Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қою туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісім-хаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Смағұлұлы Есімовке Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
The World Bank 1818 H Street N.W. (202) 477-1234
International Bank for
Reconsruction and Washington, Cable Address:
development D.C. 20433 INTBARFARD International development
association U.S.A. Cable Address:
INDEVAS
16 ақпан 2007 ж.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Есімов мырзаға
Кенесары көшесі, 36
Астана, 010000
Қатысты: Еуропалық Қоғамдастықтың N TF 058070 гранты
Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына
келтіру жобасы.
Құрметті министр мырза,
Қазақстан Республикасы (Алушы) атынан қаржылық көмек беру туралы өтінішіне жауап ретінде, Бірлескен донорлық траст қорынан Еуропалық Қоғамдастық бөлетін грант қаражатының әкімшісі ретінде әрекет жасайтын Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі (Дүниежүзілік Банк), Жобаның (Жоба) қосымшасында сипатталатынды қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін осы Келісім-хатпен (Келісім) оның қосымшасында баяндалған немесе аталған мерзімде және шарттарда Алушыға үш миллион төрт жүз отыз мың (3 430 000) евродан аспайтын грант (Грант) беруді жоспарлап отырғанын хабарлауға қуаныштымын.
Төмендегі өзінің келісімін растай отырып, Алушы осы Келісімді жасасуға және осы Келісімде баяндалған немесе аталған мерзімге және шарттарға сәйкес Жобаны жүзеге асыруға өзінің өкілеттігі туралы мәлімдейді.
Осы Келісім-хаттың қоса беріліп отырған данасына өз қолыңызды және күнін қойып, Дүниежүзілік Банкке қайтара отырып, Алушының атынан жоғарыда айтылғандарға Өз келісіміңізді растауыңызды сұраймын. Дүниежүзілік Банк Сіз қол қойған данасын алғаннан кейін осы Келісім өз күшіне осы Келісімнің қосымшасының 5.01 бөліміне сәйкес Дүниежүзілік Банк көрсеткен күнінен бастап күшіне енеді; алайда егер осы Келісімге Дүниежүзілік Банк қол қойған уақыттан бастап 180 күн ішінде Дүниежүзілік Банк осы Келісімнің Сіз қол қойған данасын алмаған жағдайда, осы Келісімді жасау туралы ұсыныс, осы мақсат үшін Дүниежүзілік Банк кешірек мерзім белгілемеген жағдайда күші жойылды деп есептеледі.
Шын құрметпен,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
атынан және тапсырмасымен
Аннет Диксон
директор
Орталық Азия елдері бойынша өңірлік кеңсе
Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік басқарма
КЕЛІСІЛДІ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қолы
Аты-жөні
Лауазымы
Күні
Европалық Қоғамдастықтың N TF 058070 Гранты
Қосымша
І бап
Жалпы шарттар; Анықтамалар.
1.01. Жалпы шарттар. Әр түрлі қаражат көздерінен Дүниежүзілік Банк беретін гранттар үшін 2006 жылғы 20 шілдедегі жалпы шарттар ("Жалпы шарттар") осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
1.02. Анықтамалар. Егер контексте басқаша талап етілмесе, осы келісімде қолданылған бас әріппен белгіленген терминдердің Жалпы шарттарда немесе осы Келісімде соларға бекітілген сәйкес мағыналары болады.
ІІ бап
Жобаны іске асыру
2.01. Жобаның мақсаттары мен сипаттамасы . Жобаның мақсаты: (а) жерасты суларының ластануын және улы қалдықтар төгінділерінің тұрғын аудандарға жетуін, қаланың ауыз су көздеріне, және ақырында Ертіс өзеніне құйылуын болдырмау; және (b) жер асты суларының жергілікті, муниципалдық және өнеркәсіптік кездерден ағымдағы ластануын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жер асты суларының сапасына мониторингісінің институционалдық механизмдерін нығайту. Жоба мынадай компоненттерден тұрады:
А бөлігі: Алушының Үкіметіне жер асты суларының сапасына мониторинг жүйелерін жасауға, судың ысырап болу кезін табатын жабдықтарды және жөндейтін жабдықтарды жеткізуге және жер асты суларының ластануына дәлірек мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және су тазартатын станцияларды пайдалану шығындарын азайту мақсатында мониторинг пен бақылаушы және су алынатын ұңғымаларына жақын орналасқан су құбырларынан судың ысырап болуын жоюға бағытталған ысырап болуды азайту мен оған бақылау жасау бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу.
Б бөлігі: Алушының Үкіметіне институционалдық әлеуетін нығайтумен қатар мониторинг кезеңдерін іске асыруға және Жобаны жобалауға дайындау бойынша іс-шараларды жүргізуге көмек көрсету.
2.02. Жобаны тұтасымен іске асыру . (а) Алушы жоба мақсаттарына өзінің адалдығын мәлімдейді. Осы мақсатпен Алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (СРК) арқылы Жалпы шарттардың II бабының ережелеріне және осы II баптың ережелеріне сәйкес жобаны іске асыруға міндеттенеді.
(b) Жобаны іске асыру шеңберінде Алушы СРК жанында құрамы, құзыреті мен ресурстары Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын Жобаны басқару тобын (ЖБТ) ұстауға міндетті. ЖБТ жобалық іс-шараларды білікті басқаруға, қаражаттарды басқаруға, сатып алуды жүзеге асыруға, келісім-шарттардың орындалуын бақылауға, мониторинг және есептілікке жауап береді.
(с) Алушы ЖБТ қызметкерлері мен кеңесшілерін жалдап алу немесе жұмыстан шығару мәселелері бойынша СРК-ның кез келген ұсыныстарын Дүниежүзілік Банктің қарауына және бекітуіне беруін қамтамасыз етеді.
2.03. Жобаның мониторингі, есептілігі мен бағалануы . (а) Алушы СРК арқылы жобаны іске асыру барысының мониторингі мен бағалауын жүзеге асырады және Жалпы шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес және осы бөлімнің (b) параграфында баяндалған көрсеткіштер негізінде Жоба бойынша Есептер дайындайды. Жоба бойынша осындай әрбір есеп бір (1) күнтізбелік тоқсанға тең кезеңді қамтиды, және осындай Есеппен қамтылған кезең аяқталған күнінен бастап қырық бес (45) күн ішінде Дүниежүзілік Банкке тапсырылады.
(b) жоғарыда (а) тармағында көрсетілген көрсеткіштер мынадай тармақтардан тұрады:
(і) Жоба қамтитын аумақтарда судың ысырап болуын азайту бөлігінде жергілікті институттардың әлеуеттерін нығайту; және
(іі) мониторинг бағдарламасы шеңберінде міндеттерді іске асыру бөлігінде жергілікті институттардың әлеуеттерін нығайту.
(с) Алушы СРК арқылы Жалпы шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Жобаны іске асырудың аяқталғаны туралы Есеп дайындайды. Жобаны іске асырудың аяқталғаны туралы Есеп жабылу күнінен бастап алты (6) ай ішінде Дүниежүзілік Банкке ұсынылуы керек. Жобаны іске асырудың аяқталғаны туралы Есепті дайындауда Алушыға жәрдемдесу үшін Алушы біліктілігі, тәжірибесі мен құзыреті Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын консультанттарды тартады.
2.04. Қаржыларды басқару . (а) Алушы СРК арқылы Жалпы шарттардың 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді.
(b) Алушы СРК арқылы Жоба бойынша аудитор тексермеген осы тоқсанның нысаны мен мазмұны жағынан Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын аралық қаржылық есептілікті дайындауды және әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталған күнінен бастап қырық бес (45) күн ішінде Дүниежүзілік Банкке ұсынуды қамтамасыз етеді.
(с) Алушы СРК арқылы Жалпы шарттардың 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық есептіліктеріне аудит жүргізуге міндетті. Әрбір қаржылық есептіліктің аудиті қарыз алушының ұзақтық кезеңі бір (1) қаржылық жылды қамтуы қажет. Осындай әрбір кезеңнің аудит тексерген қаржылық есептіліктері, осындай әрбір кезең аяқталған күнінен бастап алты (6) ай ішінде Дүниежүзілік Банкке ұсынуы қажет.
2.05. Сатып алулар .
(а) Жалпы ережелер . Грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын Жоба үшін барлық қажетті тауарлар мен қызметтер мына құжаттарда көрсетілген немесе аталған талаптарға сәйкес сатып алынады:
(і) 2004 жылғы мамырда Дүниежүзілік Банк жариялаған (Сатып алу жөніндегі басшылық) "ХҚҚДБ мен қарыздары және ХДҚ кредиттері шеңберінде сатып алу жөнінде басшылықтың" 1-бөлімінде, тауарларды сатып алған жағдайда;
(іі) 2004 жылғы мамырда жарияланған "Дүниежүзілік Банк Қарыз алушыларының консультанттарын іріктеу және жалдау жөніндегі Басшылықтың" I және IV бөлімдері ("Консультанттарды іріктеп алу жөнінде Басшылық"); және
(ііі) Сатып алу жөніндегі Басшылықтың 1.16-тармағына және Консультанттарды іріктеп алу жөніндегі басшылықтың (Сатып алу жоспары) 1.24-тармағына сәйкес осы жоба бойынша Алушы жасайтын және мерзімді жаңартып отыратын сатып алу жоспарында айқындалатын осы бөлімнің ережелерінде.
(b) Анықтамалар . Бас әріппен белгіленген және осы Бөлімнің келесі тармақтарында сатып алудың жеке әдістерін немесе Дүниежүзілік Банктің жекелеген келісім-шарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін пайдаланатын терминдер, Сатып алу жөніндегі Басшылық немесе Консультанттарды іріктеп алу жөніндегі Басшылық, әрбір нақты жағдайларға байланысты оларға нұсқалаған анықтамаларға сәйкес болады.
(с) Тауарларды сатып алудың жеке әдістері
(і) Егер төменде келтірілетін (іі) тармақшада өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу Халықаралық Конкурстық Сатып Алу негізінде жүргізіледі.
(іі) Сатып алу Жоспарында көрсетілген келісім-шарттар бойынша тауарларды сатып алу үшін Халықаралық Конкурстық Сатып Алудан басқа мына әдістерді қолдануға болады: (А) Еркін саудамен сатып алулар; (D) Келісім-шарттарды тікелей жасасу.
(d) Консультанттардың қызметтерін сатып алудың жеке әдістер
(і) Егер төменде келтірілетін сатып алу критериялары (іі) тармақшада өзгеше көзделмесе, консультанттардың қызметтерін сапа мен баға бойынша Іріктеу негізінде берілген келісім-шарттар бойынша жүргізіледі.
(іі) Сатып алу Жоспарында көрсетілген келісім-шарттар бойынша консультанттардың қызметтерін оқыту жөніндегі қызметтерді қоса сатып алу үшін мына әдістерді қолдануға болады: (А) ең аз баға өлшемі бойынша іріктеу; (Б) консультанттарды біліктілігі бойынша іріктеу; (В) жеке консультанттарды іріктеу; және (Г) жеке консультанттарды бір көзден іріктеу қағидаты.
(е) Сатып алу бойынша шешімдерді Дүние жүзілік Банктің қарауы. Сатып алу жоспарында Дүниежүзілік Банктің алдын ала қарауының тақырыбы болып табылатын келісім-шарттардың көрсетілуі қажет. Барлық басқа келісім-шарттар Дүниежүзілік Банкті одан әрі қарауының тақырыбы болып табылады.
III бап
Грант қаражатын алу
3.01. Критерияларды қанағаттандыратын шығыстар . Алушы (а) Жалпы шарттарға, (b) осы бөлімге және төмендегі кестеде көрсетілгендей критерияларды қанағаттандыратын шығыстарды қаржыландыру үшін Дүниежүзілік Банк хабарлама арқылы Алушыға беретін (с) қосымша нұсқауларға (оқтын-оқтын Дүниежүзілік Банкпен қайта қаралатын және осындай нұсқаулар негізінде осы Келісімге қолданылатын ("Дүниежүзілік Банктің жобалар бойынша төлемдер жасау бойынша Басшылығын" қоса 2006 жылғы май айындағы редакциясында) сәйкес Грант қаражатын алуына болады. Кестеде Грант қаражаты арқылы қаржыландырылатын ("Санат"), критерияларды қанағаттандыратын шығыстардың санаты, әрбір санат бойынша грант қаражатының бөлінуі, сондай-ақ әрбір санат бойынша қаржыландыру шығыстарының пайызы берілген:
Санаты | Бөлінген Гранттың сомасы (евромен берілген) |
Қаржыландыруға жататын шығыстардың пайызы |
---|---|---|
(1) Тауарлар |
1 912 643 |
85% |
(2) Консультант- |
1 444 241 |
85% |
(3) Оқыту |
73 116 |
85% |
БАРЛЫҒЫ |
3 430 000 |
"Оқыту" тармағында жоба шеңберінде оқыту сапарларына, оқыту курстарына, семинарларға және басқа қызметкерлерді оқыту бойынша іс-шараларға, оқыту үшін материалдарға кеткен шығыстарды, офистерді жалдауға, жол шығыстары, сондай-ақ тәуліктік шығыстармен қоса берілген.
3.02. Қаражаттарды алу шарттары . Осы Келісімнің 3.01.-бөлімінің ережелеріне қарамастан, Грант шотынан қаражаттарды мына жағдайларда алуға болмайды:
(а) Алушы осы Келісімге қол қойылған күнге дейін жасалған төлемдерді қаржыландыру үшін; және
(b) Алушы алатын немесе Алушының аумағындағы тауарлар мен қызметтерге қатысты кез келген салықтарды төлеуге.
3.03 . Грант шотынан қаражаттарды алу кезеңі . Жалпы шарттардың 3.06. (с) бөлімінде көрсетілген 2010 жылдың 28 ақпаны жабылу күні болып табылады.
ІV бап
Құқықты қорғаудың қосымша құралдары; Күшін жою.
4.01. Құқықты тоқтатудың қосымша оқиғалары . Жалпы шарттардың 4.02- (і) бөлімінде көрсетілген құқықты тоқтатудың қосымша оқиғалары мынадай шарттардан тұрады:
(а) Құқықсыздық . ХҚҚДБ Алушыны ХҚҚДБ қаржыландыратын келісім-шартты жасасуға құқығы жоқ деп хабарлайды.
(b) Заңды, жарлықты, жарғыны немесе СРК басқа құрылтайшылық құжаттарына, бұларға қоса жоғарыда аталған құқықтық құралдар сүйенетін кез келген нормативтік немесе құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, қызметін тоқтата тұру, жарамсыз деп хабарлау, жою немесе белгісіз бір уақытқа дейін кейінге қалдыру, бұл СРК осы келісімде ескерілген өзінің қайсы бір міндеттерін орындауға айтарлықтай және теріс әсерін тигізеді.
4.02. Осы Келісімнің күшіне енудің ең соңғы мерзімі 2008 жылдың 31 наурызы, немесе Дүниежүзілік Банк Алушыға хабарлама арқылы белгілеген кешірек уақыт болады.
V бап
Күшіне ену; Қолданылуын тоқтату.
5.01. Осы Келісімнің күшіне енуінің қосымша шарты мыналардан тұрады: Дүниежүзілік Банк 2007 жылғы 1 ақпанда бекіткен "Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру" жобасы бойынша Алушы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы Қарыз туралы келісімді (№N 4848 КZ қарызы) рәсімдеу және жасасу, және осындай Қарыз туралы келісімнің күшіне енуіне барлық алдын ала шарттардың орындалуы немесе осы Келісім күшіне енбей-ақ Қарыз туралы келісімнің негізінде Алушыға шоттан қаражаттар алуды жүзеге асыру құқығы берілуі.
VІ бап
Алушының өкілі; Мекен-жайлары.
6.01. Алушының өкілі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Жалпы шарттардың 7.02-бөліміне сілтеме жасалатын Алушының өкілі болып табылады.
6.02. Алушының мекен-жайы . Жалпы шарттардың 7.01-бөліміне сілтеме жасалатын Алушының мекен-жайы:
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті
Жеңіс даңғылы, 31
Астана қаласы, 010000
Қазақстан Республикасы Факс:
(7)(3172)32 19 04
6.03 . Дүниежүзілік Банктің мекен-жайы . Жалпы шарттардың 7.01-бөліміне сілтеме жасалатын Дүниежүзілік Банктің мекен-жайы:
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі,
1818 Н көшесі, N. W.
Вашингтон, Колумбия округы, 20433,
Америка құрама штаттары
Телеграфтық Телекс: Факс:
мекен-жайы:
INDEVAS 248423 (МСІ) немесе 1-202-477-6391
Washington, D.C. 64145 (МСІ)
РҚАО-ның ескертуі: Ағылшын тіліндегі мәтін қоса берілген.