Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1143 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
      1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 1143 қаулысымен   
бекітілген      

Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына
(іске асырылуына)
жауаптылар

Орындалу
(іске асырылу)
мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Респуб-
ликасының Үкіметі
мен ҰБ өкілдерінің
ірі ұлттық компа-
ниялардың еурообли-
гацияларын шетел
нарықтарына орнала-
стыру кезінде ел
экономикасы мен
қаржы секторындағы
ағымдағы үрдістер-
ді түсіндіру мақ-
сатында қатысуы

Қазақстан
Республикасы
ПрезидентініңӘкімшілігіне
ақпарат

ЭБЖМ,
Қаржымині,
ҰБ (келісім
бойынша)

Қажеттілі-
гіне қарай

2.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҰБ, ҚҚА және шетелдік инвесторлар деңгейінде телефон конференцияларын тұрақты түрде өткізу конференцияға қатысушыларды (Интернет бойынша алдын-ала тіркеу және талқылауға ұсынылған сұрақтарды айқындау шартымен)

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің,
ҰБ, ҚҚА-ның
интернет-
ресурстарындағы
баспасөз-релизі

ЭБЖМ,
Қаржымині,
ҰБ (келісім
бойынша), ҚҚА
(келісім
бойынша)

Тоқсан сайын

3.

Халыкаралық рейтин-
гтік агенттіктер
мен халықаралық
ұйымдардың қатысуы-
мен өткізілетін
саммиттерде, конфе-
ренцияларда, трени-
нгтерде тұсаукесер-
лер өткізу

Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Әкімшілігіне
және Қазақстан
Республикасы-
ның Үкіметіне
ақпарат

ЭБЖМ,
Қаржымині,
ИСМ, ҰБ
(келісім
бойынша), ҚҚА
(келісім
бойынша), АӨҚОА
(келісім
бойынша)

Тоқсан сайын

4.

Әлемдік экономика-
дағы үрдістерді
және олардың Қазақстан экономи-
касына әсерін
талқылау үшін ха-
лықаралық агенттік-
тер, халықаралық
сарапшылар және
Қазақстан Республи-
касының мемлекет-
тік органдары
өкілдерінің қаты-
суымен жыл сайын
дөңгелек үстел
немесе конференция
өткізу

Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Әкімшілігіне
және Қазақстан
Республикасы-
ның Үкіметіне
ақпарат

ЭБЖМ,
Қаржымині,
ИСМ, ҰБ
(келісім
бойынша), ҚҚА
(келісім
бойынша), АӨҚОА
(келісім
бойынша)

Жыл сайын

5.

Халықаралық қаржы
нарықтарында айна-
лымда жүрген, қа-
зақстандық компа-
ниялар шығарған
қаржылық (борыштық
және үлестік) құра-
лдар нарығының мо-
ниторингін жүргізу

Қазақстан
Республикасы-
ның Үкіметіне
талдамалық
есеп

ҰБ (келісім
бойынша),
ҚҚА (келісім
бойынша)

Тоқсан сайын

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

ЭБЖМ          - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                жоспарлау министрлігі
Қаржымині     - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ           - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                министрлігі
ҰБ            - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҚКА           - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
                ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
АӨҚОА         - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік
                қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады