"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1308 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар
мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы

       1-бап.  "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N  13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат, 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) 6-баптың бесінші бөлігі "жоқ екендігі" деген сөздерден кейін "(бар екендігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 7-бапта:
      бесінші бөлік "Шағын" деген сөзден кейін ", орта және ірі" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгілейтін Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді.
      Бұл ретте тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша, нотариалдық тәртіппен куәландырылған өтініштің үш данасы беріледі.";
      3) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
      Өзінің қызметін Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса өтініш берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.";
      4) 11-баптың бірінші бөлігі "құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы" деген сөздерден кейін "не бір айлық есептік көрсеткіштен артық салық берешегінің болуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 14-баптың үшінші бөлігі "жоқ екендігі" деген сөздерден кейін "(бар екендігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш, заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың баспа басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалған тәртіппен заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелгені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат ұсынылады.";
      7) 16-баптың екінші бөлігінде:
      3) тармақшадағы "пен статистикалық карточка" деген сөздер алынып тасталсын;
      11) тармақшадағы "мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмілелерінің" деген сөздер алынып тасталсын.
       2-бап.  Осы Заң 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады