Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы
9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.»"Қазақстан Республикасы Президентінің»"Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат; 2007 ж., N 24, 267-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты" атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі;
көрсетілген комиссияның құрамынан Б.С. Ізмұхамбетов, М.Ә. Құсайынов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті