Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 144 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 499  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 352  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары):
      "1. Әр түрлі мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын құруға және ұшыруға арналған негіздерді әзірлеу" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2007 жылғы IV тоқсан";
      "2. Әр түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыруға және басқаруға арналған жер үсті инфрақұрылымын дамыту" деген бөлімнің 16-жолы алып тасталсын;
      "3. Қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы кезінде Халықаралық ғарыш станциясының бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер бағдарламасын әзірлеу" деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттері бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу";
      19-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сұйық және қатты күйіндегі металл қорытпаларында термодиффузияны зерделеу";
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "110,452, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 50,0; 2006 - 40,0; 2007 - 20,452";
      реттік нөмірі 21-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғары организмдер геніне ғарыштық ұшыру жағдайына ұқсас факторлар әсерінің молекулярлық-биологиялық тетіктерін зерттеу және ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы төзімді желілерін құру";
      реттік нөмірі 22-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғары күш түсуі жағдайында адамды қорғаудың химиялық, биохимиялық және психофизиологиялық әдістерін әзірлеу";
      реттік нөмірі 23-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Адам организмінің бейімделу мүмкіндіктерін арттыратын, бағытталған медициналық-биологиялық қасиеттері бар биологиялық белсенді қоспалар мен мамандандырылған өнімдер әзірлеу";
      көрсетілген Іс-шаралар жоспарынан кейінгі мәтінде:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар барлығы 44364,75 млн. теңгені құрайды.";
      "Республикалық бюджет барлығы 44064,75 млн.теңге, оның ішінде 2005 жылы - 14861,2 млн.теңге.";
      алтыншы абзац алып тасталсын;
      Ескертуде "АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешені" деген жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады