Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 288-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Ресей Федерациясының»"ОГК-2" Троицк мемлекеттік аудандық электр станциясы" ашық акционерлік қоғамының филиалына 2012 жылдың соңына дейін ТН ВЭД ТМД 262100000 кодына сәйкес күл-қоқыс қалдықтарын 16,4 млн. тонна мөлшерінде Қостанай облысының аумағына орналастыру үшін Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау министрліктері, Қостанай облысының әкімі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі