Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 1238 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің  94-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  21-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында:
      реттік нөмірі 1-жолда:
      2) тармақшадағы "дауыстық ақпаратты сақтау және жазу жүйесін кеңейту;" деген сөздерден кейін "үздіксіз қоректендіру көзі; қозғалмалы объектілердің тұрған жерін автоматты түрде анықтау жүйесін кеңейту;" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады