары, ҚР бiріншiлiктері, кубоктары, Достастық елдерiнің халықаралық спорт жарыстары және басқа да халықаралық турнирлер); ұлттық штаттық командаларды материалдық қамтамасыз ету, спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға қатысу кезiнде бiр мәрте сақтандыру.
Спорт түрлерінен жетекші спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын, соның iшiнде шет елдерден жаттықтырушыларды келiсiм-шарт негізiнде жұмысқа тарту.
Жоғары жетістiктер спортын насихаттау.
"Жыл спортшысы" Республикалық конкурсын өткізу.
Олимпиадалық спорт түрлерiнен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек өтiлі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды - олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерiн, әлем чемпионатының жеңiмпаздарын заңнамада белгiленген тәртiппен және мөлшерде өмiр бойы материалдық қамсыздандыру.
Спортшыларды диспансерлiк қадағалау және емдеу.
Спорт түрлерiнен спортшыларға, республикалық құрама командалардың мүгедектерiне медициналық консультативтiк кеңес беру.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларға медициналық қызмет көрсету.
Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларды қамтамасыз етуге белгіленген нормаларды есепке ала отырып, фармакологиялық қалпына келтіру құралдарын, витаминдерді және белоктық-глюкозалық препараттарды, сондай-ақ халықаралық және республикалық спорт жарыстарының қарсаңында ағзадағы анаболик-стероидтердің және пептидті гормондардың болуын анықтау үшiн тесттен өткiзуге арнайы жабдықтар, химиялық реактивтер мен медикаменттер сатып алу.
Жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталықтарында олимпиада резервiн даярлау.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарының спортшыларын құрал-жабдықпен және киiммен қамтамасыз ету.
Спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасының командаларына алынған спортшыларға арналған спорттық құрал-жабдықтар және жабдықтар сатып алуға Ұлттық штаттық командалар дирекциясына күрделi трансферттер аудару.
Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына және Медициналық құрал-жабдықтарды алуға арналған допингке қарсы зертхана үшін арнайы жабдықтар сатып алуға, Республикалық олимпиадалық даярлау орталығына негізгі құралдар сатып алу үшін күрделi трансферттер аудару және Алматы қ. Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық-сауықтыру базасына күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің Спорт комитеті

   

         7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерiнің қысқы Азия ойындарында спорттың 10 түрiнен және басқа халықаралық спорттық iс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрiнен қатысу. Орта есеппен 677 оқу-жаттығу жиынын, 360 республикалық жарыс өткiзу және спорт түрлерiнен 480 халықаралық жарысқа қатысу.
Жеткiншектер мен жасөспiрiмдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi, спорт шеберлерi мен халықаралық дәрежедегi спорт шеберлерiн даярлау. Кемiнде 2560 адамды, республика құрама командалары спортшыларын диспансерлiк қадағалау және емдеу.
Спорт түрлерiнен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы үшiн автокөлiк (шағын автобус, автомобиль), кемiнде 52 дана спорттық құрал-жабдықтар сатып алу.
Олимпиадалық спорт түрлерiнен КCPO және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды - олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерi, әлем чемпионатының жеңiмпаздарына - кемiнде 110 адамға заңнамада белгiленген тәртіппен және мөлшерде өмiрлiк материалдық қамсыздандыру төлеу.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшiн кемiнде 6 дана спорттық құрал-жабдық, синхронды жүзуге арналған музыкалық аппаратура - 1 дана, қарда жүру құралы - 1 дана, ретракт - 1 дана, автокөлiк - 2 дана, тұрмыстық және кеңселiк құрал-жабдық сатып алу. Спортшыларды велоспорт, бокс, күрес және атлетикадан олимпиадалық даярлықтың мамандандырылған орталықтарында даярлауға жағдайлар жасау үшiн автокөлiк (4 автобус,  9 автомобиль), кемiнде 80 дана спорттық құрал-жабдық, велоспорттан, бокс, күрес және атлетикадан олимпиадалық даярлық орталықтарында дайындық жағдайларын жасау үшiн тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын, кемінде 5 дана медициналық жабдықтар сатып алу.
Спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшiн республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына кемінде 5 дана медициналық жабдық және спортшылардың допингке қарсы зертханасына арналған құрғақ блоктық термостат, майсыз компрессор және масс-спектометр сатып алу. Алматы қ. Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық-сауықтыру базасына күрделi жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Түпкi нәтиже: жоғары деңгейдегi спортшылар даярлау жүйесiн жетiлдiру. Ересектер, жастар мен жасөспiрiмдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерiнің халықаралық жарыстарда, соның iшiнде Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында қысқы спорт түрлерi бойынша Азия ойындарында, Орталық Азия ойындарында, Спартакиадаларда табысты өнер көрсетуi және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр спортшыны даярлауға және қатыстыруға кететiн шығынның орташа құны - 1414,2 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтiзбелiк жоспарына сәйкес iс-шаралар өткiзу.
Сапасы: спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегi рейтингiн арттыру және әлемдiк спорт аренасында Қазақстан спортының беделiн нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмiр салты қағидаттарын енгiзу.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 , 2007.12.29.  N 1404 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
62-ҚОСЫМША        

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Туризм мен спортты институционалдық дамыту"
деген 013 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 54600 мың теңге (елу төрт миллион алты жүз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : 2001 жылдың 13 маусымындағы "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  14-бабы ; "Экономиканың басым секторларында пилот кластерлерiн жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 663  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : туристік өнiмдi халықаралық нарыққа және мемлекет iшiнде өткiзу мақсатында интерактивтiк технологияларды енгiзу, Қазақстан және оның туристiк әлеуетi туралы ақпаратты тарату, туризм инфрақұрылымын дамыту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : туристiк қызметтің әлемдiк нарығына отандық туристiк өнiмдi шығару, туризм индустриясына жаңаша технологиялар мен ғылыми әзiрлемелердi енгiзу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

013


Туризм мен спортты институционалдық дамыту

"Республикалық туристік ақпараттық-орталық" акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің Туризм индустриясы комитеті

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: туристік өнімді халықаралық нарыққа және мемлекет ішiнде өткiзу үшiн, Қазақстан және оның туристiк әлеуетi туралы ақпаратты тарату үшiн "Республикалық туристік ақпараттық орталық" акционерлiк қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру.
Түпкi нәтиже: туристiк саланы экономиканың кiрiс саласына айналдыру, жоғары табысты туризм индустриясын құру, туристiк қызметтердiң халықаралық нарығында ұлттық турөнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және iске асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: номинал құны 10 000 (он мың) теңгелiк 5 460 дана көлемiнде қосымша акция шығару.
Сапасы: туризм объектiлерiнің қызмет көрсетуiн жақсарту.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына        
63-ҚОСЫМША       

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Туризм мен спорттың ақпараттық жүйесiн құру және дамыту"
деген 014 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 50000 мың теңге (елу миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi N 548 Бюджет  кодексi ; "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының  14-бабы ; "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының  11-бабы , "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлердi жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : экономикалық өсiмге және халықтың еңбекпен қамтылуына жәрдемдесу үшiн елдің туристiк және спорттық кешендерiн одан әрi дамыту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : министрлiктің бiріккен ақпараттық жүйесi және порталын құру. Ақпараттық жүйенi кең қолдану арқылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнің тиiмдiлiгiн арттыру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

014


Туризм мен спорттың  ақпаратттық жүйесін құру және дамыту

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жүйесін жоба алдындағы тексеру;
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ақпараттық жүйесінің тұжырымдамасын әзірлеу;
ақпаратттық жүйені құру үшін техникалық тапсырма әзірлеу;
туризм және спорттың ақпараттық жүйесін әзірлеу;
портал құру;
есептеуіш инфрақұрылымның техникалық құралдарын сатып алу. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi 

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Ақпараттық қауiпсiздiктi, мемлекеттiк қаржы мен мүлiктi жедел басқаруды қамтамасыз ету, мемлекеттiң экономикалық өсуiн тұрақтандыруға ықпал ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының туризмi және спортының дамуын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына         
64-ҚОСЫМША        

205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 11292 мың теңге (он бiр миллион екi жүз тоқсан екi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының  8-бабы ; "Қазақстан Pеспубликасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211  Заңы ; "Қазақстан Pecпубликасы Туризм және спорт министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 329  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 240  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің тиімділігін одан әрі тарату жөніндегі жүйелердің негізгі буындарын нығайту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : есірткіні пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық іс-шаралар өткізу арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

104


Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес 

Халықаралық нашақорлықпен күрес күнiне арналған бұқаралық-спорттық iс-шаралар ұйымдастыру және спорт және жер-жерлерде өткізу.
Шайбалы хоккейден екi жас топтары арасында жарыстар ұйымдастыру.
Қоғамдық орындарда көрнекi үгiт құралдарын (жарнамалық қалқандар, билбордтар, әдiстемелiк құралдар, буклеттер және т.б.) орнату жөнiнде жұмыстарды ұйымдастыру.
Футболдан "Былғары доп" турнирiн ұйымдастыру.
Жазғы және қысқы президенттік көпсайыстан республика чемпионатын ұйымдастыру.
Стритболдан, кiші футболдан, үстел теннисiнен жасөспiрiмдер клубтары арасында жарыстар ұйымдастыру.
"Жоңғария" Республикалық туристiк саяхатын өткiзу. 
"Туризм есiрткiге қарсы" туристiк слетiн өткізу.
Жастар мен жасөспiрiмдердi дене шынықтырумен және спортпен жүйелi шұғылдануға тарту, жасөспiрiмдер мен жастар арасында бұқаралық спорттан республикалық жарыстар өткiзу; жастардың есiрткiге қарсы санасын қалыптастыру; есiрткiге қарсы әлеуметтік иммунитеттi қалыптастыруға, салауатты өмiр салтын уағыздауға бағытталған қазақ және орыс тiлдерiндегі бейнероликтердi прокатқа шығару. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнің Спорт комитетi
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: жастар мен жасөспiрiмдердi дене шынықтырумен, спортпен және туризммен шұғылдануға тарту.
Түпкi нәтиже: қоғамдық иммунитеттi қалыптастыру, есiрткiге тәуелдi адамдардың санын азайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатын тиiмдi бөлу.
Уақтылығы: Белгiленген уақытта жоспарланған iс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: Азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есiрткi заттарын пайдаланудан кейiн болатын өкiнiштi салдарларды сезiнуi, республикалық және өңiрлiк деңгейлерде есiрткiге қарсы iс-шаралар өткiзу арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, балалар мен жастарға арналған спорттық-бұқаралық және туристiк iс-шаралар ұйымдастыру арқылы қоғамдық иммунитеттi қалыптастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады