Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасының микрокредит желісін іске асырудың негізгі талаптары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 969 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы  Заңымен ратификацияланған 2005 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) (бұдан әрі - Келісім) D. 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі конкурстық негізде Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасының (бұдан әрі - жоба) микрокредит желісі бойынша қарыз алушы банкті айқындасын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қарыз алушы банк Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасының микрокредит желісі бойынша кредиттік шарттың тараптары болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде мынадай шарттарда кредиттік шарт жасасуды қамтамасыз етсін:
      1) кредит қаражатының жалпы көлемі 4750000 (төрт миллион жеті жүз елу мың) АҚШ долларына баламалы соманы құрайды (бұдан әрі - кредит), соның ішінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыз қаражаты 3650000 (үш миллион алты жүз елу мың) АҚШ долларына баламалы соманы құрайды, республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты 1100000 (бір миллион бір жүз мың) АҚШ долларына баламалы соманы құрайды, бұл ретте қарыз алушы банкке арналған кредит сомасы кредиттік шарттың талаптарына сәйкес айқындалады;
      2) кредит валютасы теңге болып табылады;
      3) кредит қарыз алушы банкке келешекте жобаға қатысушы микроқаржыландыру мекемелеріне (бұдан әрі - ҚМҚМ) кредит беру көзін құру және микрокредит желісі бойынша операциялар ұйымдастыру үшін ҚМҚМ көрсететін қаржылық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында беріледі;
      4) кредит қарыз алушы банкке негізгі борышты өтеу бойынша төрт жылдық жеңілдік кезеңімен 12 (он екі) жыл мерзімге беріледі;
      5) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген кредиттік қаражатты игеру кезеңі тиісті қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін белгіленеді;
      6) теңгемен есептелген кредит бойынша сыйақы ставкасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасына тең ауыспалы ставка болып табылады;
      7) кредит бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі қамтамасыз етудің болуы.

      4. Кредиттік шарттың тараптары жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңнамалық актіде көзделген сома шегінде осы қаулыда айқындалған шарттарда республикалық бюджеттен кредит беру туралы кредиттік шартқа қосымша келісімдер жасассын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады