Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 908 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 1060 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.13. N 1060 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасында:
      мәтіндегі "РМК" және "ЕМК" деген аббревиатуралар "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
      "Міндеттері" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "балық өсіруді және балық өнеркәсібін дамыту";
      "Кіріспе" деген 2-бөлімде:
      үшінші абзацтағы "ауыл" деген сөзден кейін "және балық" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзацтағы "ауыл" деген сөзден кейін "және балық" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзацтағы»"және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 654 қаулысымен оны іске асырудың Іс-шаралар жоспары бекітілді" деген сөздер алынып тасталсын.
      "Агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі таңдағы жай-күйі" деген 3-бөлім:
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Балық және балық өнімінің сыртқы саудасындағы импорт физикалық көлемде экспорттан артық. Сонымен қатар, экспорттық портфельдің нарықтық құны жоғары.";
      "Мал шаруашылығында" деген кіші бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      "Балық шаруашылығында
      Балық шаруашылығы су тоғандарының жалпы алаңы, Каспий теңізін қоспағанда, 3 миллион гектарға жуық. 2006 жылы республика су тоғандарында лимит 49754,6 мың тонна болғанда 41773,9 мың тонна балық ауланған.
      Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жыл сайын жіберілетін балық шабақтары мен личинкалары 194,02 млн. дана, оның ішінде Каспий теңізіне жіберілетін бекіре балығының шабағы 6,0-дан астам данаға дейін жетеді.
      Республикамызға балық пен балық өнімі 35 шет елден келіп түседі. Балықты негізгі жеткізіп берушілерге Ресей, Норвегия және Латвия жатады.
      Балық пен балық өнімінің импорты соңғы бес жыл ішінде көлемі бойынша да, құны бойынша да 2006 жылы ең жоғары болды және 2001 жылғы 34,7 мың тонна және 16,0 млн. АҚШ доллары болған көрсеткіштермен салыстырғанда тиісінше 44,1 мың тонна мен 31,6 млн АҚШ долларына жетті. 2006 жылы әкелінетін өнімнің негізгі көлемі мұхит балығы (дайын мұздатылған және консервіленген) болды.
      Қазіргі уақытта балықты қайта өңдеу және балық өнімін шығару республикамыздың 58 кәсіпорнында жүзеге асырылады. Балық өнімін шығарудың негізгі түрлеріне мыналар жатады: балық консервілері мен пресервтері, балық еті, мұздатылған балық, ысталған балық, сүрленген және басқа да балық өнімі.";
      "Агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері" деген 4-бөлімде:
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау және ауыл шаруашылығы өнімін көтерме саудамен сату жүйесін дамыту;";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "АӨК салаларын индустрияландыру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін жеделдетіп дамыту;
      балық өсіру мен балық өнеркәсібін дамыту;";
      "Бірінші кезектегі шараларды іске асырудың жолдары мен тетіктері" деген 5-бөлімде:
      "Ғылыми негізделген агротехнологияның сақталынуы негізінде егіншілікте өңірлік мамандану" деген 1.1-параграфта:
      "Мәселелер" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жүзім екпелерінің алаңын және жүзімнің жоғары сапалы және жоғары өнімді сорттарын отырғызу материалын өндіруді қысқарту.";
      "Шаралар" деген кіші бөлімде:
      "майэкстрациялау зауытын салу" деген он жетінші абзац алынып тасталсын;
      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "биодизель өндіретін зауыт салу;";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "жүзімдіктердің ескі алаңдарын қалпына келтіру (қайта жаңарту) және жаңаларының негізін қалау;
      отандық шарап ашыту өнімінің сапасы мен түр-түрін жақсарту, өндіріс шығындары мен бағаларын төмендету есебінен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.";
      "Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеудің техникалық жарақтануын сапалы арттыру" деген 1.5-параграфта:
      "Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеудің техникалық жарақтануын арттыру" деген бөлікте:
      "Шаралар" деген кіші бөлімде:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты бар қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасының импорты;";
      "Өсімдік шаруашылығы өнімінің кластерлік басым бағыттары негізінде тігінен және көлденеңінен ықпалдасқан өндірісті құру" деген 1.6-параграфта:
      "Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы астықты қайта өңдеу кластерінде":
      "Шаралар" деген кіші бөлімде:
      "Ақтау қаласында ұн тарту кешенін салу" деген он төртінші абзац және "Астық Қоймалары ЖШС" N 2 Нан базасынан астықты сақтау кешенін сатып алу" деген он бесінші абзац алынып тасталсын;
      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баку (Әзірбайжан), Амирабад (Иран) және Поти (Грузия) порттарында астық қабылдау терминалдарын, сондай-ақ Баку (Әзірбайжан) және Поти (Грузия) порттарында диірмен кешендерін салу";
      "Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жеміс-көкөніс кластерінде":
      "Шаралар" деген кіші бөлімде:
      екінші абзацтағы "жеміс тұқымбақтарын" деген сөздерден кейін ", жүзім көшеттіктерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзацтағы "жеміс-көкөніс дақылдарын" деген сөздерден кейін "және жүзім" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзацтағы "жеміс-жидек дақылдарының" деген сөздерден кейін "және жүзімнің" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "өңірлік бағдарламалар іс-шараларын жоспарлау (оның ішінде қаржыландыру) кезінде одан әрі есепке алу үшін өңірлердің ғылыми ұйымдарымен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың қазіргі жүзім екпелерінің алаңдарын түгендеуді жүргізуі";
      "Оңтүстік Қазақстан облысындағы»"Тоқыма өнеркәсібі" кластерінде":
      "Шаралар" деген кіші бөлімде:
      тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі отандық сертификаттау орталығын құру;
      акциялары кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілетін мақтаны қайта өңдеу кәсіпорнын салу;
      мақтаның сорттық тұқымдық материалын өндіретін зауыт салу.";
      "Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында көлік-логистикалық терминалын салу" деген он екінші абзац алынып тасталсын;
      "Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету" деген 1.9-параграфта:
      "Қаржылық қамтамасыз ету*" деген 11-кестеде:
      реттік нөмірі 1-жолда:
      2-бағанның а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басым дақылдар бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату";
      4-бағанда:
      "9700,0" деген сандар "12805,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "1000,0" деген сандар "996,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      "1000,2" деген сандар "800,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "1000,0" деген сандар алынып тасталсын;
      3, 5-бағандардағы "1000,0" және "1000,0" деген сандар алынып тасталсын;
      2-бағанның г) тармақшасы алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы "250,7" деген сандар "131,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 5-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі отандық сертификаттау орталығын құру және мақта талшығының сапасын сараптау құнын өтеу";
      реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 15-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақтаның сортты тұқымдық материалын өндіретін зауыт салу";
      4-бағандағы "700,0" деген сандар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 17-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақ Бидай-Терминал" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы Ақтау портындағы астық терминалының материалдық-техникалық базасын жақсарту";
      4-баған "280,0" деген сандармен толықтырылсын;
      "Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығындағы кластерлік басымдықтар негізінде сатылас және деңгейлес ықпалдасқан өндірісті құру" деген 2.3-параграфтың атауында "шаруашылығы мен балық" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Атырау облысындағы балық кластері" алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы "Балық өсіру, балық өнеркәсібі" деген 2.3-1-параграфпен толықтырылсын:
      "Параграф 2.3-1. "Балық өсіру, балық өнеркәсібі
      2.3-1.1. Балық өсіру
      Мәселелер:
      балық ресурстарын ұлғайтудың перспективалы бағыттарының бірі ретінде тауарлық балық өсіруді дамыту және балықты қолдан өсіру үшін жергілікті маңызы бар су тоғандарын пайдалану саласындағы заңнамадағы олқылықтар;
      балық отырғызу материалының жоғары өзіндік құны;
      республика аумағына балық отырғызу материалы (личинкаларын, балық шабақтарын және басқаларды) мен азықтық ағзаларын әкелу кезіндегі кедендік баждың жоғары ставкалары;
      тауарлық балық өсіруді дамыту үшін жеткілікті қуаттылықтардың болмауы;
      арнайы азықтардың, тыңайтқыштардың, емдік препараттардың, электр қуатының, су, жер ресурстарын пайдаланудың жоғары құны;
      тауарлық балық өсіруді мемлекеттік қолдау шараларының болмауы;
      тауарлық балық өндірудің төмен рентабельділігі;
      тауарлық балықты өсірудің алғашқы кезеңдерінде айтарлықтай мол шығын болатындықтан, балық өнімінің жоғары өзіндік құны.
      Міндеттер:
      балық шаруашылығының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
      тауарлы балық өсіруді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету.
      Шаралар:
      балық ресурстарын ұлғайтудың перспективалы бағыттарының бірі ретінде тауарлық балық өсіруді дамыту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      бекіре балық түрлерінің уылдырығын қайта өңдеу мен сатуға мемлекеттік монополия енгізу;
      балық отырғызу материалдарын және жем сатып алу үшін көл-тауарлық, тоғанды және басқа да балық өсіру шаруашылықтарына 50 пайыздық субсидия беру;
      балық жемін, балық өсіру жабдықтары мен мүкәммал шығаратын кәсіпорын құру;
      техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және Қапшағай су қоймасының, Майбалық, Петропавл және Қамыстыбас балық көшеттіктерінің негізгі құралдарына күрделі жөндеу жүргізу.
      Күтілетін нәтижелер:
      нормативтік құқықтық базаны тауарлы балық өсіру мен балықты қолда өсірудің қазіргі заманғы технологияларының талаптарына сәйкес келтіру;
      2009 жылға қарай индустриялық, көл-тауарлы, тоғанды, судағы торлы балық шарбағы және басқа да тауарлы балық өсіретін 50 шаруашылық құру;
      жерсіндіру және балық жіберу схемасына сәйкес тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын қажеттілігін отырғызу материалымен қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау үшін молықтыру кешені кәсіпорындарының қуаттылығына күрделі жөндеу жүргізу;
      тауарлы балық өсіру шаруашылықтарынан тауарлы балық аулау жылына 300 тоннаға дейін жеткізіледі.
      2.3-1.2. Балық өнеркәсібі
      Мәселелер:
      өндіріс саласында маркетингтік зерттеулердің болмауы, балық өнімінің түрлері бойынша, облыстар бойынша балық пен балық өніміне әлеуетті сұраныс (қажеттілік), балық өнімінің қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттың жеткіліксіздігі;
      ішкі және сыртқы рыноктағы маркетинг, қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті тауарлардың рынокқа қол жеткізуі және басқа да мәселелер зерттеуді талап етеді;
      бағаны қалыптастыруға, балықты қайта өңдеу кәсіпорындарының рентабельділігіне, олардың түр-түріне және республикамыздың рыногына ұсынылған балық өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуші факторлар анықталмаған;
      елімізде шығарылатын өнімнің негізгі түрлерінің көлемі мен түр-түрі аз, қазіргі заманғы сапа стандарттарына сәйкес емес;
      аулау және қайта өңдеу, әсіресе терең қайта өңдеу жабдықтарының 100 пайызға жуық моральдық және табиғи тозуы, ескірген технологияларды қолдану;
      жаңа мұздатылған, өңделмеген балықтың экспорт түріндегі балық өнімі экспортының тек шикізаттық бағытта болуы;
      балық аулайтын теңіз флотының жоқтығы;
      соңғы 5 жыл бойына шабақ, майшабақ, кефаль кәсіпшілігі жоқ;
      балық аулау және қайта өңдеу секторы кәсіпорындарының экономикалық байланыстарының үзілуі;
      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын айқындау тетігінің жоқтығы.
      Міндеттер:
      балық өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету.
      Шаралар:
      балық өнеркәсібін қолдау мақсатында оны дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру;
      ересек итбалық пен ақүрпектің терісін, еті мен майын қолдану және ұтымды пайдалану мүмкіндігін зерделеу;
      мемлекет беретін жеңілдіктер мен преференцияларды пайдаланбайтын балық ресурстарын пайдаланушылардың құқықтық және экономикалық сауаттылығын арттыру;
      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілеу тетігін айқындау;
      балық өнімінің республикалық көрмесін өткізу;
      Арал өңіріндегі балық өнімін сатып алуға, қайта өңдеуге және сатуға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін пысықтау;
      салықтық және кедендік режимдерді қоса алғанда, су биологиялық ресурстарының және олардың өнімдерінің, әсіресе бекіре балығы түрлерінің қайта өңделуі мен айналымына бақылауды күшейту.
      Күтілетін нәтижелер:
      балық өсіру және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын құру;
       әлемдік рыноктағы қазақстандық балық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту және балық өнімдеріне "Қазақстандық Брэндті" қалыптастыру.
      2.3-1.3. Балық шаруашылығы саласындағы ғылыми әлеует пен білім беруді дамыту
      Мәселелер:
      жоғарғы білімі, техникалық және кәсіптік орта білімі бар білікті мамандардың жетіспеуі. Балық саласының дамуына қарай, балық  шаруашылығына тартылған жоғары білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар (орта буындағы) мамандарға қажеттілік артады;
      тауарлы балық өсіру саласындағы жаңадан әзірленген әдістемелердің жоқтығы;
      мемлекеттік ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
      Міндеттер:
      саланың ғылыми әрі білім беру әлеуетін және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін дамыту.
      Шаралар:
      жыл сайын бекіре балығының және басқа теңіз биоресурстарының жай-күйін бағалау бойынша Каспий маңындағы басқа мемлекеттермен бірлескен зерттеулер жүргізу;
      балық шаруашылығы саласындағы мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту;
      жоғарғы оқу орындарында балық шаруашылығы кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
      республиканың балық шаруашылығы су тоғандарында ғылыми зерттеулер жүргізудің тиімділігін арттыру;
      балық шаруашылығы бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиет және балық шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер жинағын шығару.
      Күтілетін нәтижелер:
      Қазақстанның тауарлы балық өсіру мен балық өнеркәсібі жөніндегі оқу құралдарын жасау;
      жоғарғы оқу орындарында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
      балық шаруашылығы саласының мамандықтары бойынша білім беру грантын көбейту және республиканың жоғарғы оқу орындарында балық шаруашылығы факультеттерін ашу.
      2.3-1.4. Атырау облысындағы балық кластері
      Мәселелер:
      балық аулайтын флоттың, балықты қайта өңдейтін салалардың материалдық-техникалық базасының қанағаттанғысыз жай-күйі, балық өнімдерін қайта өңдейтін қазіргі заманғы технологиялардың жоқтығы;
      қайта өңдейтін қуаттардың нашар дамуынан шағын балықтар сатып алу бағасының төмендігі;
      балық шаруашылығы учаскелерін балық шаруашылығы кәсіпорындарына бекітудің қысқа мерзімді сипаты;
      балық ресурстарын қорғау және өсімін молайту жөніндегі жұмыстардың төмен деңгейі;
      майшабақтар, кефаль, шабақ балықтар және теңіз итбалықтары (теңіз балық аулау шаруашылығы) үшін аулаушы және қайта өңдеуші қуаттардың болмауы;
      кластерге әлеуетті қатысушылардың өзара іс-қимылының әлсіздігі және олардың кластерлік дамудың пайдасы мен артықшылығы туралы ақпарат алу деңгейінің төмендігі;
      консервілеу өндірісінің нашар дамуы;
      жаңа мұздатылған балық өнімі экспортының, сондай-ақ тереңдетпей қайта өңделген өнімнің елеулі үлесі;
      балық өнімін пайдаланудың төмен көрсеткіші, 14 кг тұтыну нормасымен салыстырғанда жан басына шаққандағы тұтыну - 3,8 кг;
      білікті мамандармен қамтамасыз етудің жетіспеуі.
      Міндеттер:
      Атырау облысында бәсекеге қабілетті балық кластерін құру;
      ішкі рыноктың қажеттілігін қанағаттандыру және өнімділігі жоғары тауарлы балық шаруашылығын дамыту негізінде балық өнімінің экспортын арттыру.
      Шаралар:
      балық ресурстарын, оның ішінде шабақ балықтарды және балықтардың басқа да шағын түрлерін аулауды ұлғайту;
      консервіленген балық өнімін шығару саласында жоғары технологияларды енгізу;
      тереңдете қайта өңдеу өндірісін ынталандыру;
      жергілікті маңызы бар перспективалы су тоғандарында балық өнімін өндірудің баламалы, бәсекеге қабілетті әдістерін енгізу;
      балық өнімінің маркетингін жақсарту және балықшылар мен балықты қайта өңдеушілердің өткізу рыногына қол жеткізуін жеңілдету;
      республика су тоғандарында балықтың құнды түрлерінің кәсіпшілік санын қалыптастыру;
      балық саласына инвестициялар тарту, сондай-ақ балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға ұзақ мерзімді негізде бекітіп беру жолымен балық ресурстарын қорғау және молықтыру ахуалын жақсарту.
      Күтілетін нәтижелер:
      балықтарды, итбалықтарды одан әрі қайта өңдеу арқылы оларды аулауды және қайта өңдеуді ұлғайту, балық шаруашылығын дамытудың мүмкіндігін кеңейту;
      тереңдете қайта өңделген өнімнің экспортын ұлғайту;
      көлеңкелі айналымды қысқарту, бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайту;
      балықты және балық өнімін жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткішін ұлғайту;
      саланың кірістілігін және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру;
      балық ресурстарын қорғау және өсімін молайту жай-күйін жақсарту.";
      "Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту шараларын қаржылық қамтамасыз ету" деген 3.2-параграфта:
      "Қаржылық камтамасыз ету*" деген 24-кестеде:
      реттік нөмірі 1-жолдың "2007 жыл", "2008 жыл" деген бағандарындағы "900,0" және "1500,0" деген сандар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 2-жолдың "2007 жыл" деген бағанындағы "100,0" деген сандар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 3-жолда:
      "Шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тракторларды, олардың тіркемелерін, ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу";
      "2007 жыл" деген бағандағы "63,3" деген сандар "217,6" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4, 5-жолдармен толықтырылсын:
   "4. Ауыл шаруашылығы техникасының       -    158,2      -
       қаржылық лизингі бойынша сыйақы
       (мүдделерін) ставкаларын өтеу
   "5. Ауыл шаруашылығы машиналарын        -      -        -
       жасаудағы басым бағыттар бойынша
       өндірісті әзірлеу және ұйымдастыру
       жөнінде бас жобалау-конструкторлық
       бюролар құру және олардың тиімді
       жұмыс істеуі жөнінде шаралар әзірлеу                  ";
      "Барлығы" деген жолдың 4-бағанындағы "1063,3" деген сандар "375,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Ауыл шаруашылығы өнімдерін әзірлеу жүйесі" деген 4.2-параграфта:
      "Шаралар" деген кіші бөлімде:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ауылдық тұтыну кооперативтерін, шаруашылық серіктестіктерін, акционерлік қоғамдарды, ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өндіру, даярлау, сақтау, қайта өңдеу, өткізу, тасымалдау жөніндегі өндірістік кооперативтерді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау, сондай-ақ арнайы техникамен, тоңазытқыш және арнайы жабдықтармен жарақтандырылған басқа да қызметтер көрсету бойынша жеңілдікпен кредит беру арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіруді ынталандыру;";
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "коммерциялық және коммерциялық емес негізде шикізатты өндірушілер мен қайта өңдеушілердің ауыл шаруашылығы өнімін өткізудегі, сақтаудағы, қайта өңдеудегі, тасымалдаудағы, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың мүддесін ортақтастыру;";
      "АӨК қаржылық және сақтандыру инфрақұрылымдары" деген 4.4-параграфта:
      "Астық қолхаттары жүйесі" деген бөлікте:
      "Шаралар" деген кіші бөлімде:
      "астық қолхаттарын есепке алудың онлайн режиміндегі электрондық жүйесін енгізу" деген үшінші абзац алынып тасталсын;
      "Ауылдық шағын кредит беру" деген бөлікте:
      "Мәселелер" деген кіші бөлімде:
      "ауыл халқына шағын кредит беру жүйесін дамытуға терең мағыналы келудің жоқтығы" деген төртінші абзац алынып тасталсын;
      "АӨК саласын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету" деген 4.6-параграфта:
      "Мәселелер" деген кіші бөлімде:
      "ғылыми ұйымдардың бәсекелес сектор жұмыс істейтін өндірістік салаға негізсіз қатысуы, бұл ғылыми зерттеуге арналған бюджеттік қаражатты арнаулы емес өндірістік мақсаттарға аудару үшін жағдай тудырады" деген жетінші абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жүргізу үшін жұмыс жүргізу үшін шарттардың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету жүйесінің жеткіліксіз дамуы;
      аграрлық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарын білікті ғылыми кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, ғылыми кадрлардың қартаю үрдісі;
      ғалымдардың жеткіліксіз әлеуметтік қорғалуы.";
      "Шаралар" деген кіші бөлімде:
      "ғылыми ұйымдардың Жарғысына тиісті өзгерістер енгізу жолымен бәсекелес сектордың өндірістік процесіне олардың қатысуын шектеу" деген төртінші абзац алынып тасталсын;
      "Қызмет көрсету инфрақұрылымдарын және өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау жүйелерін дамыту жөніндегі іс-шаралар қаржылық қамтамасыз ету" деген 4.7-параграфта:
      "Қаржылық қамтамасыз ету*" деген 25-кестеде:
      реттік нөмірі 7-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сыналатын сорттарының сапасын бағалау жөніндегі зертхананы жарақтандыру";
      4-бағандағы "500,0" деген сандар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 15-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауылдық тұтыну кооперативтеріне, шаруашылық серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдарға, ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өндіру, даярлау, сақтау, қайта өңдеу, өткізу, тасымалдау, сондай-ақ басқа да қызметтер көрсету жөніндегі өндірістік кооперативтерге жеңілдікпен кредит беру жолымен ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіруді ынталандыру;";
      реттік нөмірі 25-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 28-жолдың 4-бағанындағы "4507,0" деген сандар "2360,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 29-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 30-жолдың 4-бағанындағы "65,0" деген сандар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 31-жолдың 4-бағанындағы "200,0" деген сандар "50,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 32-жолдың 4-бағанындағы "2240,7" деген сандар "550,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 33-жолдың 4-бағанындағы "0,6" деген сандар "0,63" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 35-жолдың 4-бағанындағы»"30,0" деген сандар алынып тасталсын;
      "Барлығы" деген жолдың 4, 5-бағандарындағы "54781,8", "66968,7" деген сандар "50091,63", "66943,7" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 7-бөлімде:
      мәтіндегі "РМК" және "ЕМК" деген аббревиатуралар "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 1.18, 1.21-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 1.22-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Биодизель өндіретін зауыт салу";
      7-баған "819,0" деген сандармен толықтырылсын;
      9-баған "және басқа да көздер қаражат" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.22-1, 1.22-2-жолдармен толықтырылсын:

"1.22-1

Ауылшаруашылығы
дақылдары
сорттарының
селекциялық
жетістіктерін
және мемлекеттік
сынауды қорғау
саласындағы
нормативтік-
құқықтық базаны
жетілдіру

ҚРҮ-
не
ақ-
па-
рат

АШМ
(жинақ-
тау),
мүдделі
орталық
және
жергі-
лікті
орган-
дар

Қаңтар
алдыңғы
жылдың
қоры-
тынды-
лары
бойынша




Қаржы-
лық
шығын-
дарды
қажет
етпейді

1.22-2

Ауыл шаруашылығы
дақылдарын егуде
Қазақстан
Республикасында
пайдалануға
рұқсат етілген
селекциялық
жетістіктердің
мемлекеттік
тізіліміне
енгізілген
немесе
перспективті деп
танылған
ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің
ғана сорттарын
пайдалануды
қамтамасыз ету

ҚРҮ-
не ақ-
па-
рат

АШМ
(жинақ-
тау),
облыс-
тардың
әкім-
дері

Қаңтар
алдыңғы
жылдың
қоры-
тын-
дылары
бойынша




Қаржы-
лық
шығынды
қажет
етпейді
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                    ";

      реттік нөмірі 1.24-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 1.32-жолдың 7-бағаны "12805,0" деген сандармен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 1.33-жолдың 7-бағаны "158,2" деген сандармен толықтырылсын;
      реттік нөмірлері 1.39, 1,42-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 1.43-жолдың 2-бағанындағы "және ұн тарту кешенін" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 1.46-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 1.47-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақтау портындағы астық терминалының материалдық-техникалық базасын "Ақ Бидай-Терминал" АҚ-ның жарғылық капиталын арттыру жолымен жақсарту";
      реттік нөмірі 1.48-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.50-1-жолмен толықтырылсын:

1.50-1

Алматы облысы Қарасай ауданының
Шамалған ауылында
және Еңбекшіқазақ
ауданының Шелек ауылында
жеміс-көкөніс
өнімдерін қайта
өңдейтін екі
зауыт салу

ҚРҮ-
не
ақпа
рат

Алматы
облысы-
ның
әкімі

2008ж.
IV
тоқсан


500,0


Басқа
қара-
жат
 
 
 
 
 
 
         ";

      реттік нөмірі 1.54-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 1.57-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақта талшығы сапасын сараптау құнын өтеу";
      7-баған "253,7" деген сандармен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 1.59-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда
жазылсын:
      "Қозаның сортты тұқымдық материалын өндіретін зауыт салу";
      реттік нөмірі 1.61-жол алынып тасталсын;
      2-1-кіші бөліммен және мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2-1.1, 2-1.2, 2-1.3, 2-1.4, 2-1.5, 2-1.6, 2-1.7, 2-1.8-жолдармен толықтырылсын:
      "2-1. Балық шаруашылығы, балық өнеркәсібі

2-1.1

Балық жемдерін, балық
өсіру жабдықтарымен
мүкәммалын өндіру
жөніндегі кәсіпорындарын
құру жөнінде ұсыныстар
енгізу

ҚРҮ-
не
ұсы-
ныс

ИСМ,
ЭБЖМ,
АШМ

2008
ж. IV
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді

2-1.2

Итбалықтың майын, етін
және терісін медициналық
және басқа да
мақсаттарға қолдану
жөніндегі ұсыныстарды
зерделеу және енгізу

ҚРҮ-
не
ұсы-
ныс

АШМ,
ИСМ,
ДМ

2007
ж. IV
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді

2-1.3

Балық саласында жұмыспен
қамтылған шағын және
орта бизнеске қатысты
Қазақстан Республикасында
салық, кеден, инвестиция
және кредит саясатын
түсіндіру мәселелері
бойынша АШМ, ЭБЖМ,
Қаржымині, ИСМ
өкілдерімен
пайдаланушылардың
аймақтық кездесулерін
ұйымдастыру жөнінде
ұсыныстар енгізу

ҚРҮ-
не
ақпа-
рат

АШМ,
ЭБЖМ
Қар-
жы-
мині,
ИСМ

2007
ж. IV
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
-ді

2-1.4

Республикалық көрме
ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚРҮ-
не
ұсы-
ныс

АШМ,
Аста
-на
қа-
ла-
сы-
ның
әкім
-ді-
гі

2008 ж.
IІІ
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді

2-1.5

Арал өңірінде балық
өнімін сатып алуға,
қайта өңдеуге және
сатуға бағытталған
инвестициялық жобаны
іске асыру жөнінде
ұсыныстар енгізу

ҚРҮ-
не ақпа-рат

Қы-
зыл-
орда
об-
лы-
сы-
ның
әкі-
мді-
гі,
"Қа-
зы-
на"
ор-
нық-
ты
даму
қоры" АҚ

2008
ж. I
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді

2-1.6

Су биологиялық ресурста-
рының және олардың өнімдерінің, әсіресе Каспий теңізіндегі
бекіре балық түрлерінің
қайта өңделуі мен
айналымына салық және кедендік режимдерді қоса
алғанда, бақылауды
күшейту жөнінде
ұсыныстар енгізу

ҚРҮ-
не
ұсы-
ныс-
тар

АШМ,
ҚМ,
ІІМ

2008
ж. IІ
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
-ді

2-1.7

Балық шаруашылығы саласы
мамандықтары бойынша мемлекеттік білім
тапсырыстарын ұлғайту
жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚРҮ-
не
ұсы-
ныс

БҒМ, АШМ

2008
ж. IV
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
-ді

2-1.8

Жоғары оқу орындарындар-
да балық шаруашылығы
кадрларының біліктілігін
арттыру және оларды
қайта даярлау жөнінде
шаралар қабылдау

ҚРҮ-
не
ақ-
парат

БҒМ, АШМ

2008
ж. IІ
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді ";

      реттік нөмірі 3.6-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу";
      7-баған "217,6" деген сандармен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3.6-1, 3.6-2, 3.6-3-жолдармен толықтырылсын:

3.6-1

Ауыл шаруашылығы
машиналарын жасаудың
басым бағыттары бойынша
өндірісті әзірлеу мен
ұйымдастыру жөніндегі
бас жобалау-конструктор-
лық бюролар құру және
олардың тиімді жұмыс
істеуі жөнінде шаралар
әзірлеу

ҚРҮ-
не
ұсы-
ныс

АШМ, ИСМ

2008
ж.
Маусым




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді

3.6-
2

Шетелдік ауыл
шаруашылығы техникаларын
пайдалану, техникалық
қызмет көрсету және
жөндеу бойынша кадрларды
қайта даярлау жөніндегі
өңірлік орталықтардың желісін құруға
жәрдемдесу

АШМ-
ге
ақ-
па-
рат

АҚ
"Қаз-
Агро
инно-
ва-
ция"

2008
ж. IV
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді

3.6-3

Өсімдік шаруашылығын,
мал шаруашылығын және
ауыл шаруашылығы өнімін
өңдеуді кешенді
механикаландыруға
арналған технологиялар
мен машиналар жүйесі
жөнінде ұсынымдар
әзірлеу және басып
шығару

АШМ-
ге
ақпа
рат

АҚ
"Қаз-
Агро-
инно-
ва-
ция"

2007-
2008
жж. IV
тоқсан




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді
 
    ";

      реттік нөмірі 4.17-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сыналатын сорттарының сапасын бағалау жөніндегі зертхананы жарақтандыру";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4.20-1-жолмен толықтырылсын:   

"4.20
-1

Тарифтік реттеу,
мемлекеттік
стандарттарды жетілдіру
және ИСО базасында
сапаны басқару
жүйесінің халықаралық
стандарттарға өтуін
қамтамасыз ету арқылы
Қазақстан астығының
бәсекеге қабілеттілігін
арттыру

ҚРҮ-не
ақпарат

АШМ
(шақы
-ру),
ИСМ

Қаңтар,
алдыңғы
жылдың
қоры-
тынды-
лары
бойынша




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді
 
 
      ";

      реттік нөмірі 4.21-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауылдық тұтыну кооперативтерін, шаруашылық серіктестіктерін, акционерлік қоғамдарды, ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өндіру, даярлау, сақтау, қайта өңдеу, өткізу, тасымалдау жөніндегі өндірістік кооперативтерді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау, сондай-ақ арнайы техникамен, тоңазытқыш және арнайы жабдықтармен жарақтандырылған
басқа да қызметтер көрсету бойынша жеңілдікпен кредит беру арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіруді ынталандыру";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4.27-1, 4.27-2-жолдармен толықтырылсын:

4.27-1

Бар тауарлық биржаларда
ауылшаруашылығы
өнімдерін биржалық
сатуды жарғылық
капиталын ұлғайту
жолымен дамыту

ҚРҮ-не
есеп

АШМ
(шақы-
ру),
ИСМ,
кәсіп-
керлер-
дің
қоғам-
дық
бірлес-
тіктері
(келі-
сім
бойы-
нша)

Қаңтар,
алдың-
ғы
жылдың
қоры-
тынды-
лары
бойын-
ша




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
-ді

4.27-2

Ұн мен нан
өндірушілердің Орта
Азиялық қауымдастығын
құру

Келісім

кәсіп-
керлер-
дің
қоғам-
дық
бірлес-
тіктері
(келі-
сім
бойын-
ша)

2007
жылдың
IV
тоқса-
ны




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді
 
 
      ";

      реттік нөмірі 4.31, 4.41 және 4.52-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 5.17-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "ИСМ, ҚМ, АШМ, облыстардың әкімдері".

5.18

Экспорттық өнім орамына
қойылатын бірыңғай
талаптарды әзірлеу

ҚРҮ-не
ақпарат

ИСМ,
(шақы-
ру),
АШМ
кәсіп-
керлер-
дің
қоғам-
дық
бірлес-
тіктері
(келі-
сім
бойын-
ша)

Жарты
жылдық
қоры-
тынды-
лары
бойын-
ша,
жыл
сайын




Қаржы-
лық
шығын-
ды
қажет етпей
ді
 
 
 
 
 
         ";

      "Барлығы" деген жолдың 7-бағанындағы "126218,2" деген
сандар "98885,6" деген сандармен ауыстырылсын;
      "о.і. республикалық бюджет" деген жолдың 7-бағанындағы "119188,5" деген сандар "98878,6" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-бөлімге ескертуде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 654 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру іс-шараларының жоспарымен жиынтық қорытындылары сәйкес келтірілген" деген сөздер алынып тасталсын;
      ескертулерде (аббревиатуралардың толық жазылуы):
      "СШ ҒЗИ ЕМК "Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" еншілес мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздер "СШ ҒЗИ ЖШС "Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мақта шаруашылығы ҒЗИ ЕМК "Мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты" еншілес мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздер "Мақта шаруашылығы ҒЗИ ЖШС "Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ЭБЖМ Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Әділетмині Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ІІМ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі";
      "АШҒӨО РМК "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер АШҒӨО ЖШС "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "БШ ҒӨО РМК "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздер "БШ ЖШС "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік кәсіпорны" ЖШС" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ауыл шаруашылығының Оңтүстік Батыс ғылыми-өндірістік орталығы РМК "Ауыл шаруашылығының Оңтүстік Батыс ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздер "Ауыл шаруашылығының Оңтүстік-Батыс ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС "Ауыл шаруашылығының Оңтүстік-Батыс ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектелу серіктестігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "РМК Республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 5 қазандағы
N 903 қаулысына
қосымша    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейін дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі кеңейтілген шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817 қаулысы .

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1369 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 478-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.

      3. "Қазақстанда жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісін қалпына келтірудің және дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1621 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 47, 552-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1621 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 332 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 15, 158-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1184 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 484-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 654 қаулысы .

      7. "Қазақстан Республикасында құс тұмауы таралуының алдын алу жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 801 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 32, 344-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады