"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімде (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы) қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1152 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы) қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы) қол қою туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы  Заңына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің жобасы (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы) қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

                                        Қарыздың нөмірі__________

                    Қазақстан Республикасы

                              мен

             Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі

                           арасындағы

                      Қарыз туралы келісім

   (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы)

                      Күні      ,200__ж.

                      Қарыз туралы келісім

___________________________, 200_ ж ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚАРЫЗ АЛУШЫ) МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ (БАНК) арасындағы келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк келесі мәселелер жайлы мынадай келісімге келеді:

I БАП - Жалпы шарттар; Анықтамалары

1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімнің Қосымшасында анықталғандай) осы Келісімнің ажырағысыз бөлігі болып табылады.
1.02. Егер контекстте басқаша мағына болмаса, осы Қарыз Туралы Келісімдегі бас әріппен жазылып қолданылатын аталымдар, Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада өздеріне бекітілген мағынаны білдіреді

II БАП - Қарыз

2.01. Банк Қарыз Алушыға жиырма төрт миллион екі жүз тоқсан мың АҚШ долларына тең (24 290 000 АҚШ доллары) ("Қарыз") соманы осы Келісімде баяндалған немесе көрсетілген мерзімге және шарттармен, осы Келісімнің 1 Қосымшасында сипатталған Жобаны ("Жоба") қаржыландыруға беруге келіседі.

2.02. Қарыз Алушы осы Келісімнің 2 Қосымшасындағы IV Тарауға сәйкес Қарыз қаражаттарын алуына қақылы.

2.03. Қарыз Алушы Банкке Қарыздың қаржысын резервте ұстағаны үшін Қарыздың пайдаланбаған (алынбаған) қалдығының жылдық бір проценттің төрттен үш бөлігі (3/4 от 1%) болып табылатын ставкаға сәйкес комиссия төлейді.

2.04. Қарыз Алушы Банкке Қарыздың негізгі сомаға байланысты міндеттемелерін өтеу үшін Қарыздың бір процент мөлшеріне сәйкес (1,0%) комиссия төлейді, алайда Банк өз қарауынша ара-тұра осы комиссияның бөлігін төлеуден босатуы мүмкін. Қарыз Алушы қаржыны резервте ұстағаны үшін комиссияны осы Қарыз заңды күшіне енгеннен кейінгі 60 күннің ішінде төлеуі тиіс.

2.05. Қарыз Алушы Қарыздың валютасы үшін ЛИБОР ставкасына тең ставка бойынша пайыз, оған қоса әр Пайыз Есептелетін Мерзімге Ауыспалы Спрэд төлейді, алайда Банк, өз қарауынша ара-тұра осы ставканың бөлігін төлеуді болдырмауы мүмкін.

2.06. Төлем мерзімдері - әр жылдың 15 ақпаны және 15 тамызы.

2.07. Қарыз Алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімнің 3 Қосымшасында көрсетілген өтеу кестесіне сәйкес төлейді.

III БАП - Жоба

3.01. Қарыз Алушы өзінің Жоба мақсаттарын жақтайтынын мәлімдейді және осыған орай Су Ресурстары Комитеті (СРК) арқылы және Жалпы Шарттардың 5 Бабына сәйкес осы Жобаны орындайды;

3.02. Осы Келісімнің 3.01 Тарауының шарттарын шектемей және Қарыз Алушы мен Банктің арасында басқалай келісім болмаса Қарыз Алушы Жобаның орындалуын осы Келісімнің 2 Қосымшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

IV БАП - Банктің Ықпал шаралары

4.01. Төлемдерді Тоқтатуға себеп болатын Қосымша Жағдайлар мыналарды қамтиды:
      (а) Жобаны Орындау Туралы Нұсқауға өзгертулер енгізілуі немесе оның күші уақытша тоқтатылуы, жойылуы немесе одан Банктің алдын ала келісімінсіз бас тартуы.
      (б) СРК-нің заңдарына, үкімдеріне, жарғысына немесе басқа да ұйымдастыру құжаттарына, оның ішінде осындай инструменттердің негізін қалаған заң актілеріне, өзгерістер енгізілуі, немесе олардың күші тоқтатылуы, жойылуы, немесе олардан бас тартуы сияқты жағдайлар СРК-нің осы Келісімде бекітілген міндеттерін орындауға байланысты қабілеттеріне материалдық және қолайсыз әсер етуі.

4.02. Мерзімінен Бұрын Өтеуге байланысты Қосымша Жағдайлар мынадан тұрады, атап айтқанда, осы Келісімнің 4.01 Тарауының (а) және (б) пункттеріндегі аталған жағдайлардың қайсыбіреуі орын алған жағдайда.

V БАП - Заңды күшіне ен уі

5.01. Заңды Күшіне Енуге байланысты Қосымша Шарт келесідей:

      СРК Жобаны Орындау Тобының (ЖОТ) құрамында қызмет істейтін,
      техникалық тапсырма шеңберінде және біліктілігі Банкке
      жарамды, Жоба Үйлестірушісін тағайындайды.

5.02. Заңды Күшіне Енудің ақырғы мерзімі болып осы Келісімге қол қойылған күннен бастап жүз сексен (180) күн өткеннен кейінгі мерзім есептеледі.

VI БАП - Қарыз Алушының Өкілдері; мекен-жайлары

6.01. Қарыз Алушының Қаржы Министрі Қарыз Алушының Өкілі болып табылады.

6.02. Қарыз Алушының мекен-жайы:

      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы

      Телекс: 265126 (FILIN)     Факс: (7) (3172) 717785

6.03 Банктің мекен-жайы:

      International Bank for Reconstruction and Development
      1818 Н Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America

      Телеграф:     Телекс:     Факс:

      INTBAFRAD     248423 (МСІ) немесе     7-(202) 477-6391

      Washington, D.C. 64145 (MCI)

      КЕЛІСІЛДІ__________,___________, жоғарыда алғашқы рет көрсетілген күні мен жылы.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      Өкілетті Өкіл

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН

      Өкілетті Өкіл

1 ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы

      Жобаның мақсаты: (а) жерасты суларының ластануы мен халық жиі қоныстанған аудандар мен қаланы ауызсумен қамтамасыз ететін су көздері және Ертіс өзеніне қарай улы қалдықтардың созыла көшуін тоқтату; (б) жерасты суларының жергілікті муниципалды және өндірістік қалдықтармен ластануының барысын мониторингілеу мақсатында институционалдық механизмді күшейту.
      Жоба Қарыз алушы мен Банк көздеген мақсатқа жету үшін келісілген жағдайда өзгерту нысаны болатын мынадай құрауыш бөліктерден тұрады.

      А. Құрауышы. Топырақ қабаты суларын ластаушы басым ластау көздерін шектеу
      Жобалық және құрылыс жұмыстарын, құрылыс барысы мен құрал-жабдықтарды орнатуды бақылауды қамтамасыз ету - таңдалып алынған ластанған өндірістік орындарды, оның ішінде: (а) УК СЦК конусты N 6 қайырмасын; (б) УМЗ N 6 қайырмасын; (в) УК ТЭЦ N 1 қайырмасын; (г) УК ТМК N 1 қайырмасын; (д) УК ТЭЦ N 2а + 2б күлқайырмасын; (е) эксперименталды СЦК қайырмасын; (ж) конденсатор заводының қалдық жинағыштарын қалпына келтіру үшін.
      Б. Құрауышы. Топырақ қабаты суларының ластанған жерлерін тазалау
      1. Өскемен қаласының орталық өндірістік кешенінен Ертіс өзені мен қаланы ауызсумен қамтамасыз ететін скважиналар орналасқан тұрғын аудандарға қарай ағатын жерасты суларын ластанудан тазарту мақсатында жерасты сулары ластануын болдырмауды қамтамасыз ететін скважиналар мен жерасты суларын тазалауға арналған насостық жүйе орнатуға қажетті жобалау мен құрылыс жұмыстарын, құрылыс жұмыстарын бақылауды және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
      2. Жерасты суларын тазалауға арналған жүйені, оған қоса жерасты суларынан сынама алатын жаңа мониторингтік скважиналарды, мұқият жобалау мен оны пайдалану үшін жерасты суларынан сынама алу және оның ластануын талдау бағдарламасын іске асыру.

      С Құрауышы. Жобаны басқару және қадағалау

      Жобаны басқару тобына (а) жобаны басқаруға, сатып алу мен қаржылық басқаруға; (б) жоба шараларының әсерін бағалау мен қадағалауға, оның ішінде Жоба аясында құрылыс жұмыстарының экологиялық мониторингін іске асыруға қаржылық және техникалық көмек көрсету

2 ҚОСЫМША І-Тарау. Институционалды және басқа алғышарттар

      1. Қарыз алушы жобаны іске асырушы жауапты орган ретінде Су ресурстары комитетін белгілейді де, оның құрамында жоба іске асатын мерзімге құрамы, техникалық міндеттері мен ресурстары Банк талаптарына сай келетін Жобаны басқару тобын ұстайды (ЖБТ). ЖБТ жобалық іс-шаралардың күнделікті іске асуына, келісім-шарттар, мониторинг пен есеп беру істерінің қадағалануына жауапты.
      2. Жоба күшіне енген мерзімнен бастап үш айдан қалдырмай Қарыз алушы жоба іске асатын мерзімге Жоба бойынша құрамы мен техникалық міндеттері Банк талаптарына сай келетін Бақылау кеңесін құрып, оны үнемі қолдап отырады, Оның міндетіне Жобаны іске асыруды жалпы қадағалау мен жергілікті әкімшілік, іскер орта және басқа да ықылас танытқан тараптармен жобалық шараларды үйлестіру кіреді.
      3. Қарыз алушы Су ресурстары комитеті Жобаны басқару тобы қызметкерлері мен кеңесшілерін жұмысқа алу немесе жұмыстан босату туралы кез келген ұсыныстарының Банкте қарастырылып және келісіліп отыруына жағдай жасайды.
      4. Жобаны іске асыру үшін Қарыз алушы осы Келісімде белгіленген мерзім мен міндеттерге сәйкес жұмсалуға тиіс қырық бес миллион төрт жүз жиырма мың бес жүз екі (45 421 502) АҚШ долларын бөледі. Бұл қаржының ішіне осы Келісімнің 2 қосымшасының 1 Тарауындағы 5(6) параграфында көрсетілген тазалау қондырғыларын пайдалануды қаржыландыруға жұмсалатын жиырма тоғыз миллион алты жүз жиырма екі мың қырық жеті (29 622 047) АҚШ доллары кіреді.
      5. Қарыз алушы: (а) Су ресурстары комитетінің Жоба бойынша міндеттерін орындауға жеткілікті жылдық бюджетін; (б) Жобаның Б.2 Тарауына сәйкес жерасты суларын тазалайтын қондырғы пайдалануға берілгеннен кейін 15 жылға дейін барлық операциялық және ағымдағы шығындарын жеткілікті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
      6. Қарыз алушы:
      А. Қарыз күшіне енген күннен бастап екі айдан қалдырмай Банкке түрі мен мазмұны Банк құптарлық Жобаны іске асырудың жоспары мен Нұсқауды тапсырады және осы Нұсқау мен Жобаны іске асыру жоспары бойынша Жобаны іске асырады.
      Б. Жобаның Қоршаған ортаны басқару жоспарына сәйкес орындалуын қамтамасыз ететін барлық қажет шараларды іске асырады.

II. Тарау. Жобаның мониторингі, есеп пен бағалау

      А. Жоба бойынша есептер.
      1. Қарыз алушы Жобаның іске асуын қадағалау мен бағалауды, сонымен қатар Жоба бойынша есептерді Жалпы шарттардың 5.08 тарауының талаптарына сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде дайындайды. Жоба бойынша есеп бір календарлық семестрді қамтып, есепте қамтылған мерзімнен қырық бес (45) күннен қалмай өткізіліп отыруы тиіс.
      2. Жалпы шарттардың 5.08 (с) тарауының талаптарын орындау мақсатында Жобаның іске асуы туралы есеп пен осы Тарауға қатысты тиісті жоспар жоба жабылғаннан кейін (6) алты ай мерзімнен кешіктірілмей Банкке берілуі тиіс.

       В. Қаржылық басқару, қаржылық есеп пен аудит.
      1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09 тарауының талаптарына сәйкес қаржылық басқаруды жүргізуге немесе қадағалауға міндетті.
      2. Қарыз алушы осы Тараудың А Бөлігінің ережелерін шектемей, әр календарлық тоқсан аяқталғаннан кейін 45 күннен қалдырмай осы тоқсан бойынша аралық және аудит тексермеген, формасы мен мазмұнын Банк құптарлық қаржылық есебін Банкке өткізуі тиіс.
      3. Қарыз алушы өзінің қаржылық есептілігін аудиттік тексеруді Жалпы шарттардың 5.09 (6) Тарауының талаптарына сәйкес өткізуге міндетті. Қаржылық есеп берушіліктің әр аудиті Қарыз алушының бір қаржылық жыл мерзімін қамтуы тиіс. Осындай әр мерзімнің аудитор тексерген қаржылық есебі әр осындай мерзім аяқталғаннан кейінгі алты айдан кешіктірілмей Банкке өткізілуі тиіс.

III Тарау. Сатып алу.

      А. Жалпы ережелер
       1. Тауарлар мен жұмыстар.  Жобаға қажетті барлық тауарлар мен жұмыстар Сатып алу туралы нұсқаудың 1 Тарауында көрсетілген талаптарға немесе сілтемелері осы  Тарауда көрсетілген талаптарға және осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
       2. Кеңесшілер қызметі. Кеңесшілердің Жобаға қажетті барлық қызметі Кеңесшілер жайлы нұсқауының I және IV Тарауында көрсетілген талаптарға немесе сілтемелері осы Тарауда көрсетілген талаптарға және осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
       3. Анықтамалар. Осы Тарауда қолданылған бас әріптерден басталатын сатып алудың белгілі әдістері немесе Банктің белгілі келісім-шарттарды қарау әдістері туралы түсініктер, нақты жағдайға байланысты, олардың Сатып алу туралы нұсқауы мен Кеңесшілер жайлы нұсқауындағы анықтамаларына сай келеді.

      Б. Тауар, жұмыс және техникалық қызмет түрлерін сатып
      алу
       1. Халықаралық бәсекелестік сауда. Төмендегі 2 пунктте өзгеше көрсетілмеген жағдайда Жобаға қажетті тауар, жұмыстар мен техникалық қызметті сатып алу Халықаралық бәсекелестік сауда процедураларына сәйкес жасалған келісім-шарттар бойынша іске асады.
       2. Тауар мен жұмыс сатып алудың басқа әдістері.  Төмендегі кестеде Халықаралық бәсекелестік саудасынан басқа тауар, жұмыс және техникалық қызметке қатысты пайдалануға болатын сауда әдістері көрсетілген. Сатып алу жоспары мұндай әдістерді қолдануға болатын жағдайларды белгілеуі керек.

Сатып алу әдісі

(а) Ұлттық бәсекелестік сауда, осы 2 Кестенің
қосымшасында белгіленген қосымша талаптардың
орындалуы шарт

(б) Шопинг

(в) Тікелей келісім-шарттар

       С. Кеңесшілер қызметін сатып алу әдістері

       1. Сапа және құн бойынша іріктеу.  Төмендегі 2 пунктте өзгеше көрсетілмеген жағдайда кеңесшілер қызметі Кеңесшілерді сапа мен құн бойынша іріктеу талаптарына сәйкес жасалған келісім-шарттар аясында іске асады.
      2. Кеңесші қызметін сатып алуының басқа әдістері.
Төмендегі кестеде кеңесші қызметін сатып алуда қолдануға болатын, сапа мен құнына қарай іріктеуден басқа, әдістер көрсетілген. Сатып алу жоспары осындай әдістерді қолдануға болатын жағдайларды белгілеуі тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) Ең төменгі құны бойынша іріктеу

(ә) Кеңесшілер біліктілігі негізінде іріктеу

(б) Жеке кеңесшілерді іріктеу

(в) Фирманы тікелей бір көзден іріктеу

(г) Жеке кеңесшілерді тікелей бір көзден іріктеу

       Г. Банктің Сатып алу бойынша шешімдерді қарастыруы.

Сатып алу жоспары Банктің алдын-ала қарауына жататын келісім-шарттарды көрсету керек. Басқа келісім-шарттардың бәрі Банктің соңыра қарауына жатады.

IV Тарау. Шоттан Қарыз қаражатын алу.

      А. Жалпы ережелер.
      1. Қарыз алушы Қарызды осы Тараудың ережелеріне және Қарыз алушыға Банктің берген хабарламасында көрсетілген қосымша нұсқауларға сәйкес төмендегі 2 пункттегі кестеде көрсетілгендей Құқылы шығындарды қаржыландыруға ала алады.

      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын Құқылы шығындар категориялары ("Категориялар") берілген, оған қоса әрбір Категория бойынша Қарыздың бөлінген мөлшері және әрбір Категория бойынша Құқылы шығындар болып табылатын шығынның пайыздық үлесі анықталады.


КАТЕГОРИЯ

Қарыздан бөлінген
қаражат мөлшері
(АҚШ долларымен)

Қаржыландырылатын
шығынның  пайыздық
үлесі

(1)

Жұмыстар

24 290 000

70%


БАРЛЫҒЫ

24 290 000


         Б. Алу шарты; Шығару кезеңі.

      1. Осы Тараудың А бөлімшесінің ережелеріне қарамастан, қаржы мына жағдайларда алынбайды:
      (а) Банк Қарыз қаражатын резервтендіргені үшін төлемді Қарыз алушыдан алмайынша;
      (б) осы Келісімге қол қойылған мерзімге дейін болған шығындар бойынша төлемдерді өтеуге.

      2. Қарыздың аяқталу мерзімі 2013 жылдың 30-наурызы.

2. Қосымшаға толықтырулар

      Қарыз Алушының Ұлттық Бәсеке Сауда процедуралары келесі ережелерді сақтаған жағдайда осы Жоба шеңберінде сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:

      А. Мемлекеттік мекемелердің қатысуы

      Қарыз алушының территориясындағы мемлекеттік мекемелер сауда-саттыққа тек өздерінің құқықтық және қаржылық тәуелсіздігін ресми түрде растай алатын жағдайда, коммерциялық құқық негізінде әрекет ететін болса және келісім-шартқа екінші жақ болып келетін тұлғаға тәуелді болмаған жағдайда ғана қатыса алады. Бұған қоса, оларға өздерінің өтінімдері бойынша және қызметті тиімді орындауы бойынша басқа ізденушілерге қойылған талаптар қойылады.

      Б. Конкурстық құжаттар.

      Сатып алумен айналысатын мекемелер тауарды сатып алуға арналған Банк құптарлық стандартты конкурстық құжаттарды қолдануы тиіс.

      В. Өтінімдерді ашу және бағалау.

      (а) Өтінімдерді ашу көпшілік алдында өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталған кезден кешікпей өтеді;
      (б) Өтінімдерді бағалау міндетті түрде конкурстық құжаттарда көрсетілген монетарлық есептелетін өлшемдерге сәйкес өтуі тиіс;
      (в) Отандық қызмет жеткізушісін талғау қағидасы қолданылмауы тиіс;
      (г) Келісім-шарт ең төмен бағаланған құны бар өтінімді тапсырған және барлық талаптарға барынша жауап беретін білікті ізденушімен бекітіледі, сонымен қатар келіссөздер ескерілмейді.

      Г. Баға түзету.

      Ұзақ уақытқа (мысалы, 18 айдан аса уақытқа) есептелген құрылыс жұмысына арналған Келісім-шарт бағаны түзету туралы тиісті шарттарды қамтуы тиіс.

      Д. Сауда-саттық процесінің күшін жою

      Банктің алдын-ала келісімінсіз тендер өткізілді деп есептелмейді және жаңа өтінімдерді қабылдау жүзеге аспайды.

      Е. Жеке өтінімдерді қабылдамау
      Әрбір жеке тапсырыс тек қана мынадай жағдайда қабылданбауы мүмкін:
      (а) егер ізденуші біліктілігі бойынша іріктеуден өтпеген жағдайда;
      (б) ізденуші сатып алушы мекеменің Тендерлік комиссиясы ұсынған конкурстық өтініштегі арифметикалық қателерді түзетуді қабылдамайды.
      (в) ізденуші тендерлік құжат талаптарына жауап бермейді.

3 Қосымша

      Қарызды өтеу мерзімі

Қарыздың Негізгі Мөлшерін Төлеу Мерзімі       Қалған Қарыздың
                                              Негізгі Мөлшері
                                              (АҚШ долларымен)

Әрбір 15-ақпан және 15-тамыз күндері

2012 жылдың 15-тамызынан бастап
2023 жылдың 15-тамызына дейін                 1 010 000

2024 жылдың 15-ақпанынан бастап               1 060 000

Қосымша (Анықтамалар)

      Анықтамалар

      1. "Категория" - осы Келісім-шарттың 4 Қосымшасындағы ІҮ Тараудың кестесінде берілген категория.
      2. "Кеңесшілер жайлы нұсқау" - "Әлемдік Банк қарыз алушыларының кеңесшілерді іріктеуі және жалдауы жайлы нұсқау" 2004 жылдың мамыр айында Банк арқылы жарияланған.
      3. СРК - Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Су ресурстары комитеті.
      4. "Жалпы шарттар" - 2005 ж. 1-шілдедегі "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (ХҚҚДБ) қарыздарына арналған жалпы шарттар" (осы Қосымшаның II Тарауында берілген түзетулермен қоса)
      5. "ҚОБЖ" - Қарыз алушы тарапынан Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасы арқылы бекітілген 2005 ж. 8-қыркүйегіндегі N 03-06/4151 "Қоршаған Ортаны басқарудың жоспары". Бұл құжатта Жоба шеңберінде іске асыруға және бақылауға жататын қоршаған ортаға әсерін жеңілдетудің шаралары сипатталған.
      6. "Жүзеге асыру бойынша нұсқау" - осы Келісімнің 2 Қосымшасы, I Тарауының 6 (а) пунктіне сәйкес Қарыз алушы дайындайтын нұсқау. Онда былай деп сипатталған: (і) Келісім-шарттың ережелеріне, Қарыз алушының заң және нормативтік-құқықтық актілеріне қарама-қайшы келмейтін Жобаны іске асыру рәсімдері берілген және одан басқа мына жайларды да қамтиды: (і) әкімшілік, сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржылық мониторинг және бағалау процестерін басқару рәсімдері; (і) жылдық есептің үлгі форматтары; оған Банктің келісімімен белгілі кезеңдерде түзетулер енгізілуі мүмкін.
      7. "Жоба бойынша Бақылау Кеңесі" - осы Келісім-шарттың 2 Қосымшасы, 1 Тарауының 2 пунктінде сілтеме жасалған Ауыл Шаруашылығы Министрлігі арқылы Қарыз алушы құратын кеңес.
      8. "Сатып алу туралы нұсқау" - 2004 жылдың мамыр айында Банк жариялаған "ХҚҚДБ (Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің) қарызы мен ХДҚ (Халықаралық Дамыту Қауымдастығы) несиесі шеңберінде сатып алу туралы нұсқау".
      9. "ЖБТ" - Жоба шеңберінде іс-шараларды дайындауға, жүзеге асыруға және үйлестіруге толық жауапты болатын Су ресурстары Комитетінің Жобаны басқару Тобы.
      10. "Сатып алу жоспары" - Қарыз алушының 2006 ж. 7-желтоқсанында дайындалған Жоба бойынша сатып алу жоспары. Бұл Жоспарға сілтеме Сатып алу туралы нұсқаудың 1.16 пунктінде және Кеңесшілер жайлы нұсқаудың 1.24 пунктінде жасалған, сондай-ақ осы Жоспарға белгілі кезеңдерде көрсетілген пункт ережелеріне сәйкес өзгерістер енгізіледі.

       РҚАО-ның ескертпесі: ағылшын тіліндегі мәтіні қоса берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады