Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір орталық атқарушы органдарындағы жауапты хатшының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының кейбір орталық атқарушы
органдарындағы жауапты хатшының мәселелері
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрлері өздері басқаратын министрліктерде жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыруға уәкілетті деп белгіленсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті