Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 995 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1058 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 995  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 37, 417-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру" деген 5.1-кіші бөлімде:
      сегізінші және тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын;
      "8. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген бөлімде:
      "Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру" деген 1-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 5 және 6-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен«бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады