Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 793 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5950 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Б. Садықов

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 26 қарашадағы 
N 793 бұйрығымен     
бекітілген       

Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек және
медициналық көмек көрсету ережелері

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.06 № 18 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек және медициналық көмек көрсетудің осы Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық көмектің түрлерін көрсетудің тәртібін анықтайды.
      2. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
      3. Санитариялық авиация (бұдан әрі - санавиация) – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
      4. ЖМК көрсетілетін патологиялық жағдайлар:
      уақтылы медициналық жәрдем көрсетілмеген жағдайда өлімге алып келуі мүмкін, өмірге тікелей қауіпі бар;
      өмірге тікелей қаупі жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген уақытта басталуы мүмкін;
      өмірге қаупі жоқ, бірақ емдеу консультациясы және түзетуі қажет;
      науқас өміріне қауіпті емес жағдайда, бірақ өзіне және маңындағыларға;
      тікелей қауіп төндіреді.
      5. ЖМК көрсету қажетті емдік-диагностикалық жабдықпен, дәрі-дәрмектермен жарақтанған және дайындалған білікті медициналық қызметкерлермен жинақталған жылжымалы бригадалармен жүзеге асырылады.

2. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі.

      6. Жедел медициналық көмек ұйымы (станция, бөлімше) (бұдан әрі - ЖМКҰ) тәулік бойы ересектер мен балаларға науқастың және/немесе айналасындағылардың өміріне қауіп төнген жағдайда, бақытсыздық жағдайларда, жіті ауыр сырқаттарда, оқиға болған орындарда, басқа жерге орын ауыстырса да жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады.
      7. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында ЖМКҰ құрамында кіші станциялар ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет көрсету аудандары денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен шұғыл және жедел медициналық станцияның бас дәрігерінің ұсынуы бойынша бекітіледі. Кіші станциялар 15 минуттық көлікпен жете алатын есеппен ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет көрсету аймақтары халықтың санын, тығыз орналасуын және жас мөлшерінің құрамын, құрылыс ерекшеліктерін, ауданда өндіріс орындарының, ірі ауыл шаруашылық кешендерінің, көліктік желілерінің бар болуын және жағдайын, қозғалыс қарқындылығын және өңірдің басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып белгіленеді.
      8. ЖМКҰ жедел медициналық көмек көрсету жедел медициналық көмек жылжымалы бригадаларымен (бұдан әрі - ЖМК бригадасы) (фельдшерлік, дәрігерлік, мамандандырылған) – штат нормативтеріне сәйкес ұйымдастырылған ЖМКҰ функциональдық бірліктерімен жүзеге асырылады.
      9. ЖМК фельдшерлік жылжымалы бригадасы құрамына фельдшер, ("емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы бар, нақты мамандық бойынша жеке тұлғаға медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат маман сертификаты (бұдан әрі - сертификат) бар орта медициналық білімі бар маман.
      10. ЖМК дәрігерлік жылжымалы бригадасы құрамына дәрігер (жоғары медициналық білім, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы, "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.
      11. Қалалар мен аудан орталықтарында қызмет көрсетілетін қала немесе аудан халқының санына байланысты мамандандырылған бригадалар ұйымдастырылады:
      70 мыңнан аса тұрғын - интенсивті терапия бригадалары, сондай-ақ балаларға медициналық көмек көрсететін бригадалар;
      100 мыңнан аса тұрғын – тар бейінді мамандандырылған бригадалар (кардиологиялық, неврологиялық, акушериялық-гинекологиялық, реанимациялық, психиатриялық және басқалар).
      12. ЖМК мамандандырылған жылжымалы бригада құрамына дәрігер (жоғары медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы, "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар және мамандандырылған бригада бейіні бойынша маманданымы бар маман), фелдьшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.
      13. ЖМКҰ шақырту түскен кезде мынадай мәлімет жазып алынады:
      науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы;
      науқастың жағдайы туралы қысқаша, келеңсіз жағдайдың немесе ауру жөнінде мәлімет;
      нақты мекен – жайы және телефоны, кіре беріс есігінің коды, сондай-ақ науқас жатқан орынға жететін жол туралы мәлімет.
      14. Түскен шақырту сипаты, ауру бейіні бойынша өңделеді және ЖМК жылжымалы бригадасына жеткізіледі. Жылжымалы бригадалар:
      ЖМК көрсету үшін және бақытсыз жағдайларда, жарақаттарда және улануларда науқастарды тасымалдау үшін;
      ауруларда, оның ішінде психикалық, науқастың және оның айналасындағы тұлғалардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін ауруларда;
      босану кезінде және жүктілік ағымы асқынған жағдайларда;
      шұғыл медициналық көмекті талап ететін науқастарды ауруханаға тасымалдау үшін, оның ішінде алғашқы медико-санитариялық көмек ұйымының мамандарын шақырту бойынша бағытталады.
      ЖМК бригадаларының шығу регламенті- осы Ережеге қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес шақырту жеделдігі дәрежесінің тізімімен анықталады:
      жеделділік дәрежесі - 5 минутқа дейін;
      4-5 жеделділік дәрежесі - 20 минутқа дейін;
      6 жеделділік дәрежесі - 30 минутқа дейін.
      15. Жіті терапия мен мамандандырылған бригадалардың бағыты дәрігерлерді және орта медициналық қызметкерлерді шақыртумен қатар, тұрғындардың шақыртуларымен де жүзеге асады; алайда бұл жағдайда интенсивті терапия мен мамандандырылған бригаданы шақырған медициналық қызметкерлер шақырылған бригада келгенше қажетті медициналық көмекті көрсетуге міндетті.
      16. Зардап шегушілер мен науқастар емдеуге жатқызу (ургенттік клиникалар) тәртібін регламенттейтін денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдарының бұйрығына сәйкес емдеу мекемелеріне қаралу үшін жеткізілуі тиіс; қажет болған жағдайда өмірлік көрсеткіштері бойынша алдын-ала хабарлаудан соң жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізу жүзеге асырылады.
      17. ЖМК бригадасының стационардағы қабылдау бөлімінде болу уақыты (жауапты кезекші дәрігерге жәбірленуші немесе науқасты беру уақыты) ЖМЖ бригадасымен науқасты алып келу уақыты мен қабылдау бөлімшесі дәрігерінің науқасты қабылдап алуы уақытын шақырту картасына белгілеу уақытымен қоса алғанда 10 минуттан аспауы тиіс.
      18. Өміріне қауіп төндіретін аурумен пациентті немесе кәмелетке толмаған тұлғаны жедел стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тасымалдауда ЖМКҰ санитариялық автокөлігіне туысының (1 адамнан артық емес) бірге келуіне рұқсат етіледі.
      19. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес емдеуге жатқызуға көрсеткіштер жоқ болса немесе ауру емдеуге жатқызудан бас тартса учаскелік дәрігерге белгіленген нысанды дабыл парағы ресімделеді.
      20. ЖМКҰ халық жеке жүгінгенде немесе телефон арқылы станцияның (бөлімшенің) медициналық қызметкерлерімен медициналық көмек көрсетілген аурулардың немесе бақытсыз жағдайларда зардап шеккендердің қай жерде екендігі туралы тәулік бойы ауызша анықтамалар береді; жедел қызмет көрсету талап етілмейтін жағдайларда, ЖМКҰ ауысымының аға дәрігері пациентке медициналық көмек алу үшін жүгінуге медициналық ұйымның координаттарды (мекен-жайын, телефонын) ұсынады.
      21. Төтенше жағдайлар кезінде ЖМКҰ:
      апат медицинасы аймақтық орталығының нұсқауы бойынша әрекет етеді;
      ЖМЖ бригадаларын төтенше жағдай аймағына төтенше жағдайлар зардаптарын жою жұмысының жоспарына сәйкес бағыттайды;
      төтенше жағдайларды жою кезіндегі емдеу-эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді;
      қажетті санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шараларды бекітілген тәртіпте өтуін қамтамасыз етеді.
      22. ЖМКҰ:
      сот-медециналық қорытынды;
      масаю жағдайы мен психобелсенді заттар қолдану деректерін белгілеу үшін медициналық куәландыру қорытындысын;
      осы Ережелермен белгіленген жағдайлардан басқа пациенттер мен олардың туыстарына басқа да жазбаша анықтамалар мен қорытындылар береді.
      23. ЖМКҰ мынадай жағдайларда қызмет көрсетпейді:
      шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін кезде;
      алғашқы медико-санитариялық жәрдем көрсететін ұйымның жұмыс уақытында өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда медициналық жәрдем талап етушілерге;
      медициналық ұйымдармен тағайындалған диагностикалық және емдік емшараларды жүргізу қажет болғанда;
      шұғыл емдеуге жатқызуды қажет етпейтін жәбірленушілерді, науқастарды және жүктілерді тасымалдау;
      сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптаманы жүргізу.
      медициналық ұйымдарда консультативті көмек көрсету;
      стационардан науқастарды үйлеріне жеткізу;
      өлім актісін құру және куәландыру.
      24. ЖМКҰ шақыртуларды санитариялық авиация нысанында медициналық жәрдем көрсететін ұйымдарға мынадай жағдайларда жеткізеді:
      мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен (қалалардың, елді мекендердің әкімшілік шекаралары) анықталған қызмет көрсету аймақтарынан тыс жерлердегі науқастарға, жүктілерге және жәбірленушілерге;
      жедел және консультативтік-диагностикалық мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажет болған;
      шұғыл жағдайларда (қала сыртындағы автомагистральдағы жол көлік оқиғаларында, төтенше жағдайларда және т.б.) көрсетілетін медициналық жәрдем әсерін арттыру мақсатында.
      25. ЖМКҰ қызмет көрсететін көлік тану белгілермен (жарқыл шамшырақ, дыбыс дабылы және басқалар) жарақтануы тиіс.
      26. Санитариялық автокөлік жоспарлы санитариялық өңдеуден өтуі тиіс. Жұқпалы ауруларды тасымалдау кезінде санитариялық көлікті науқасты қабылдаған медициналық ұйым міндетті түрде дезинфекция жасауы тиіс.
      27. ЖМКҰ 100 мың тұрғынға 2 тіркелмелі қалалық телефон байланысымен, бірақ 2-ден аз болмауы тиіс (оның ішінде емдеу-профилактикалық мекемелері, Ішкі істер министрлігінің қызметтері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі), қалааралық байланыс телефонымен, сонымен қатар шақыртудағы көшпелі бригадаларымен радио байланыспен қамтамасыз етіледі.
      Жедел және шұғыл медициналық көмек барлық станциялары автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) жарақтануы тиіс.
      ЖМКҰ қызметіне халық ұялы немесе қалалық телефондар арқылы байланыса алады.
      28. ЖМКҰ және оның бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсету өздері келген жәбірленушілермен науқастарға көрсетіледі. Қажетті көрсеткіштер бойынша стационардың орнын басушы (үйдегі стационар) ұйымдастырылады.
      29. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 238 бұйрығына сәйкес ЖМКҰ штаттары жауапты облыстық денсаулық сақтау органдарымен бекітілген штаттық нормативтермен типтік нормативтерге сәйкес белгіленеді.

3. Санитариялық авиация нысанындағы жедел медициналық
көмек көрсету тәртібі

      30. Санавиация жердегі автокөлікті немесе ауа санитариялық автокөлікті пайдаланып тегін медициналық көмек шеңберінде мамандандырылған мамандарды науқас жатқан жерге немесе диагностикалық, емдеу және консультациялық көмек көрсету үшін сәйкес медициналық ұйымға жеткізуді қамтамасыз етеді.
      31. Санавиация қызметтері:
      транспорттық қызметтерді (мамандарды пациент орналасқан жерлерге жеткізу, пациентті тасымалдау).
      медициналық қызметтерді қосады.
      32. Ауа санитариялық авиакөлік (тік ұшақ, ұшақ):
      жету қиын аудандарда;
      санавиацияның ауа көлігіне қызмет көрсететін медициналық ұйымнан 150 км-ден аса орналасқан науқастарды, босанушыларды, жәбірленушілерді тасымалдау немесе жеткізу үшін;
      жарақат, улану, айналадағы адамдармен өзінің өміріне, денсаулығына зиян келтіретін, диагноз қою қиын болған жағдайларда шақыру түскен жерлерге шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан санатталған мамандарды жеткізу үшін;
      медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда немесе облыстық,қалалық деңгейде медициналық ұйымдарға қажетті қызмет түрі болмағанда, науқасты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу үшін;
      қала сыртындағы автомагистральдарда болған жол көлік оқиғалары кезінде ЖМК көрсету үшін қолданылады.
      33. Санавиация бөлімшелері дәрігерлік санавиация бригадаларының әрдайым дайын болуын және оперативті басқаруды қамтамасыз ету мақсатында астанада, республикалық мәні бар қалаларда, облыс орталықтарында ұйымдастырылады және тәулік бойы жәрдем көрсететін медициналық ұйымдардың (республикалық, облыстық қалалық көп бейінді клиникалар, ЖМК станциялары) арнайы тік ұшақ қонуға арналған орнымен жабдықталады.
      34. Санавиация бөлімшелерінің қызмет көрсету аймақтары Денсаулық сақтау уәкілетті органымен келісілу бойынша тұрғындардың санына, халықтың тығыз орналасуына, жас мөлшерінің құрамына, ауқымдық ерекшеліктерін, көліктік магистральдар жағдайы мен орналасуына, қозғалыс қарқындылығын есепке ала отырып денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен анықталады, авиакөлікте оқиға болған жерге 2 сағатта жетуі тиіс.
      35. Санавиация бөлімшелерінің қызметі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен анықталатын Санавиация жөніндегі Республикалық Үйлестіруші Орталықпен (бұдан әрі – Республикалық Үйлестіруші Орталық) үйлестіріледі.
      36. Шұғыл және жедел медициналық көмек санавиациялық бөлім меңгерушісімен құрылған штаттық және шақырылған мамандардан құрылған санавиация бригадаларымен жүзеге асырылады.
      37. Санитариялық авиация жылжымалы бригадасының қызметі штатының құрамына дәрігер (жоғарғы медициналық білімі, "Емдеу ісі" немесе "Педиатрия" мамандығы бойынша дипломы, "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші (ұшқыш) кіреді. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жоғарғы медициналық білімі, емдеу ісі және педиатрия мамандығы бойынша дипломы бар, бейінді мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар мамандар жұмылдырылады.
      38. Айғақтары бойынша Республикалық Координациялық Орталықтан дәрігер-мамандардан құралған мобильді бригадалар жоғары мамандандырылған және жоғарғы білікті медициналық көмекті Қазақстан Республикасының ауқымында тәулік бойы көрсетуге дайын болуы тиіс.
      39. Санитариялық авиация қызметін шақыру мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының сұранысы негізінде жүзеге асырылады. Жедел жағдайлар кезінде (жол көлік оқиғалары, бақытсыз жағдайларда) санитариялық авиацияны шақыру, сондай-ақ медициналық қызметкерлермен, зардап шегушілермен және оқиға куәгерлерімен жүзеге асырылады.
      40. Санавиация қызметіне медициналық ұйымдардан сұраныс келіп түскенде диспетчер:
      санавиация бөлімі меңгерушісімен, қажет жағдайда бейінді маманмен байланыс орнатады;
      шұғыл, жедел мамандандырылған және жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарға жіберілетін пациент туралы ақпарат жеткізеді;
      жіберуші мен қабылдаушы ұйым арасында қажет болғанда байланыс орнатады.
      санитариялық авиакөліктің дұрыс орналаспаған жерге бригадаларды жеткізуді ұйымдастырады;
      қабылдаушы медициналық ұйымға пациенттің, босанушының немесе жәбірленушінің жеткізілуін, бригаданың белгіленген орынға жеткізілуі туралы мәліметке сұрау салады.
      41. Санавиация бөлімшесінің меңгерушісі:
      ауру сипатын, науқастың немесе босанушының жағдайын нақтылайды;
      қажет жағдайларда науқасты, босанушыны және жәбірленушіні тасымалдауға нұсқауларды, тасымалдау уақытында қосымша жабдықтар қажеттілігін, қабылдаушы республикалық, облыстық, қалалық ұйымдарды анықтайды;
      тасымалдауға кері көрсеткіштер болған жағдайда (ауру ағымы мен ауырлығын тереңдететін дәрігерлер консиллиумымен анықталған жағдайлар-шоктың барлық түрлері, жедел жүрек жетіспеушілігі, тұрақсыз гемодинамика, жалғасқан қан кетулер т.б.) баратын орынға көрсетілген шұғыл және жедел медициналық көмек болжамалы көлемін есепке ала отырып мамандандырылған мамандарды жеткізу мақсатында бригадаларды құрастырады;
      мамандарды немесе науқасты белгіленген орынға тасымалдау түрлері туралы шешім қабылдайды, шешім қабылдауда қашықтық, көліктік магистральдардың жағдайын, қозғалыс интенсивтілігін, шұғыл және жедел медициналық көмектің болжамалы көлемін есепке алады;
      санитариялық автокөлік пайдаланатын жағдайда құралған бригаданы белгіленген орынға жеңіл автокөлікпен, (орында көрсетілетін медициналық жәрдем мен консультациялық көмек көрсету үшін), санитариялық автомобильмен немесе реанимобильмен (тасымалдау мақсатында) жіберіледі;
      санитариялық авиакөлікті пайдалану туралы шешім қабылдағанда, ұшуға тапсырма құралып ауқымдық авиациялық қызмет ұйымына хабарлайды;
      қажет болған жағдайда Республикалық Үйлестіруші Орталықтың келісімімен республикалық деңгейдегі санавиацияның мобильді бригадасын шақыртады;
      шұғыл медициналық көмектің әсерін жоғарылату мақсатында Төтенше жағдайлар қызметімен жұмысты үйлестіру мен шақыру қажетттілігін анықтайды.
      42.Санитариялық авиацияның барлық бөлімдері тұрақты қалалық және қалааралық байланыс телефонымен, медициналық ұйымдармен, Ішкі істер министрлігімен, ТЖ жөніндегі министрлікпен, Қорғаныс министрлігімен, Әділет министрлігімен, авиакомпаниялармен байланысу үшін, сонымен қатар бригадалармен радиобайланыс және навигациялық жүйемен қамтамасыз етіледі.
      43. Санавиациялық бөлімдеріне қызмет көрсететін санитариялық жердегі және авиакөліктер біркелкі ажыратушы белгілермен жарақтануы тиіс.
      44. Төтенше жағдайлар кезінде санитариялық авиация бөлімдері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ауқымдық апат медицинасы орталығының бұйрығымен әрекет етеді.
      45. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес санитариялық авиация бөлімшелері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген нысандар бойынша есепке алу – есептілік құжаттамасын жүргізеді.
      46. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 238 бұйрығына сәйкес санитариялық авиацияның бөлімшелерінің штаттары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тұрпатты штаттар және штат нормативтерімен белгіленеді.
      47. Санитариялық авиацияның Республикалық Үйлестіру Орталығына ағымдағы жылға арналған қызметінің көлемін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі анықтайды.

Санитариялық авиация нысанында
жедел медициналық көмек және
медициналық көмек көрсету 
ережесіне қосымша      

Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың
жеделділік санатының тізімі

Санаты Шақыртудың себебі Жасы Науқастың орналасқан жері
1-жеделдік санаты (5 минутқа дейін)

1

кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаттануы


көше, қоғамдық орын

1

бастың, мойынның жарақаттануы (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

1

оқ дәрімен жарақаттану


көше, қоғамдық орын

1

ұлғайған термиялық жарақат


көше, қоғамдық орын

1

беттің, тыныс алу жолдарының күйігі


көше, қоғамдық орын

1

аяқ-қолдың жарақаттық ампутациясы


көше, қоғамдық орын

1

көптеген, қосалқы жарақат


көше, қоғамдық орын

1

тұншығу (аллергия)

балалар

көше, қоғамдық орын

1

құрысқақ (жоғары температура)

балалар

көше, қоғамдық орын

1

құрысқақ (улану)

балалар

көше, қоғамдық орын

1

қан құсу


көше, қоғамдық орын

1

босану, қан кету


көше, қоғамдық орын

1

босану, су кету + қансырау


көше, қоғамдық орын

1

іш ауру + құсу


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (бронх демікпесі)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (қақалу)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (иіс тию)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (диабет)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (есірткі мөлшерін артық қабылдау)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (жарақат)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (кардиологиялық ауру)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (жоғары температура)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (талма)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (улану)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (суға кету)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (жіті қан кету)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (анафилаксиялық шок)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (асылу)



1

ЖКО (1-2, ересектер)



1

ЖКО (1-2, балалар бар)



1

ЖКО (2-ден көп, ересектер)



1

ЖКО (2-ден көп, балалар бар)



1

жүргіншіні соғып кету



1

өрт (1-2, ересектер)



1

өрт (1-2, балалар бар)



1

өрт (2-ден көп, ересектер)



1

өрт (2-ден көп, балалар)



1

жарылыс, ТЖ (1-2, ересектер)



1

жарылыс, ТЖ (1-2, балалар бар)



1

жарылыс, ТЖ (2-ден көп, ересектер)



1

жарылыс, ТЖ (2-ден көп, балалар)



1

теракт қаупі бар жағдайдағы кезекшілік



1

жоғарыдан құлау (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2-жеделділік санаты (5 минутқа дейін)

2

соғып алу, аяқ-қолдың сынуы


көше, қоғамдық орын

2

кеуде қуысының, құрысақтың, арқаның жарақаты


көше, қоғамдық орын

2

бастың, мойынның жарақаты (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кетпеген)


көше, қоғамдық орын

2

аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кету)


көше, қоғамдық орын

2

кеуде қуысының, құрысақтың, арқаның жарақаттануы



2

тістелген жарақат


көше, қоғамдық орын

2

бастың, мойынның жарақаттануы (есін жоғалтпаған)



2

тамырын тілу


көше, қоғамдық орын үйде

2

ұрып кеткен (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

оқ дәрімен жарақаттану



2

ұлғайған термиялық жарақат



2

беттің, тыныс алу жолдарының күйігі



2

көз жарақаты


көше, қоғамдық орын

2

аяқ-қолдың жарақаттық ампутациясы



2

жыныс мүшелерінің жарақаты


көше, қоғамдық орын

2

электр жарақаты (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын үйде

2

көптеген, қосалқы жарақат

балалар


2

алкогольден, суррогаттан улану


көше, қоғамдық орын

2

қақалу (есін жоғалтпаған)

балалар

көше, қоғамдық орын

2

иіс тию (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

улармен улану (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

дәүрілермен улану (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

сірке суымен улану


көше, қоғамдық орын

2

улану (белгісіз) (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

аритмия


көше, қоғамдық орын

2

кеудесі ауру (анамнезде ГА)


көше, қоғамдық орын

2

ГА ауыратын науқаста көтеріңкі АҚ


көше, қоғамдық орын

2

көтеріңкі АҚ


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА)


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА)

60 дейін

көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (кардио ауру)


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды)

балалар

көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (ЖИА қауіп-қатері)


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (қайталанған жүгіну)


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (белгісіз этиологиядан)


көше, қоғамдық орын

2

аритмия (қайталанған жүгіну)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (бронх демікпесі)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (бронхит, пневмония)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (аллергия)

ересектер

көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (аллергия)

балалар


2

тұншығу (кеуде қуысының жарақаты)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (кардио ауру)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (зоб)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ, абстинен. синдромы (алког)


көше, қоғамдық орын

2

сал болды (анамнезде ГА)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақтар (диабет)


көше, қоғамдық орын

2

сал болды


көше, қоғамдық орын

2

кенеттен сал болды


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (жоғары температура)

ересектер

көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (жоғары температура)

балалар


2

құрысқақ, абстинен. синдромы (есірткі)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (жиі нәжіс)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (құсу)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (улану)

ересектер

көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (улану)

балалар


2

эпилепсия (талма)


көше, қоғамдық орын

2

қан құсу



2

уланудан кейінгі қан кету


көше, қоғамдық орын

2

ішектен қан кету


көше, қоғамдық орын

2

босану, су кету


көше, қоғамдық орын

2

босану, қан кету



2

босану, су кетті + қан кету



2

іш ауруы + ішектік қан кету


көше, қоғамдық орын

2

іш ауруы + құсу



2

температура + тұншығу


көше, қоғамдық орын

2

ГА науқаста құсық


көше, қоғамдық орын

2

Квинке ісігі

балалар


2

температура + бөртпе

балалар

балалар

2

ессіз (бронх демікпесі)



2

ессіз (қақалып қалды)



2

ессіз (иіс тиді)



2

ессіз (диабет)



2

ессіз (нарко мөлшерін артық қабылдау)



2

ессіз (жарақат)



2

ессіз (кардио ауру)



2

ессіз (жоғары температура)


көше, қоғамдық орын

2

ессіз (онко)



2

ессіз (талма)



2

ессіз (уланды)



2

ессіз (суға кету)



2

ессіз (себебі белгісіз)



2

ессіз (жіті қан кету)



2

ессіз (анафилаксиялық шок)



2

ессіз (асылып қалды)



2

есірткіні мөлшерінен көп қабылдау


көше, қоғамдық орын, үйде

2

ЖКО (кезекшілік)



2

өрт (кезекшілік)



2

жарылыс, ТЖ (кезекшілік)



3-жеделділік санаты (5 минутқа дейін)

3

жоғарыдан құлау (есін жоғалтпаған)



3

соғып алу, аяқ-қолдың сынуы



3

кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаты



3

бастың, мойынның жарақаты (есін жоғалтпаған)



3

аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кетусіз)



3

аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кетумен)



3

тістелген жарақат



3

ұрып кету (есін жоғалтпаған)



3

шектелген термиялық жарақат


көше, қоғамдық орын

3

көз жарақаты


үйде

3

құлақ жарақаты


көше, қоғамдық орын

3

жыныс мүшелерінің жарақаты



3

бұрынғы жарақат, нашарлану


көше, қоғамдық орын

3

алкогольден, суррогаттан улану


көше, қоғамдық орын

3

алкогольден, суррогаттан улану

балалар


3

қақалып қалу (есін жоғалтпаған)



3

иіс тию (есін жоғалтпаған)



3

улармен улану (есін жоғалтпаған)



3

дәрілермен улану (есін жоғалтпаған)



3

тамақтан улану


көше, қоғамдық орын

3

сірке суынан улану

ересектер

көше, қоғамдық орын

3

сірке суынан улану

балалар


3

улану (белгісіз)(есін жоғалтпаған)



3

аритмия



3

кеуденің ауруы (анамнезде ГА)



3

кеуденің ауруы (алкогольді теріс пайдалану)


көше, қоғамдық орын

3

ГА ауыратын науқаста көтеріңкі АҚ



3

көтеріңкі АҚ



3

кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА)



3

кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА)

60 дейін


3

кеуденің ауруы (кардио ауру)



3

кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды)

ересектер

көше, қоғамдық орын

3

кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды)

балалар


3

кеуденің ауруы (ЖИА қауіп-қатері)



3

кеуденің ауруы (қайталанған жүгіну)



3

кеуденің ауруы (белгісіз этиологиядан)



3

аритмия (қайталанған жүгіну)



3

тұншығу (бронх демікпесі)



3

тұншығу (бронхит, пневмония)



3

тұншығу (аллергия)

ересектер


3

тұншығу (кеуде қуысының жарақаты)



3

тұншығу (кардио ауру)



3

тұншығу (онкология)


көше, қоғамдық орын

3

тұншығу (туберкулез)


көше, қоғамдық орын

3

тұншығу (себебі белгісіз)



3

тұншығу (зоб)



3

құрысқақ, абстинен.синдромы (алког)



3

сал болу (анамнезде ГА)



3

құрысқақ (диабет)



3

сал болу



3

кенеттен сал болу



3

құрысқақтар (жоғары температура)

ересектер


3

құрысқақтар, абстинен. синдромы (есірткі)



3

құрысқақтар (жиі нәжіс)



3

құрысқақтар (құсу)



3

құрысқақтар (себебі белгісіз)



3

құрысқақтар (улану)

ересектер


3

эпилепсия (талма)



3

селкілдеу (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

3

варикоз тамырларынан қан кету


көше, қоғамдық орын

3

әйелдердің жыныстық жолдарынан қан кету


көше, қоғамдық орын

3

қан құсу


көше, қоғамдық орын

3

уланғаннан кейінгі қан кету


көше, қоғамдық орын

3

әйелдердің жыныстық жолдарынан қан кету


көше, қоғамдық орын

3

ішектік қан кету



3

қан құсу



3

босану, су кету



3

асқынуларсыз босану



3

іш ауруы



3

іш ауруы + ішектік қан кету


көше, қоғамдық орын

3

бүйректік шаншу


көше, қоғамдық орын

3

бүйір, бел ауруы


көше, қоғамдық орын

3

психоз? шақырту аға дәрігермен қабылданды


көше, қоғамдық орын

3

бас ауруы (глаукома)


көше, қоғамдық орын

3

төмен қысым, бас айналу


көше, қоғамдық орын

3

температура + тұншығу



3

температура + құсу

балалар


3

температура + іш өту

балалар


3

құсу, бөртпе (аллергия)

балалар


3

жүкті әйелдің құсуы


көше, қоғамдық орын, үйде

3

құсу (қант диабеті)


көше, қоғамдық орын

3

Квинке ісігі

ересектер


3

температура + бөртпе

балалар


3

құсу (неврологиялық ауру)

балалар


3

жіті ауру немесе аяқ-қолдың ісігі


көше, қоғамдық орын

3

адам нашар жағдайда (диабет)


көше, қоғамдық орын

3

адам нашар жағдайда (онко ауру)


көше, қоғамдық орын

3

есірткіні мөлшерінен артық қабылдау


көше, қоғамдық орын

3

сірке суынан улану



3

адам нашар жағдайда (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

3

тамақтың бөгде заты



3

жәндіктердің, жыланның және т.б. шағуы



4-жеделділік санаты (20 минутқа дейін)

4

шектелген термиялық жарақат



4

қулақ жарақаты



4

алкогольден, суррогаттардан улану



4

құлақтың бөгде заты



4

кеуденің ауруы (алкогольді теріс пайдалану)



4

кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды)

ересектер


4

ГА ауыратын науқастың құсуы



4

селкілдейді (себебі белгісіз)



4

варикоз тамырларынан қан кету



4

тісті жұлғаннан кейінгі қан кету


көше, қоғамдық орын

4

асқынуларсыз босану



4

іш ауруы



4

құсық + іш өту



4

бүйректік шаншу



4

психоз шақырту аға дәрігермен қабылданды



4

бас ауруы (глаукома)



4

төмен қысым, бас айналу



4

бас ауруы (бас жарақаты болған)



4

босанғаннан кейінгі температура



4

құсу, бөртпе (аллергия)құсу, бөртпе (аллергия)

ересектер


4

құсу (қант диабеті)



4

температура + бөртпе

ересектер

көше, қоғамдық орын

4

құсу (неврологиялық ауру)

ересектер


4

бөртпе

балалар


4

құсу



4

медициналық араласудан кейінгі аурулар, ісіктер



4

асқынған геморрой


көше, қоғамдық орын

4

аяқ-қолдың ауруы (кардиологиялық ауру)



4

аяқ-қолдың жіті ауруы және ісіктер



4

адам нашар жағдайда (диабет)



4

адам нашар жағдайда (себебі белгісіз)



4

адам нашар жағдайда (себебі белгісіз)

балалар


4

ессіз (онкологиялық ауру)



4

бал. реанимациясынан өзіне шақырту



4

балаларға арналған бригаданы өзіне шақырту



4

дәрігерлер бригадасын өзіне шақырту



4

фельшерлік бригаданы өзіне шақырту



5-жеделділік санаты (20 минутқа дейін)

5

құлақтың бөгде заты



5

бұрынғы жарақат, нашарлану



5

көздің бөгде заты



5

тамақтан улану



5

температура + құсу



5

температура + іш жүру



5

іш жүру



5

құсу + іш жүру



5

жыныс мүшелерінің ісігі



5

басқа да бөгде заттар



5

can болған адам жағдайының нашарлануы



5

қанмен несеп

ересектер

көше, қоғамдық орын

5

қанмен несеп

балалар


5

мұрыннан қан кету

ересектер


5

мұрыннан қан кету

балалар


5

тісті жұлғаннан кейінгі қан кету



5

тұншығу (онкология)



5

тұншығу (туберкулез)



5

бүйір, бел ауруы



5

медициналық араласулардан кейінгі температура



5

температура (мастит?)



5

медициналық араласулардан кейінгі аурулар, ісіктер



5

жыныс мүшелерінің ісігі

ересектер


5

алкогольден масаю



6-жеделділік санаты (30 минутқа дейін)

6

емханада медициналық бөлімшеде көмек корсету



6

несептің жіті кідірісі



6

бас ауруы (абстинен.-алкоголь)



6

түтік қашыртқы құлап қалды



6

ИТБ арналған жедел тасымал



6

балалар реанимациясына арналған жедел тасымал



6

балалар бригадасына арналған жедел тасымал



6

кардиоға арналған жедел тасымал



6

дәрігерлік бригадаға арналған жедел тасымал



6

реанимацияға арналған жедел тасымал



6

фельдшерлік бригадаға арналған жедел тасымал



6

ИТБ стационарға стационардан тасымалдау



6

балалар реанимациясына стационарға стационардан тасымалдау



6

балаларған арналған стационарға стационардан тасымалдау



6

кардиологияға стационардан стационарға тасымалдау



6

стационардан стационарға тасымалдау



6

реанимацияға стационардан стационарға



6

тасымалдау



6

стационардан стационарға тасымалдау



6

бас ауруы, температура



6

бас ауруы (абстинен.-есірткі)



6

құлақ аурады



6

құлақ аурады



6

бас ауруы



6

температура + тамақта аурулар



6

температура + жөтел



6

температура + құлақта ауру



6

асқынуларсыз температура



6

температура + бөртпе

ересектер


6

құсу (онкологиялық ауру)

балалар

көше, қоғамдық орын

6

бөртпе



6

адам нашар жағдайда (онко ауру)



6

бұқаралық іс-шаралардағы кезекшілік



6

бағыттас шақырту



6

ИТБ арналған белсенді шақырту



6

балалар реанимациясына арналған белсенді шақырту



6

балалар бригадасына арналған белсенді шақырту



6

кардиоға арналған белсенді шақырту



6

дәрігерлік бригадаға арналған белсенді шақырту



6

реанимацияға белсенді шақырту



6

фельдшерлік бригадаға белсенді шақырту



      Ескертпе: "науқастың орналасқан жері" бағанында арнайы нұсқау жоқ болса, пациент үйде немесе басқа жерде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады