"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және халқының саны елу адамнан асатын телефондандырылмаған ауылдық елді мекендерді 100 пайыз телефондандыруға, сондай-ақ телекоммуникация желілерін ілеспелі жаңғыртуға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы халқының саны елу адамнан асатын телефондандырылмаған ауылдық елді мекендерді телефондандыру, сондай-ақ телекоммуникация желілерін ілеспелі жаңғырту жөніндегі, сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді беруші болып белгіленсін.
2. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы мен "Телеком - Инвест Самұрық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде 2000000000 (екі миллиард) теңге сомасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі