Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»21 қарашадағы
N 1123 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық
аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік
құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық
үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және
арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге өзгерістер
енгізу туралы хаттама
1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1. Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. Келісімнің атауындағы»"Тексеру" деген сөзден кейін "калибрлеу, салыстыру" деген сөздермен толықтырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
1.2. Кіріспенің үшінші абзацы»"өндіру, тексеру" деген сөздерден кейін "калибрлеу, салыстыру" деген сөздермен толықтырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
1.3. 2-бап»"Тексеру" деген сөзден кейін "калибрлеу, салыстыру" деген сөздермен толықтырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
1.4. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Келісім оған 1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысатын басқа мемлекеттердің депозитарийге - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының Атқарушы комитетіне осындай қосылу туралы құжаттарды беру жолымен қосылуы үшін ашық.".
1.5. Келісім мынадай мазмұндағы 7-баппен толықтырылсын: "Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамамен ресімделеді.", тиісінше келесі баптардың нөмірін өзгертіп.
2. Осы Хаттаманы түсіндіруге немесе қолдануға байланысты даулар мен келіспеушіліктер, егер Тараптар басқа туралы уағдаласпаса, келіссөздер мен консультациялар жүргізу жолымен шешіледі.
3. Осы Хаттама мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.
2007 жылғы ___________________ _____________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі үшін
Молдова Республикасының Үкіметі үшін
Армения Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Грузия Үкіметі үшін
Түрікменстан Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
Украина Үкіметі үшін