Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1033 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 426 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.06.2015 № 426 қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 2 қарашадағы
N 1033 қаулысымен 
бекітілген    

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) пайдалануға беру тәртібін белгілейді.

2. Ескерткіштерді пайдалануға беру тәртібі

      2. Мемлекеттің меншігі болып табылатын ескерткіштер тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) шешімі бойынша жеке және заңды тұлғаларға (өтініш берушілер) ғылыми, мәдени-ағарту, туристік және өзге де мақсаттар үшін пайдалануға беріледі.

      3. Мемлекет меншігі болып табылмайтын ескерткіштер жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға беріледі.

      4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекет меншігі болып табылатын ескерткішті пайдалануға алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2013 № 254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Уәкілетті орган жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және өтініш берушіге қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2013 № 254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды не мынадай негіздер бойынша:
      1) мәлімделген ескерткіш пайдалануда болса;
      2) ескерткішті пайдаланудың мақсаты мен сипаты ескерткіштің жай-күйіне нұқсан келтіретін болса;
      3) ескерткішті пайдаланудың мақсаттары оның бастапқы мақсатына сәйкес келмесе пайдалануға беруден бас тартады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2013 № 254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге ескерткішті пайдалануға беруге келісу және ескерткішті пайдалануға беру туралы шарт жасасу туралы жазбаша хабарлама жібереді.
      Ескерткішті пайдалануға беру туралы шартқа уәкілетті орган мен өтініш беруші арасында өтініш берушіге хабарлама жіберілген күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қол қойылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2013 № 254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-1. Уәкілетті орган теріс шешім қабылдаған кезде, өтініш берушіге ескерткішті пайдалануға беруден дәлелді бас тарту жазбаша нысанда жіберіледі.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2013 № 254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары ескерткішті пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қорғау міндеттемесін береді.

      9. Мемлекеттік меншікке ескерткішті пайдалануға берген кезде пайдаланушыдан ескерткішті пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жалдау ақысының ставкалары бойынша жалдау ақысы өндіріп алынады.

      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2013 № 254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Ескерткіштерді пайдаланып отырған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштерді сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану міндеттерін олар бұзған жағдайда, соның салдарынан тарих және мәдениет ескерткіші жойылу немесе бүліну қатеріне ұшыраса, олар пайдалану құқығынан айырылады.
      Ескерткішті пайдалану құқығынан айыру, егер ескерткішті қорғау міндеттемесінде өзгеше көзделмесе, ескерткіштің меншік иесінің немесе уәкілетті органның өтініші негізінде соттың шешімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Халықаралық және республикалық
маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерін пайдалануға 
беру ережесіне       
қосымша           

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2013 № 254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Нысан

                                      Қазақстан Республикасы Мәдениет
                                      және ақпарат министрлігі
                                      Мәдениет комитетінің төрағасы
                                      _______________________________
                                      _______________________________
                                      _______________________________
                                        (өтініш берушінің тегі, аты,
                                         әкесінің аты немесе атауы)

Өтініш

________________________________________ ескерткішін ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ мақсатында
      (ескерткішті пайдаланудың қысқаша сипаттамасы)
пайдалануға беруді сұраймын.

Өтініш берушінің деректері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және
                      ұйымдық-құқықтық нысаны)
_____________________________________________________________________
           (жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН)
_____________________________________________________________________
  (жеке тұлғаның тұратын жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері)

      Қолы ____________________________
      Мерзімі _________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады