Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 449 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1252 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1506 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1506 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 449 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 18, 201-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

      1-тармақта "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң)" деген сөздер Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті" деген сөздер "облыстың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "жеке немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақта "жеке немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақта:
      1), 2) тармақшаларында "техникалық" деген сөз алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу - шитті мақтаны; қабылдау, сақтау, тазалау және беру, мақта талшығы мен мақта тұқымын ақтау, беру жөніндегі технологиялық операцияларды қамтитын, мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет;";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға.";

      6-тармақта:
      2) тармақшада "заңды тұлға үшін - " деген сөздер алынып тасталсын;
      3), 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      8) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "жеке тұлға немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесінші абзац алынып тасталсын;
      "тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)" деген сегізінші абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
      "тиеу-түсіру тетіктерінің";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "өрт сөндіру құралдарының";
      "қоршау құрылыстарының";
      9) тармақшада:
      екінші абзацтағы "жеке тұлға немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      "тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)" деген алтыншы абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
      "тиеу-түсіру тетіктерінің";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "өрт сөндіру құралдарының";
      "қоршау құрылыстарының";
      10) тармақшада "жеке тұлға немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

      9-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      12-тармақтың бірінші абзацында "Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда," деген сөздер алынып тасталсын;

      14-тармақтың 2) тармақшасында "жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда," деген сөздер алынып тасталсын;

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялық бақылауды лицензиар жүзеге асырады.".
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      3) тармақшада:
      төртінші абзац алынып тасталсын;
      "тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)" деген жетінші абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
      "тиеу-түсіру тетіктерінің";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "өрт сөндіру құралдарының";
      4) тармақшада "орналасқан орыннан тыс жердегі" деген сөздер "тұрған жерден тыс орналасқан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)" деген алтыншы абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
      "тиеу-түсіру тетіктерінің";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "өрт сөндіру құралдарының";
      5) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.".

      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады