Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 30 қазандағы N 1009 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына ,»"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын орналастыру үшін Астана қаласындағы»"Министрліктер үйі" ғимаратын қайта жоспарлауға 216013000 (екі жүз он алты миллион он үш мың) теңге бөлінсін (12В, 13В, 14В бөліктері).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады