"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар Қазақстан Республикасында "электрондық үкіметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының спутниктік сегментін құру бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде»"KazSat" байланыс және хабар тарату қазақстандық спутнигінде жиілік ресурсын беру жөнінде қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 30186000 (отыз миллион бір жүз сексен алты мың) теңге сомасында мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
2) осы қаулыға сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі