Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 931 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
       1. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      ІІ "Шығындар" бөлімінде:
      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
      02 "Қаржылық қызмет" ішкі функциясында:
      600 "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі" әкімшісі бойынша:
      001 "Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша:
      001 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасы бойынша "538431" деген сандар "521606" деген сандармен ауыстырылсын;
      017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша "5175" деген сандар "22000" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады