Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 952 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.   Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
      "Бағдарламадан тыс" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 222-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

222

Алматы облысы
Талдықорған қаласында-
ғы Алматы облыстық
сотының ғимаратына
жапсарлас құрылыс салу
жобасының жобалау-
сметалық құжаттамасын
әзірлеу және сарапта-
мадан өткізу

ЖС

2007

9 600

  

9 600

  

  

  

 
                                                            ";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-1-жолмен толықтырылсын:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

238-1

Алматы облысы
Қаскелең қаласының
Мақашев көшесінде
Қарасай аудандық
сотының ғимаратын
салу

ЖС

2007-
2009

614895

  

70
400

250278

294217

  

 
                                                            ";
      Бағдарламадан тыстағы БАРЛЫҒЫ жолында:
      "130 410 587" деген сандар "130 575 290" деген сандармен ауыстырылсын;
      "132 422 732" деген сандар "132 716 949" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
      501 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты" әкімшісі бойынша:
      006 "Сот жүйесі органдарының объектілерін дамыту 1413 500" бағдарламасында:
      "Алматы облысы Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық сотының ғимаратына жапсарлас салу 80 000" деген сөздер»"Алматы облысы Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық сотының ғимаратына жапсарлас құрылыс салу жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және сараптамадан өткізу 9 600" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Алматы облысы Қаскелең қаласының Мақашев көшесінде Қарасай аудандық сотының ғимаратын салу 70 400";

      3) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  401-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 6-тармақтың 5-бағанының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) Алматы облысы Қаскелең қаласының Мақашев көшесінде Қарасай аудандық сотының ғимараты (03.07.2007 ж.N 7-349/07 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама қорытындысы)";
      7-тармақтың "Тікелей нәтижесінің" 1), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Орал, Петропавл, Өскемен, Қостанай, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Атырау, Астана, Алматы облысының Қаскелең қалаларындағы облыстық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарына жапсарлас құрылыс салу бойынша мемлекеттік ведомостводан тыс сараптамадан өткізілген жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту;
      3) Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Орал, Петропавл, Өскемен, Тараз, Қызылорда қалаларындағы облыстық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарына жапсарлас құрылыс салудың басталуы және Алматы облысының Қаскелең қаласында және Атырау қаласында әкімшілік ғимараттар құрылысының басталуы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады