Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлімінде:
03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында, 01 "Құқық қорғау қызметі" кіші функциясында, 618 "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)" әкімшісі бойынша 001 "Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша:
007 "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру" кіші бағдарламасы бойынша "36 774" деген сандар "22 396" деген сандармен ауыстырылсын;
009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" кіші бағдарламасы бойынша "114 191" деген сандар "128 539" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға
436-қосымшада
:
5-тармақта "өздерінің лауазымды міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін ұсынылатын талаптарға сәйкес кәсіби қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық білімін, іскерлігі мен дағдыларын жаңарту" деген сөздер алынып тасталсын;
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 6-жолда "- электр плиталары." деген сөздерден кейін "лингафон жабдықтары - 10 жиынтық." деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта "17,3" деген сандар "10,5" деген сандармен ауыстырылсын.