Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге 2003 жылғы 5 қыркүйекте Ташкентте қол қойылған өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы (бұдан әрі - Келісім) 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес,
төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:
1-бап
Келісім 2-бабының бірінші абзацындағы»"Қырғыз Республикасы Бішкек" сөз тіркесі»"Өзбекстан Республикасы Ташкент" сөз тіркесімен алмастырылады.
2-бап
Осы Хаттама бекітуге жатады және депозитарийге төртінші ратификациялық грамотаны сақтауға берген күннен бастап 30-шы күні күшіне енеді.
3-бап
осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
2003 жылғы 5 қыркүйекте Ташкент қаласында бір данада орыс және қытай тілдерінде жасалды, сонымен қатар екі мәтіннің де күші бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
ҚЫТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН
ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН