Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 109 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1-тармақта:
      Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:
      Бишімбаев             - Қазақстан Республикасының Индустрия
      Қуандық Уәлиханұлы      және сауда вице-министрі

      Бөрібаев              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
      Асқар Ысмайылұлы        және ақпарат вице-министрі

      көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады