Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Оңтүстіксушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі Оңтүстік Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне Шардара су қоймасын құрылыстарымен қоса беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 939 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Оңтүстіксушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне қабылдау-беру актісі бойынша "Шардара су электр станциясы" акционерлік қоғамына уақытша басқаруға берілген Шардара су қоймасы заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыстарымен қоса берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.

      3. "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1344  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 638-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
      "Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 63) тармақшасымен толықтырылсын:
      "63) Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасы".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады