Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1342 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 2091 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.11 N 2091 Қаулысымен      

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 8, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы            бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

Бишімбаев                 - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қуандық Уәлиханұлы          және сауда вице-министрі;

      "Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич, Ахметов Тілеукен Зейнікенұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады