Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын, қылмыстық процесте адамдарды қорғау туралы және жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын, қылмыстық процесте адамдарды қорғау туралы және жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат):
1) 251-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "салына отырып" деген сөздерден кейін "не онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 356-бапта:
тақырыбында ", мемлекеттік қорғауға жататын өзге де адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы "қатысушыларға" деген сөзден кейін ", мемлекеттік қорғауға жататын өзге де адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):
1) 75-баптың алтыншы бөлігі "наразылықтарды апелляциялық сатыдағы соттың қарауына қатысуға" деген сөздерден кейін ", қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы арыз беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 77-баптың төртінші бөлігі "өтемақы алуға" деген сөздерден кейін ", қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы арыз беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 78-баптың үшінші бөлігі "қарауына қатысуға" деген сөздерден кейін ", қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы арыз беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 82-баптың үшінші бөлігі "өтінішін мәлімдеуге" деген сөздерден кейін ", қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы арыз беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 83-баптың үшінші бөлігі, 84-баптың екінші бөлігі, 85-баптың үшінші бөлігі "сыйақы алуға" деген сөздерден кейін ", қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы арыз беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 86-баптың төртінші бөлігі "өтем алуға" деген сөздерден кейін ", қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы арыз беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 100-баптың алтыншы бөлігі мынадай мазмұндағы 8шінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Қылмыстық процесті жүргізуші органның қауіпсіздік шараларын алу туралы шешіміне қорғалатын адамның сотқа немесе прокурорға шағым беруі шағым берілген шешімді орындауды тоқтатады.";
8) 223-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың әрбір атауы (түрі) бойынша оларды аса ірі мөлшерге жатқызу үшін жоғарғы шектен айтарлықтай асатын көлемі сот сараптамасын өткізгеннен кейін, егер олар мақсаты бойынша пайдалану немесе өткізу үшін тиісті ұйымдарға беріле алмайтын болса, іске тіркелген заттай дәлелдер болып танылатын үлгілерін қоспағанда, прокурордың келісімімен, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен жойылуы мүмкін.
Қылмыстық іске тігу үшін анықтаушы, тергеуші прокурормен келісілген тиісті қаулының негізінде куәлердің қатысуымен, міндетті түрде маманның қатысуымен және бейнежазбаны пайдалана отырып, алынған есірткі құралдарының, психотроптық заттардың не прекурсорлардың жалпы салмағынан әрбір атауы (түрі) бойынша тиісті есірткі құралы, психотроптық зат немесе прекурсор үшін заңда белгіленген аса ірі мөлшер шамасына тең көлемде үлгілерді іріктеп алуы керек.";
3. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат, 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2007ж., N 2, 18-құжат):
23-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен" деген сөздер "осы Заңға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 10, 241-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) тақырыбында және барлық мәтін бойынша "қатысушы" сөзінің алдына "қылмыстың алдын алуға және ашуға" сөздермен толықтырылсын;
мемлекеттік тілдегі тақырыбында және барлық мәтін бойынша "процеске" деген сөз "процесте" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) кіріспесі "адамдардың," деген сөзден кейін "жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға көмек көрсететін азаматтардың," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-бапта:
тақырыптағы "1" саны "1-2" сандарымен ауыстырылсын;
"адамдарды," деген сөзден кейін "жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға көмек көрсететін азаматтарды," деген сөздермен толықтырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 1, 1-1-баптармен толықтырылсын:
"1-бап. Қылмыстық процесте қылмыстың алдын алуға және ашуға қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Қылмыстық процесте қылмыстың алдын алуға және ашуға қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше тәртіп белгіленген болса, онда халықаралық шарт ережелері қолданылады.
1-1-бап. Қылмыстық процесте қылмыстың алдын алуға және ашуға қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асыру қағидаттары
Қылмыстық процесте қылмыстың алдын алуға және ашуға қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау заңдылық, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы, мемлекеттік қорғауды қамтамасыз етуші органдар мен қорғалушы адамдардың өзара жауапкершілігі қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.";
5) 2-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, әділет, ішкі істер органдарына, қорғаныс, кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.
6) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға көмек көрсетуші азаматтар;";
14) тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"14) айыпталушылар, сотталушылар, сотталғандар, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған немесе сот ақтап алған адамдар;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"2. Мемлекеттік қорғау шаралары қылмыстық іс қозғалғанға дейін, сонымен катар қылмыстың алдын алуға немесе ашуға ықпал ететін арызданушыға, куәге немесе жәбірленушіге қатысты қолданылуы мүмкін.";
7) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Мемлекеттік қорғалу құқығының пайда болуы
1. Қорғалуы тиіс адамдарды өлтірумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не құқыққа қарсы өзге де қауіпті әрекеттермен қорқытудың жеткілікті негіздері болған кезде, қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші органдар өз құзыреті шегінде осы Заңда көзделген мемлекеттік қорғау шараларын қабылдауға міндетті.
2."Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға көмек көрсетуші азаматтарға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімді қылмыстық процесті жүргізуші органмен 0атар жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар да осы Заңда көзделген тәртіппен қабылдайды.";
8) 7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Басқа тұрғылықты жерге көшіру, құжаттарды ауыстыру, сырт пішінін өзгерту қауіпсіздіктің ерекше шаралары болып табылады және қорғалатын адамның қауіпсіздігі басқа қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз етіле алмайтын жағдайларда қолданылады.";
9) 14-баптың екінші сөйлемі "құралдары" деген сөзден кейін ", қорғалатын адамның келісімімен бақылаудың техникалық құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 17-бапта:
", мұндай мәліметтер қылмыстық іс жүргізуге байланысты белгіленген тәртіппен анықталатын реттерді қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Басқа қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге байланысты ерекше жағдайларда қорғалатын адам туралы мәліметтер қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған органның рұқсатымен прокурордың немесе соттың жазбаша сұрау салуы негізінде прокуратураға немесе сотқа берілуі мүмкін.";
11) 20-бап "келісімімен" деген сөзден кейін ", кәмелетке толмаған адам үшін - оның ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 21-баптың 2) тармақшасында "ішкі істер органдары" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2-баптармен толықтырылсын:
"21-1-бап. Әскери жиындардан өтуі кезінде әскери қызметшілердің, запастағы азаматтардың, әскери бөлімдердің, құрылымдар мен мекемелердің азаматтық персоналдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Әскери жиындардан өтуі кезінде әскери қызметшінің, запастағы азаматтардың, әскери бөлімдердің, құрылымдар мен мекемелердің азаматтық персоналдарының қауіпсіздігі әскери қызметті өткеру және әскери бөлімдердегі, құрамалар мен мекемелердегі жұмыстың ерекшеліктерін ескере отырып, осы Заңда белгіленген қауіпсіздік шараларын қолдану жолымен қамтамасыз етіледі.
Қорғалатын адамды жаңа әскери қызмет орнына, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органның әскери бөліміне немесе әскери мекемесіне ауыстыру, сондай-ақ, қорғалатын адамға қатер төндіруі ықтимал шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшіні, егер оның әрекетінде қылмыстың құрамы жоқ болса, басқа әскери бөлімге, басқа әскери мекемеге қызметке жіберу немесе ауыстыру сияқты қорғалатын адамға қатысты қауіпсіздік шаралары қолданылуы мүмкін.
Қорғалатын адамды қызметке жіберу және ауыстыру жазбаша түрде берілген оның келісімімен жүзеге асырылады. Ауыстыру кезінде әскери қызметші тең әскери лауазымға тағайындалады, бұл ретте оны негізгі немесе әскери есепке алу мамандығымен бірдей бейімде пайдалану қамтамасыз етілуі қажет.
Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын өзге органдар қорғалатын адамның қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде әскери бөлімнің басшылығына немесе әскери мекеменің бастығына көмек көрсетеді.
21-2-бап. Қамауда ұстаудағы немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қамауда ұстаудағы немесе қамауға алу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.";
14) 23 баптың жетінші абзацы "қылмыстық процесте" деген сөздерден кейін "қылмыстың алдын алуға және ашуға" сөздерімен толықтырылсын;
15) 26-баптың 3-тармағы "мүлікті сақтауға" деген сөздерден кейін "міндетті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға берілген мүлікті сатқан, басқа адамға берген, жоғалтқан немесе білдірген жағдайда қорғалатын адам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес материалдық жауаптылықта болады" деген сөздермен толықтырылсын;
16) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
"26-1-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуші органдардың құқықтары мен міндеттері
1. Қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдаушы органдар:
1) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылданатын адамдардың қауіпсіздігіне төнетін қатер туралы арыздар мен хабарламалар бойынша мемлекеттік органдарға, жеке және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға сұрау салуға және олардан қажетті мәліметтерді алуға;
2) қауіпсіздік шараларын жүзеге асырушы органдарға қажетті тапсырмалар беруге;
3) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы қаулымен таныстырған кезде қорғалатын адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге құқылы.
2. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асырушы органдар:
1) қорғалатын адамға қатысты іс жүргізу әрекеттерін қоспағанда, қажетті қауіпсіздік шараларын таңдап алуға, оларды қолдану тәсілдерін белгілеуге, қажет болғанда қауіпсіздік шараларын өзгертуге және толықтыруға;
2) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылданған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдарға, жеке және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға сұрау салуға және олардан қажетті мәліметтерді алуға;
3) қорғалатын адамнан қауіпсіздік шараларын қолдану шарттарын сақтауды, көрсетілген шараларды қолданумен байланысты заңды өкімдерді орындауды талап етуге;
4) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын органдарға қауіпсіздік шараларын қолдану немесе оларды алып тастау туралы ұсыныспен өтініш беруге;
5) заңмен белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге құқылы.
3. Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші органдар:
1) қауіпсіздік шараларын қолдануды қажет ететін өздеріне белгілі болған әрбір оқиғаға жедел ден қоюға;
2) қорғалатын адамға қатысты барлық қажетті қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруға;
3) қорғалатын адамдарға қатысты осы Заңда көзделген қауіпсіздік шараларын қолдану, өзгерту немесе алып тастау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты шешімдер қабылдау туралы оларға уақтылы хабарлауға міндетті.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті