Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 101 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 22, 224-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      "Коммуналдық қызметтер саласындағы қатынастарды жетілдіру" деген 3-кіші бөлімде:
      5-бағандағы реттік нөмірі 3.1-жолдағы "2007 жылғы III тоқсан" деген сөздер "2008 жылғы 1-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады