"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1161 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостары, 1999 ж., N 24, 1065-құжат; 2003 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-бап:
      мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу - уәкілетті органның дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасының атынан тиісті халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкілеттігін ресми тануы;
      2) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;
      3) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін бұқаралық спорт қозғалысын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;
      4) бұқаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбесі - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күнтізбелік жылға бекітетін, спорт ұйымдарының жоспарын ұйымдастыру мен оқу-жаттығу жұмысын өткізуді реттейтін ресми құжат;
      5) дене шынықтыру - мәдениеттің ажырамас бөлігі, қоғам адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы;
      6) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару мен үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      7) дене шынықтыру және спорт жүйесі - халықтың дене тәрбиесімен спортты дамыту мақсатындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы;
      8) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық шараларын өткізуге арналған объектілер;
      9) дене шынықтыру-спорт қоғамы (спорт клубы) - ведомстволық (салалық) қағидат бойынша қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін біріктіретін дене шынықтыру және спорт ұйымы, оның мақсаты дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер көрсету жолымен салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
      10) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене шынықтыру деңгейін арттыруға, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі нысаналы қызметіне жәрдемдесетін әлеуметтік қозғалыс нысаны;
      11) дене тәрбиесі - дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;
      12) дене тәрбиесінің құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштері және гигиеналық факторлар;
      13) жоғары жетістіктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуді, рекордтар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы;
      14) кәсіпқойлық спорт - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық - кәсіпкерлік қызметтің бір түрі;
      15) келісім-шарт - спортшы мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жазбаша түрде жасалатын спорттық қызмет туралы келісім;
      16) кешенді ғылыми топ - ғылыми-әдістемелік және медико-биологиялық зерттеулер өткізу, спортшының функциональдық жағдайын және техникалық деңгейін айқындау үшін құрылатын білікті мамандар тобы;
      17) оқу-жаттығу базасы - құрама команданың оқу-жаттығу үдерісін тамақтану және орналасу кешенімен қоса қамтамасыз етуге арналған спорт ғимараты;
      18) салалық көтермелеу жүйесі - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін саланы дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру нысаны;
      19) спорт - жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір бөлігі;
      20) спорттық индустрия - дене шынықтыру-спорттық және туристік мақсаттағы қызмет көрсетуді, өнімдер өндіруді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жиынтығы;
      21) спортшы - спортпен жүйелі түрде шұғылданатын және спорт жарыстарына қатысатын тұлға;
      22) спорттық сыныптама - спорттың жекелеген түрлерінен шеберлік деңгейін, сондай-ақ жаттықтырушылар мен жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдіскерлердің және төрешілердің біліктілік деңгейін белгілейтін спорттық тақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесі;
      23) спорттық медицина және оңалту орталығы - спортшыны қалпына келтіру, алдын алу және оңалту іс-шараларымен, медико-биологиялық препараттарды қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігін, сапасын бақылауды қамтамасыз ететін ұйым;
      24) спорттың техникалық және қолданбалы түрлері - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнаулы даярлық жүргізуін талап ететін дене шынықтырудың бір бөлігі;
      25) спорт түрі - спорттың құрамдас бөлігі, мыналар оның айрықша белгілері болып табылады: Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен қабылданған біліктілік деңгейі, жаттығатын ортасы, пайдаланатын мүкәммалдар мен жабдықтар, жарыс ережелері;
      26) спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік (федерация, одақ, қауымдастық) - дене шынықтыру-спорт бірлестігі, қоғамдық бірлестік, одақ, қауымдастық (федерация), мақсаты бір немесе бірнеше спорт түрлерін дамыту, оларды насихаттау, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесімен қамтамасыз ету болып табылатын дене шынықтыру - спорт ұйымы;
      27) ұлттық спорт түрлері - жарыс әрекеті нысанында тарихи қалыптасқан және өзіне тән дене жаттығуларын, дене шынықтыру белсенділігін ұйымдастырудың өзіндік ережелері мен тәсілдері бар халық ойындарын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;
      28) халықаралық спорт жарыстары - кемінде бес мемлекеттің өкілдері қатысатын спорт түрінен спортшылар (командалар) арасында өтетін сайыс.";
      2) 2-тараудың. Дене тәрбиесінің жүйесі":
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-тарау. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт жүйесі.";
      мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      "8-1-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорттық) қозғалысының субъектілері:
      Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру-спорттық қозғалысқа:
      1) олимпиадалық даярлау орталықтары;
      2) олимпиада резервінің даярлық орталықтары;
      3) балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері;
      4) олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері;
      5) дене шынықтыру-спорт қоғамдары (спорт клубтары);
      6) дене шынықтыру-спорт қоғамдары спорт клубтары;
      7) балалар мен жасөспірімдер клубтары;
      8) дәрігерлік дене шынықтыру диспансерлері;
      9) спорттық медицина және оңалту орталықтары;
      10) дене тәрбиесі даярлығының балалар мен жасөспірімдер клубтары;
      11) жоғары спорт шеберлігі мектептері;
      12) спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;
      13) кешенді ғылыми топтар;
      14) допингке қарсы комиссиялар;
      15) оқу-жаттығу базалары;
      16) қызметі мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі мен спорттық әзірлігіне бағытталған басқа да ұйымдар.";
      3) 10-баптың 1-тармағы "және дене шынықтыру-спорт қоғамдарын (спорт клубтарын) ұйымдастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 16-баптың 1-тармағындағы "мамандандырылған жеке спорт мекемелері, сондай-ақ азаматтар" деген сөздер "спорт ұйымдары, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 21-баптың бірінші бөлімі мынадай сөздермен толықтырылсын:
      ", олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері және оқу-жаттығу базалары";
      6) 27-бапта:
      1-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Сол елді-мекеннің шегінде оған теңестірілген дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттар құрылмай, мемлекеттік меншіктегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттарды таратуға немесе қайта бейіндеуге жол берілмейді.".
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады