Халықтың радиациялық қауіпсіздігі және радиобиология проблемалары жөніндегі комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы N 20 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 43 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13. N 43 Қаулысымен.

      Радиобиологияның өзекті проблемаларын шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін және мемлекеттік органдардың халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықтың радиациялық қауіпсіздігі және радиобиология проблемалары жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 20 қаңтардағы
N 20 қаулысына  
қосымша      

Халықтың радиациялық қауіпсіздігі және радиобиология
проблемалары жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.28.  N 1281 Қаулысымен.

Мыңбаев                - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы      Энергетика және минералдық
                         ресурстар министрі, төраға

Жантикин               - Қазақстан Республикасы
Тимур Мифтахұлы          Энергетика және минералдық
                         ресурстар министрлігі Атом
                         энергетикасы комитетінің төрағасы,
                         төрағаның орынбасары

Лукашенко              - "Қазақстан Республикасының
Сергей Николаевич        Ұлттық ядролық орталығы"
                         республикалық мемлекеттік
                         кәсіпорны Радиациялық қауіпсіздік
                         және экология институтының
                         директоры, хатшы (келісім бойынша)

Сәрсенов               - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Бауыржан Нұрланұлы       сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
                         төрағасының орынбасары

Сәкиев                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Қанат Зекенұлы           министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-
                         эпидемиологиялық қадағалау комитеті
                         төрағасының орынбасары

Байбеков               - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мырзақасым Ниязбекұлы    бюджеттік жоспарлау министрлігі
                         Экономика салаларын дамыту
                         департаментінің директоры

Шәріпов                - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Мәжит Бейсембайұлы       минералдық ресурстар министрлігі Ядролық
                         энергетика және атом өнеркәсібі
                         департаментінің директоры

Веснин                 - Қазақстан Республикасы
Виктор Николаевич        Төтенше жағдайлар министрлігінің
                         Төтенше жағдайларды және
                         өнеркәсіптік қауіпсіздікті
                         мемлекеттік бақылау комитеті
                         төрағасының орынбасары

Могильный              - Қазақстан Республикасы Білім
Валерий Валентинович     және ғылым министрлігінің
                         Ғылым комитеті төрағасының
                         орынбасары

Брагин                 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Александр Геннадьевич    қорғау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету
                         және халықаралық ынтымақтастық
                         департаментінің директоры

Қадыржанов             - "Қазақстан Республикасы
Қайрат Камалұлы          Ұлттық ядролық орталығы"
                         республикалық мемлекеттік
                         кәсіпорнының бас директоры
                         (келісім бойынша)

Қазымбет               - "Астана медицина университеті" акционерлік
Полат Қазымбетұлы        қоғамы Радиобиология ғылыми орталығының
                         директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 қаңтардағы
N 20 қаулысымен  
бекітілген     

  Халықтың радиациялық қауіпсіздігі және радиобиология
проблемалары жөніндегі комиссия туралы
ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Халықтың радиациялық қауіпсіздік мәселелері және радиобиология проблемалары жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Комиссияның негізгі міндеті министрліктер мен ведомстволардың халықтың радиациялық қауіпсіздігі және радиобиология проблемалары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      4. Комиссияның функциялары:
      1) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау;
      2) ведомстволық жұмыс жоспарларын үйлестіру арқылы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, радиоэкология және радиобиология саласындағы проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) радиациялық қауіпсіздіктің, радиоэкологияның және радиобиологияның өзекті мәселелерін қарау және оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да ұйымдарынан Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтің радиациялық-қауіпті түрлерімен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін Комиссияның отырысына шақыруға және тыңдауға құқылы.

  4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      7. Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындау және отырыстардан кейін хаттамаларды ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      8. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      9. Комиссия хатшысы отырысқа дейін үш күннен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жібереді.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.

      11. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олар өткізілетін уақыт пен орынды Комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерінің келісімі бойынша анықтайды және нақтылайды.

      12. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады, хаттамалармен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. 
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.

      13. Комиссия шешімдері Комиссия отырыстарының хаттамалары түрінде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жеткізіледі.

      14. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады